Дипломдық жұмыс. XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы

0

+Дип. XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы

ЖОСПАР

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………….

 

  1. XV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін

жүргізілген күрестері……………………….

1.1.Сыр өңірі үшін күрестің себептері………………………………..

1.2.Сыр өңірі үшін жүргізілген күрестің барысы, нәтижелері………..

 

  1. XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы

жорықтары……………………………………….

2.1.Қасым ханның билікке келуі………………………………………..

2.2.Қасым ханның Батыстағы жүргізілген саясаты…………..

 

Қорытынды…………………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………

КІРІСПЕ

 

Түбі  бір  түркі  халқының  тарихында  ел  мақтап,  жұрт  жақтаған,  талайдың  көңілінен  шыққан,  елі  мен  жері  үшін  жүрегін  жұлып  беруге  даяр  болған,  өмір  бойы  ел  мерейінің  биік  болуын  аңсаған  ұлдары  мен  қыздары  өте  көп  болған. Олардың  кейбіреулері  ел  есінде, жұрт  жадында  мәңгіге  сақталса, енді  біреулері  заманның  талабы  мен  тағдырдың  тәлкегіне  сай  есімдері  мәңгілікке  уақыт  еншісінде  қалып  қойған  тұлғалар. Ұлы  адамдардың  үшінші  бір  тобы  бар, бұл  кісілер  өз  еркімен  емес  өзгенің  қалауымен  жаман  шекпен  жабынып, жоқ  жерден  жасаған  жақсылықтары  жойылып, масқараланып, елдің  жеккөрініштілеріне  еріксіз  айналған  адамдар. Өкінішке  орай  ондай  тұлғалар  Отан  тарихында  өте  көп. Бұлай  болуының  өзіндік  себебі  бар, еліміз  тағдырдың  ең  ауыр  да,  сорақы  тәлкегіне  салынып,  екі  жарым  ғасыр  бойы  бодан  болып  келді. Бұл  сөздің  атауы  қандай  жаман  болса, заты  да  сондай  жаман. Ең  ауыр  тигені  елдің  бір  ғасырға  жуық  уақыт  бойына  тоталитарлық  жүйеде  өмір  сүруі. Бұл  кезеңде  елдің  ғылымы  да,  білімі  де, діні  де,  тілі  де  өзгенің  толық  ықпалында  болды.  Осы  кезде  елдің  көптеген  ардақты  да  талантты  ұл – қыздарына  жала  жабылып, халыққа  жаман  келбетте  көрсетілді.Бұл  кезеңде  Ел  тарихының  көптеген   мәселелері  зерттелмей  қалды. Жақсы  зерттелмей  қалды, бар  болғаны  Чулошников, Вельяминов-Зернов, Левшин, Юдин, Кунте, Семенов, Иванов  сияқты  орыс  тарихшылары  аздаған  мәліметтер  береді.

Ал  Отандық  тарихшылар  Сүлтанов, Қозыбаев, Кәрібаев, сияқты  тарихшылар  мәселеге  жаңаша  көзқараспен  қарап,  ұлттық  тұрғыдан  жазып  көрсетті.

Дәл  осы  себепті  бітіру  жұмысын  жазу  барысындағы                 менің  алдыма   қойған  ең  басты  мақсатым   Қасым  ханның саяси-   тарихи  аренадағы  алғашқы  қадамдарынан  ақырғы  күніне  дейінгі  аралықтағы тарихи  құбылыстарды  шынайы  баяндау. Қасым  ханның  шынайы  келбетін  ашып  көрсетіп.

Енді  осы  мақсатқа  жету  үшін  орындайтын  негізгі  міндеттеріме  тоқталып  кетейін. Ең  алдымен XV-XVI ғғ.  жағдайды  толық  баяндап, Қасым  ханның  тарих  аренасына  шығуын  анықтау. Оның  билікке          келу  тарихын  баяндау. Қазақ  хандығының  күшейюін  деректер  негізінде   дәлелдеу. Отан  тарихшылары  мен орыс  тарихшыларының  берген  бағаларын  салыстырмалы  түрде  қарастырып  оған  өз  тарапымнан         баға  беру.

Тақырыптың  деректік  негізіне  тоқтала  кетейін. Ең  алдымен   Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарихи  Рашиди(хақ  жолындағылар  тарихы)», Фазлаллах  ибн  Рузбихан  Исфахани  «Мехман  наме  Бухара», «Тарихи Гузидаи  Нусратнаме», Өтеміс  қажының  «Шайбани  наме», «Зубдад  әл  асар»  сияқты  шығыс  авторларының  еңбектері,  сол сияқты  «Книга   большому  чертежу», Энтони  Джэнкинсон, Бергерштэйн, Иовии, Никондық  жылнама, Ростовтық  жылнама, Рогождық  жылнама  және  басқалары. Бұл  жылнамалардың  барлығы  «П С Р Л» – яғни орыс  жылнамаларының  толық  жинағы  деген  атаумен  Археограф. Коммисс.  баспасынан  шыққан.  міне осы  аталған  еңбектер  мәселенің  дерек  көзі  болып  табылады.

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  де  тақырып  зерттеле  бастады.. Тарихшылар  еңбектерінде  көрініс  тауып  жүр.  Талас  Омарбеков  ақырғы  кездерде  деректер  мәселесіне  тоқталып,  сол  сияқты Кәрібаев Берекет  ағаларымыздың  еңбектеінде  көрініс  тауып  отырды.. Бұл  өте  дұрыс  бастама, біздер тәуелсіз  елдің  ұлдары өзіміздің  ата – бабаларымыздың  тарихын  дәл  осылай,  яғни  жеке – жеке  тануға  тиіспіз  деп   есептеймін.

Жұмыс  кіріспе,  екі  тараудан, ал  әр  тарау  өз  кезегінде  екі тараушадан  тұрады, қорытынды  және  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

Бірінші  бөлімде мына  мәселелерді  қарастыдым  Бұл тарауда менің негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңіріері үшін жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын, себеп-салдарын анықтау.

Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты міндеттерді орындауға тырысамын.

Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра отырып жеткізуге тырысамын.

Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай кейінрек «Көшпелі өзбектер» немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы, негізінен алғанда, ұқсас болатын.

ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы, орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін ХIII-ХVI ғасырлардағы  шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде «Түркістан» деген атауға  ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы  немесе  Сыр өңірі – Дешті  Қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-әкімшілік,                        сауда-айырбас, діни-мәдени орталық ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады.  Мауереннахр билеушілері де бұл  өңірге аса зор маңызы беріп, оны Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті  де Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында  Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға  созылған күрестер жүргізіледі.

XV ғасырдың  екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады. [1.56]

Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш ететін бірден бір фактор. Бүгінгі  Қазақстан Республикасы өз тағдырының күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі  қарама-қайшылықтардың өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең ойлап, талдауды қажет етеді.

Екінші  тараушада  келесі  мәселелер  өз  бейнесін  табуы  жоспарлануда: Бұл бөлімде қазақ хандығының Сыр өңірі  қалалардың алып отырған орнын, барысын, нәтижелерінің жайын жеткізу негізгі мақсатымыз. Бұған дейін қалыптасқан пікірлерді сынға алу.

XIV-XVIғасырлардағы Сыр өңіріндегі маңызын ондаған  қалалардың экономикалық, саяси, әкімшілік, діни, мәдени өмірлерде  атқарған ролін анықтамай, тақырыбымыздың маңызын аша  алмаймыз.

Содан да болар осы өңірдегі қалаларын тарихи ұзақ жылдардан бері тарихшылар мен археологтар зерттеу объектісінен түпейді.

Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда  атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. [2.110]

XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларды зерттеуде археологтар үлкен табыстарға жетті. [3.143] Жаңадан табылғын археологиялық деректер                                 XV-XVI ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп  көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.

Біз бұл жұмысымызда ортағасырлық  Сыр өңіріндегі айырықша роль атқарып, Дешті Қыпшақ тайпалары, атап айтқанда XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы үшін зор маңызға ие  болған ірі-ірі қалаларға тоқталып өткеніміз жөн. Аймақ қалалары ішінде біз қарастырып отырған кезең бойынша үштопқа бөлеміз. Бірінші топқа Қазақ хандығы үшін саяси-әкімшіл, сауда, егіншілік, қолөнер, әскери маңызы зор болған қалалар – Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Сайрам жатқызылады. Екінші топқа қала-қамалдары саяси-экономикалық рольдері аймақ көлемінде бірінші топ қалаларына қарағанда анағұрлым төмен ретінде – Созақ, Арқуқ, ‡згент, Аққорған болады. Ал, үшінші  топқа жататын қала-қамалдарына – Ашнас, Иаканкет, Қарасман,      Қойған-Ата, Мейрам, Сүткент, Құмкент Шаға және тағы басқа бекініс-қамалдар жатады.

Сығанақ – қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдың солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасып тұр.[4.44] Қазіргі кезде қаланың орны – Сунақ-Ата қалашығы.

XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік,                                   сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып саналады.

Деректерге сүйенсек, Ибн Рузбехан Сығанақ, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағының түйіскен жеріне орналасқан. [4.41]  XVI ғасырға дейін қала халқының көп болуына, қаланың саяси және экономикалық қуатының артуына, оның аймақ шетінде, Дешті Қыпшақ территориясымен іргелес орналасуы басты себеп болады. [4.26] XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына дейін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілері арасында ұзаққа созылған күрестер болды. [5.86-93] 1598 жылдан бастап Сығанақ түпкілікті Қазақ хандығының құрамына өтеді.

Екінші   бөлімде  мына  мәселелерді  қарастырдым Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне  ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. [6.101]

Осындай іс шаралар  Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей, басталмай-ақ орындалмай жатты .Осындай теріс саясатты  зеріттеушілер турасын айтты ,экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де  ұнамады. Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де  Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.[7.266]

Ғасырлар бойы  тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала халқы мен Мауереннахр  турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы жарлықтар мен шешімдер әрсерін        тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеген, қазақтар өздері пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта Азияға  негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, «халықтың өсуі, жер өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты». [5.15] Қазақ тайпалары Орталық Азия рыногына  малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды шығарған. Мысалы                                                   С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған, «Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер  бұйымдары  өте жоғары бағаланды». [8.40.]

Сонымен «текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды». [8.93.] Бұл қазақ хандығы халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған  байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін және қөл өнер заттарын алла алды. [3.108.]

Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқансоң болар «Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм қалаларындағы  қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген».  [2.101.]

Екінші  бөлімнің  екінші  тараушада  мынадай  мәселелер  қарастырамын: Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне  ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. [3.101]

Осындай іс шаралар  Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей, басталмай-ақ орындалмай жатты. Осындай теріс саясатты  зеріттеушілер турасын айтты, экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де  ұнамады. Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де  Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.[3.266]

Ғасырлар бойы  тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала халқы мен Мауереннахр  турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы жарлықтар мен шешімдер әрсерін        тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеп, қазақтар өздері пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта Азияға  негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, «халықтың өсуі, жер өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты». [6.15] Қазақ тайпалары Орталық Азия рыногына  малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды шығарған. Мысалы С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған, «Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер  бұйымдары  өте жоғары бағаланды».

Сонымен «текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды». [5.93.] Бұл қазақ хандығы халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған  байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін және қөл өнер заттарын алла алды. [32.108.]

Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқан соң болар «Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм қалаларындағы  қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген».  [14.101.]

Осыған жауап ретінде, Қазақ ханы, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани айтуынша немесе түсіндіруінше «тергеу амалдарын жүргізуде көлек және киімнің негізгі бөлімі құрайтын кербас-киім адамдар             үшін қажеттілік–олар хандық әмірлік иелігіне басып кіруін                           қауып».  [17.101.]

Қазақ рулық тайпалар топтары Түркістанның солтүстігіне                  әрі қарай жылжи берді, кейбәр қазақ билеушілері Мауеренахр жеріне де шабуыл жасады, бұл жоспар Мухаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алу қаупіне қарсы жасалған еді.

Жұмысты  жазу  барысында  талдау,  сынау,  сараптау  және  салыстырмалы  әдіс  тәсілдерді  пайдаланамын.

Қорыта  келгенде  жұмысты  жазу  барысында, алдыма  қойған  міндеттерді  орындап,  мақсаттарға  жетуге  тырысып  барамын.  Қасым  ханның саяси-   тарихи  аренадағы  алғашқы  қадамдарынан  ақырғы  күніне  дейінгі  аралықтағы тарихи  құбылыстарды  шынайы  баяндау. Қасым  ханның  шынайы  келбетін  ашып  көрсетіп  беруге  тырысамын.

XV-XVI ғғ  жағдайды  толық  баяндап, Қасым  ханның  тарих  аренасына  шығуын  анықтау. Оның  билікке          келу  тарихын  баяндау. Қазақ  хандығының  күшейюін  деректер  негізінде   дәлелдеу. Отан  тарихшылары  мен орыс  тарихшыларының  берген  бағаларын  салыстырмалы  түрде  қарастырып  оған  өз  тарапымнан баға  беруге  тырысамын.

 

 

 

 

                                    

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I   ТАРАУ. XV ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР

ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ

 

1.1 Сыр өңірі үшін күрестің себептері

 

Бұл тарауда менің негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңіріері үшін жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын, себеп-салдарын анықтау.

Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты міндеттерді орындауға тырысамын.

Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра отырып жеткізуге тырысамын.

Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай кейінрек «Көшпелі өзбектер» немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы, негізінен алғанда, ұқсас болатын.

 

Скачать

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз