Диплом жұмысы. Үнді ұлттық конгресінің антиағылшындық қозғалыстағы тарихи рөлі

0

 

Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Үнді ұлттық конгресінің антиағылшындық қозғалыстағы тарихи рөлі

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 – тарау. Үнді Ұлттық Конгрессінің саяси ұйым ретінде қалыптасуы

  • ҮҰК құрылуы және алғашқы қадамдары
  • ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында

 

2 – тарау.  Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін

  • ҮҰК және көрнекті тұлғалар
  • Тәуелсіздікке қол жеткізу
  • ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері

 

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

          Қосымша

 

КІРІСПЕ

 

         Мәселенің өзектілігі. Егемендігін алып құқықтық мемлекет құруға, демократиялық қоғам орнатуға ұмтылған Қазақстанға басқа халықтардың азаттық үшін жүргізген күресі туралы зерттеулер қажет. Мұндай зерттеулерден біз бұрын отар болған елдердің тәуелсіздікке қандай жолмен келгендігін, тәуелсіздік үшін күрес заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тәжірибесін үйренеміз.  Үндістан халқының азаттық үшін жүргізген күресі мәселесі қазіргі уақытта өзекті болатыны да сондықтан. Үндістандағы Ұлттық конгрестің қызметі тарихын зерттеу жоғарыда айтылғанға сәйкес тәжірибелік те, ғылыми да маңызға ие болады. Ұлттық конгресс Үндістандағы отарлауға қарсы күресін сонау ХІХ ғасырдың соңында батаған болатын. Үндістер тәуелсіздікке ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қол жеткізді. Жарты ғасырдан астам уақыт Ұлттық конгресс партиясы үнді халқының тәуелсіздік үшін күресін басқарды, оның аванградында жүрді. Ұлттық конгрестің тәуелсіздік жолындағы қызметінің тарихы Қазақстан тарихнамасында қарастырылмады және ол туралы қазақ тілінде арнайы монографиялар жоқ. Міне осы бір ақтаңдақты жою да біздің тақырыптың өзектілігіне жатады.

Мәселенің өзектілігіне Ұлттық конгресс партиясындағы жеке тарихи тұлғалардың қызметін зерттеуде қазіргі кезде маңызды болып табылады. Ганди, Неру және басқа да Үндістанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орнын қарастыру бізге тарихтағы жеке тұлғалардың маңызын анықтауға көмектеседі. Жеке тұлғаның тарихи ролі туралы тарихнамада пікірталас толастар емес, біз де осы ғылыми пікірталаста өз ойымызды білдіреміз. Сондықтан Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының қызметіндегі, тәуелсіздік үшін күрестегі Ганди мен Неру сияқты саясатшылардың атқарған еңбегі туралы зерттеу қазіргі уақытта маңызды болып отыр.

Мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының басты мақсаты Үндістан Ұлттық конгресінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресін жан-жақты және тереңірек зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында біз ең алдымен Үндістан Ұлттық конгресінің құрылу және даму тарихына көңіл бөлуіміз керек. Сонан кейін жұмыстың мақсаттары қатарында Ұлттық конгрестің тәуелсіздікке жету жолында қандай жұмыстар атқарғанын, күрестің қандай әдістерін қолданғанын анықтау болады. Сонымен қатар Ұлттық конгрестің жұмысындағы жеке тарихи тұлғалардың орны мен ролін анықтау да біздің мақсаттарымыздың қатарында болады.

Осы аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындаумыз қажет. Тарихи деректерге сүйене отырып Ұлттық конгресс партиясының қандай жағдайда құрылғанын анықтау. Конгрестің құрылуына және қызметіне әсер еткен тарихи жағдай қандай болды. Партияның алғашқы қадамдары қандай болды және оның қызметіне Гандидің дүниетанымдық көзқарастарының әсері болды ма, болса қандай дәрежеде болды деген сұраққа жауап береміз. Мұнан Ұлттық конгресс партиясы өз жұмысында күрестің қандай әдістерін қолданды? Ол күрес әдістерінің нәтижесі қандай болды? Ұлттық конгресс партиясының қызметіне үндістан халқының көзқарасы қандай болды? Британ үкіметі конгрестің қызметіне қалай қарады? Партияның қызметінде қандай қиындықтар кездесті және ол қиындықтарды партия мүшелері қалай шешті? Партия ішінде күрес әдістеріне, партияның қызметін жүргізуге, саяси бағдарын анықтауға байланысты пікірталастар болды ма, болса қандай дәрежеде жүрді? Міне осы сұрақтарға жауап беру біздің жұмыстың міндеттері қатарына жатады.

         Әдістері мен әдіснамасы. Осы мақсаттарға жету үшін және қойылған міндеттерді орындау үшін біз бірнеше зерттеу әдістерін қолдандық.  Марксистік зерттеу әдіснамасы дағдарысќа ұшырап, оны ќолдану аясы шектелгенімен біз оның жетістіктерін әлі пайдалана береміз деп ойлаймыз. Сондыќтан әдіснама мәселесіне келгенде, біздің ойымызша, ќолданыстан шыќпаған, біраќ бірте-бірте өзгеріске ұшырай бастаған марксистік зерттеу әдіснамасын біршама ревизиялау арќылы ќолданып жүрген сияќтымыз. Біз тек өз еңбегімізде марксизмнің негізгі пастулаты таптар күресін ығыстырамыз. Әрине біз таптар күресін тарихи ќұбылыс ретінде жоќќа шығармаймыз, алайда оның тарихи дамуды аныќтаған негізгі заңдылыќ деген көзќарастан айрылуға тырысамыз және оны жүзеге асырамыз. Сондыќтан диалектикалыќ әдіснамадағы тарихи оќиғалар мен ќұбылыстардың өзіндік даму заңдалаќтары мен себептері бар деген ойды ұстанамыз. Сол бойынша ќарастырғалы отырған оќиғалардың шығуына алып келген объективті және субъективті алығшарттарға көңіл бөлеміз. Бұл әсіресе Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының тарихына байланысты өз маңызын жоғалтпайды. Ұлттық конгрестң қызметінде таптық қарама-қайшылықтардың орын алуы болды ма деген мәселені анықтауға көңіл бөлеміз. Осы факторларды аныќтағаннан кейін олардың тарихи оќиғаға ќаншалыќты ыќпал еткенін аныќтауға тырысамыз. Бітіру жұмысының жазылу барысында біз ең алдымен тарихи-хронологиялық әдістің аясынан шыќпаймыз. Автордың зерттеуінде тарихи оќиғалар мен ќұбылыстар кеңістік пен уаќытта бірінен кейін бірі жүргендіктен олардың болған кезеңін өз уаќытына байланысты ќарастырамыз. Сонымен ќатар салыстырмалы тарихи әдісті де ќолданатын кездер болады. Өйткені Үндістандағы Ұлттық конгресс партиясының тарихи туралы мәлімет беретін деректерді салыстырмалы түрде қарастыру қажет болады. Негізінен зерттеуде ќолданылған тарихи зерттеу әдістері айќын байќалмайтын сияќты, біраќ ол үстіртін көрініс. Шын мәнінде біз аталған әдістерді де, жалќыдан жалпыға көшетін дедуктивті әдісті де ќолдандыќ. Сонымен қоса бітіру жұмысының авторы анализ және синтез сияқты әдістерді де өз еңбегінде қолдануға тырысты.

Қолданылған деректер. Үндістанның Ұлтық конгресі партиясының, Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің тарихы туралы кең көлемді мәлімет беретін деректер алуан түрлі. Олардың қатарында негізінен жазба деректер бізге құнды болып табылады. Жазба деректер өз тарапынан құжаттық және әдеби деректерге бөлінеді. Нарративті деректер қатарында М.К.Гандидің орыс тіліне аударылған  “Моя жизнь” еңбегі  1969жылы Мәскеуде жарық көрген. Махатма Ганди өзінің еңбегін ағылшын тілінде жазған, ал оны орыс тіліне А.М.Вязьмина аударған болатын. Бұл дерек көзі нарративті деректер қатарына жатқызылып, өмірбаяндық мәлімет береді. «Менің өмірім» деп аталатын деректен біз ең алдымен Гандидің дүниетанымдық және саяси көзқарасы туралы мәлімет аламыз. Еңбектің барша мазмұны Гандидің және ол қалыптастырған саяси-философиялық қозғалыс – гандизмнің мәні туралы баяндайды.

Келесі бір нарративті дерек көзі бұл Джавахарлал Нерудің «Воспитания исследования» еңбегі болып табылады. Мұнан біз Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің барысында саяси өзгерістердің болғаны туралы мәліметтер аламыз. Сонымен қатар Нерудің Үндістандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен саяси дамудың мәселелрі бойынша түсінік аламыз. Әсіресе Нерудің Гандиге берген алғашқы кездесуіне байланысты ойлары қызықты. Нерудің Ұлттық конгресс қызметіне келуімен Ұлттық конгрестің саяси бағдарында үлкен өзгерістер болады. Неру өзінің ұстазы санаған Гандидің көзқарасына сын айтады және өзін социалист деп жариялайды. Бұл жағдай әрине партияның саяси бағытына әсерін тигізбей қоймады. Әрине біз еңбекке сыни көзқараспен қарап, ондағы Нерудің пікірлеріне талдау жасау арқылы ғана оның берген мәліметтерін пайдаландық.

Джавахарлал Нерудің өмірі мен қызметі туралы жан-жақты және кең көлемді материалдарды біз С. Гопалдың үш томдық «Биография Джавахарлала Неру» деген еңбегінен аламыз. Гопал өзінің еңбегінде объективті пікір айтуға тырысады, алайда бүкіл еңбекте оның Неруді аса дәріптегенін байқауымызға болады. Нерудің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер кеңестік тарихнамада сыни талдаудан өткендіктен біз оған баға беруді артық деп санадық. Біздің барлық айтылған пікірлерге қосатынымыз бұл дерек көзі осы уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Еңбекте Нерудің бала кезінен мемлекеттік қайраткер болған уақытына дейінгі өмірі өте көркем баяндалады. Сонымен қатар Джавахарлал Нерудің Ұлттық конгрестегі және ұлт-азаттық күрес барысындағы қызметі терең қарастырылады. Гопал үнді саясатшысына баға беруден алшақ, бірақ оның Нерудің Үндістанның ұлы азаматы деген пікірінің өзі аталмыш тұлғаға берген ең биік бағасы деп білеміз. Еңбекте тек өмірбаяндық мәліметтер ғана емес, Нерудің саяси көзқарастары туралы ақпарат берілген.

«Индия: Кодекс поведения политических партий и кандидатов» деген Э.Н.Комаровтың аударған дерек көзі бізге негізінен Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі партиялар арасындағы саяси күрес жүргізу кодексі туралы мәлімет береді. Осы материалдарды біз ресми құжаттық деректер қатарына жатқызамыз.

Құжаттық деректер қатарында маңыздылығымен Үндістанның конституциясын атап өтуге болады. Бұл заңдық құжатта Үндістанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымы туралы мәліметтер бар. Конституция біздің зерттеумізідің хронологиялық аясынан шығып кетсе де, ондағы қағидалар тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқан саяси күштердің ара-қатынасын анықтауға да көмектеседі. Мәселен, конституцияның заң шығаруша және атқарушы билік туралы баптатары Ұлттық конгрестегі либералдық саяси күштердің өз ойларын жүзеге асыру жолында біршама жетістіктерге жеткендігін көрсетеді.

Тағы да бір ресми заңдық акт «Конгресс отырыстары» (Congress sessions) деректен автор партияның тәуелсіздікке дейін және Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі партияның съездері туралы мәлімет береді. Бұл дерек ресми заңдық құжат болғандықтан оған деректік анализ жасалған жоқ. Құжаттан біз партияның отырыстарында қаралған мәселелер, саяси күрестің әдістері, саяси күштердің ара-салмағы және партия қызметі туралы басқа да кең көлемді ақпарат аламыз.

Автор интернет арқылы «India`s struggle for freedom:Role of associated movements» яғни «Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес: қоғамдық қозғалыстардың ролі» деп аталатын дерек көзін пайдаландық. Осы дерекетен негізінен Үндістандағы ұлт-азаттық күрестегі Ұлттық конгресс партиясының қызметі, оның тәуелсіздік үшін үнді халқының жүргізген күресіндегі ролі  туралы мәліметтер алдық. Бұл мәліметтер Ұлттық конгрестің тәуелсіздік үшін күрестегі атқарған қызметіне баға беруге, оның басқа партиялармен арадағы байланысын анықтауға, оның мүшелері туралы ақпарат алуға көмектесті.

Тарихнамасы. Үндістандағы ұлт-азаттық күрес тарихы, соның ажырамас бөлігі Ұлттық конгресс партиясының тарихы туралы зерттеулер алуан түрлі. Бұл еңбектердің барлығына, тіпті біздің жұмыста пайдаланылған монографиялар мен мақалаларға толық тоқталу уақыт пен бітіру жұмысының көлеміне байланысты мүмкін емес. Сондықтан да біз оларға қысқаша тоқталуға мәжбүрміз. Біздің тарихнамалық талдауымыз да тек тарихи еңбектерге шолу жасау болып табылады.

Атап өткеніміздей Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы мен үнді халқының ұлт-азаттық күресі мәселесі өзінің өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес, сондықтан да мәселенің зерттелуі кең көлемде жүрді. Әсіресе мәселеге кеңестік кезеңде аса жоғары дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл идеологиялық тұрғыдан ақталды да, өйткені таптық күрес пен догматикалық социалистік идеяны уағыздауда империалистік елдердің отарлық саясатына қарсы халықтардың күресін халыққа таныту қажет болды. Бірақ қарастырып отырған мәселеге Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де қызығушылық жоғалған жоқ. Бұған кейінгі кездердегі зерттеулер дәлел бола алады.

Шартты түрде үндістандағы ұлт-азаттық күрес туралы зерттеулерді зерттеу объектісіне байланысты үшке бөлуге болады. Бір зерттеушілер Үндістандағы жалпы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеп, ондағы саяси партиялар мен саяси қайраткерлердің тарихына тоқталады. Мұндай еңбектердің қатарына А. И. Левковскийдің “Начало массового общеиндиского национально-освободительного движения” деген мақаласын жатқызуымызға болады. Әрине мұндай зерттеулерді тікелей ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жеке тұлғалардың тарихымен байланыстыруымыз қажет. Мәселен Левковскийдің мақаласында ұлт-азаттық күрестің басталу тарихына көңіл бөліне отырып, ондағы Ұлттық конгресс партиясының және ондағы Б. Тилактың қызметіне талдау жасалады. Жұмыста Үндістандағы ұлт-азаттық күрес империалистік Ұлыбританияның қанаушылық саясатына қарсы басталған күрестегі жеке тұлғаның роліне  де көңіл бөлінеді. Зерттеу марксистік әдіснама тұрғысынан жазылып, Үндістандағы ұлт-азаттық күрес барысындағы таптық антогонизмнен шығатын саяси күштердің тепе-теңдігі мәселесіне де тоқталады.

Екінші бір зерттеу түрі бұл Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестегі жеке тұлғалардың орны мен маңызына байланысты болды. Мұндай еңбектердің ішінде Е.Юрлованың «Махатма Ганди – борец за социальную справедливость»  мақаласын айтуға болады. Мақаланың авторы үлкен деректік материалдарға сүйене отырып Махатма Гандидің саяси, дүниетанымдық, философиялық көзқарастарына баға беруге тырысады. Бұл мақалада кеңестік идеологияның нышандары байқалмайды. бірақ әдіснамалық жағын алып қарайтын болсақ онда негізінен материалистік-диалектикалық әдіснама қолданылғанға ұқсайды. Е. Юрлованың екінші бір мақаласы » М.К.Ганди и участие хариджанов в национально-освободительном движении» деп аталады. Мұнда да Гандидің тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орынына көңіл бөлініп, азаттық үшін күрестке хариджандардың қатысқаны туралы зерттеу жүргізіледі.

Осындай зерттеулердің бірі В. Кашиннің «Сардар Валлабхай Патель» атты мақаласы Үндістандағы тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестегі көрнекті қайраткер Пательдің қызметіне арналған. Патель Гандидің шәкірті және оның саяси көзқарасы Гандидің көзқарасымен сай келеді. Оның азаттық жолындағы қызметі, дүниетанымы және саяси көзқарасы, Ұлттық конгрестегі қызметі туралы жазылған еңбекте аударылмаған материалдар қолданылады. Мақаланың құндылығы да осыдан барып шығады. Пательдің үнді тарихнамасында қалыптасқан аңыздық тұлғадан адами келбетін ашуға бағытталған мақала өз мақсатына жеткен десек болады.

Жеке тұлғаның Үндістан Ұлттық конгресіндегі және жалпы ұлт-азаттық қозғалыстағы роліне арналған зерттеулер қатарына А. Н. Чичеровтің «Джавахарлал Неру и независимая Индия (очерки общественного развития страны в 50-70 годы)», Э. Н. Комаровтың «Джавахарлал Неру: социально-политические воззрения и историческая роль», В. Кашиннің «Пандит Джавахарлал Неру» сияқты еңбектер жатады. Чичеровтың монографиясында Джавахарлал Нерудің Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттік қызметіне және оның үнді мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін анықтауға көңіл бөлінеді. Ал Комаров Нерудің саяси-әлеуметтік көзқарасына талдау жасап, оның саяси-қоғамдық тұлға ретіндегі тарихи маңызын анықтауға тырысады. Әрине Нерудің өзі де, оның саяси қызметі де үлкен тарихи маңызға ие. Нерудің Ұлттық конгресс партиясына келуі партияның крес жүргізу әдістеріне байланысты бағытын өзгертуіне алып келеді. Әсіресе Нерудің социализмге байланысты көзқарастары қызығушылық тудырады. Комаров социализмді Неру қоғамның экономикалық және әлеуметтік қиындықтардан шығудың жолы ретінде ғана қарастырды. Үндістан социализмге өз бетімен дайын болуы керек және оған халықтың басым көпшілігі қатысуы керек, деген ойларын келтіреді. Сонымен қатар, солшылдардың монополиялардың байлықтарын қайта бөліске салу туралы ұсынысына қарсы болды. Үндістанда бөліске салатын байлық жоқ, тек бөліске салатын кедейлік қана бар деп, ұлттық өнімді мен қызметтің көлемін өсіруге шақырды, деп Нерудің саяси көзқарастарын анықтай түседі.

Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихнамасындағы тағы да бір зерттеу объектісіне байланысты зерттеулер тікелей Үндістан Ұлттық конгресіне және басқа да партиялардың қызметіне арналған. Мұндай еңбектер арасында Т. Ф. Девяткинаның «Индискии национальный конгресс», А. И: Регининнің «Индиский национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая половина 70х)» шығармаларын және Ф. Юрловтың «Индийский национальный конгресс во власти и в оппозиции» атты мақаласын атап өтуге болады. Девтякинаның монографиясында  Үндістан Ұлттық конгресінің тарихы жан-жақты және терең зерттелген. Девяткина көптеген тарихи материалдарды пайдалана отырып, Ұлттық конгрестің пайда болуы және дамуы тарихын көрсетуге тырысады. Ол Ұлттық конгрестің құрамындағы, басшылығындағы өзгерістерге орай оның саяси бағдарындағы өзгерістердің болғаныдығы туралы айтады. Сонымен қатар еңбектің авторы партияның әлеуметтік тірегіне де көңіл бөледі.

А. И: Регининнің «Индиский национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая половина 70х)» тақырыптағы еңбегі Ұлттық конгрестің ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы қызметіне арналғанымен оның тарихына да шолу жасайды. Бұл еңбектен біз Ұлттық конгрестегі саяси күштердің, партияның саяси бағдарламасының эволюциясын анықтай аламыз. Осындай ойды Юрловтың мақаласы туралы да айтуға болады.

Аталған зерттеулерден басқа біз біршама тарихи шығармаларды, оқулықтарды және Үндістан тарихына арналған жалпы еңбектерді де пайдаландық. Аталған зерттеулер негізінен Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес кезінде елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайдың деңгейін анықтауға көмектесті. Сондықтан да, яғни бұл еңбектер тікелей Ұлттық конгресс партиясына арналмағандықтан олар туралы пікір айтуды артық деп санадық.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы жоғары оқу орындарында осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес жазылды. Жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен (параграфтан) тұрады.

 

1-тарау. ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

 

Тақырыпты бастар алдында Үндістан туралы аздап тоқтала кеткенді жөн көрдім. Үндістан (Хинди Бхарат) – Үндістан Республикасы, оңтүстік Азиядағы мемлекет. Шамамен 900 миллионнан астам халқы бар. Көбі хиндустандықтар, телугу, маратхалар, бенгалдықтар, бихарлықтар,тамилдер, гурджараттықтар, кашарлықтар, пенджаптықтар. 80 % индуизм, 10 % мұсылман, христиан, синха дінін ұстанады. Ресми тілі – хинди тілі, ағылшын тілі. Астанасы – Дели .

Үндістан – федеративтік мемлекет. 25 штаттан, орталыққа қарайтын 7 одақтық территориядан тұрады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – парламент. Парламент Халық палатасы мен штаттар Кеңесінен тұрады.[ииМ.Алтернатива 5 стр]

Үндістан тәуелсіз мемлекет болып 1947 жылы 15 тамызда жарияланды. Парламенттің жоғарғы палатасы – штаттар Кеңесі (Раджья Сабха) – 250 депутат кіреді, төменгі палатасы – Халық палатасы (Лок Сабха) – 545 депутаттан тұрады. Төменгі палатасы әр бес жылда бір сайланады. Тікелей және жасырын дауыс беру арқылы, жасы 18 толған азаматтар қатысады. Жоғарғы палатаға сайлаушылар коллегиясының шешімі бойынша штат заң шығарушы кеңесінің депутаттарының ішінен сайланады.

 

Скачать