Дипломдық жұмыс. Сұлтан Бейбарыс өмірі және Бейбарыс сирасы

0

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….….3

 

I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ «БЕЙБАРЫС СИРАСЫ»

1.1 Бейбарыс жайлы  Мысырлық деректер………………………………………8

1.2 «Бейбарыс сирасы» және оның жазылуы тарихы…………………………21

 

II «БЕЙБАРЫС СИРАСЫНДАҒЫ» ЖАС БЕЙБАРЫС БЕЙНЕСІ

2.1 Мысырлық халқының ауыздағы  Бейбарыс тұлғасының көрінісі….28

2.2 «Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасындағы»  жас Бейбарыс бейнесі..47

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..60

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………………..62

 

 

КІРІСПЕ

 

      Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты пікір қалыптастырды.

Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып тарих бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Егеменді ел атанғанан бері тарихымызды түгендеп, кешегі өткен ата бабалар  тарихын  олардың есімдерін халық жадына қайта әкелудеміз.

Әсіресе, орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы бүгінде бізге жетпеген, тарихтың беймәлім беттері ғасырлар қойнауында зерттеуді күтіп жатыр.Осынау қатпарлардан қазақ деген халықтың тарих саханасына келуіне өте көп ықпал еткен  қыпшақтар тарихы үлесі өте зор. Осы дәуірде қазақ даласында қыпшақтар арасынан дүние жүзіне мәлім көптеген ғұламалар, даңқты қолбасшылар дүниеге келді. Осындай тұлғасы биік дарабоздар арасынан Дешті Қыпшақта дүниеге келіп, Мысырда ел басқарып, аты аңызға айналған Сұлтан Бейбарысты ерекше атауға болады.

Сондықтан. біз қарастырғалы отырған бай тарихи мұраларды бітіру жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін айтқымыз келеді.

Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің құрған мемлекеттің тарихы: мамлүктер кімдер, сосын тіпті де өз жұрағаттары болып табылмайтын Мысыр еліне қайдан тап болды? – деген сауалдар туындайды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса да одан ешбір нәтиже шықпады.

Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан,  олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, сұлтан Бейбарыс бастаған мамлүктер мемлекеті мен дешті қыпшақ арасындағы әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен, сондықтан да оқиғалар желісін қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауға тырыстық.

       Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көне түркілер және қыпшақтар жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірі тарихшылар еңбектерінен көрініс тапты. Оның ішінде Н.Я.Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды [1]. Бірінші еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.

Жалпы алғанда, мәмлүк  дәуірінде қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат, Алеппо және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің  кітапханаларында да сақталуы тұр. Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжаба, сирек темір шақалар бар. Оның басым көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.Осы кітап үйінің жанындағы қолжазба орталығы ескі манускриптерді микрофильмдерге түсіріп, ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Сонымен қатар, мұсылман әлеміне белгілі атақты діни оқу орны- әл-Әзһар университеті кітапханаларының қойнауында, Мысырдың дін істері мен уақыптар министірлігінің кітапханаларында мешіт, зауия және т.б жылжымайтын мүліктерге қатысты мәмлүк дәуірінің құжаттары сол күйінде тұнып тұр.

Ал, жалпы мамлүк тарихын зерттеу ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Батыс Европа мен Ресейде басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің  тарихын зерттеуде бірқатар зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқанына қарамастан. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша арнйы толық зерттеу жоқтың қасы. Бұл салада  зерттеулер жүргізген алғашқылар арасында д Эрбело, Ж. Дегино, И. Хаммер-Пургштальді атауға болады[2].

Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихына арналған зерттеулер Батыс Европада ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басынан бастауын алады және  алғашқы зерттеушілердің назары Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихы, сыртқы саясаты, батыс христиан елдермен қарым-қатынастары мен мемлекеттік құрлымы сияқты салаларын ашуға бағыттаған зерттеулердің арасында Г. Уейль, Дж. Саувагет, С. Лэн-Пуль, М.Уильямның еңбектері бар[3].

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М. Гаудефре-Демомбинес, А.Поляк, Е.Комбе, А.Атия, М.Конрадтың, ал Мамлүк мемлекетінің әскери жүйесіне байланысты зерттеулерден Д.Айалонның еңбегін ерекше атауға болады[3].

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарда араб зерттеушілері ішінде Амин-әл Холи, Махмуд Ризқ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың[4] аттарымен байланысты болса, 80-жылдар Мамлүктер тақырыбында зерттеулер жүргізген тағы бірқатар араб зерттеушілері белгілі болды, атап айтсақ Абд әл-Азиз Махмуд Абд ад-Дайм, Али ас-Саййд Али өз еңбектерінде, бұл саланың өзекті тақырыптарын ашуға арналған[5].

Ал, Қазақстанда мамлүктерге қатысты зерттеулер алғаш рет С. Ақынжановтың  Ортағасарлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар атты орны бөлек ғылыми монографиясында аталып өтеді[6]. 1995 жылы жарық көргенше қазақ, орыс тілдеріндегі ғылыми және көкем әдебиет беттерінен (мысалы, С.Н. Марков, М. Симашко, Ю.Плашевский, І.Есенберлин, Ғ.Мүсрепов шығамаларында) сирек көрінетін мамлүктердің қалған орасан зор мәдени мұраға қарап тұрып, қыпшақтардың бөтен елде сұлтан болған  ерекше қасиеттеріне тәнті боласың. Мысыр мен Шам  ( қәзіргі Сирия, Иордания, Лива, Израиль жәе Палестина) жері қамтыған ораса зор мемлекет құрып, 132 жыл билеп –төстеген қыпшақтар Бейбарыс пен Қалауынның және олардың ұрпақтарыың мәдениет пен ғылым, экономика мен құрылыс салаларындағы жетістіктері мен қалдырған іздері ұлан –ғайыр. Шын мәнінде, қыпшақтар мәмлүк тарихының алтын беттерін жазған. Бұдан кейінгі жылдарда белгілі ғалым Б. Көмековтың атты еңбегін, мақалаларын атап айтсақ артық болмас[8].

Әсіресе, бұл тақырып төңірегінде еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдарда кең ауқымды зерттеле бастады, атап айтар болсақ Қайрат Сәкидың «Сұлтан Байбарыс» атты еңбегі Мамлүктер тарихын зерттеуге тың серпіліс әкелді[9]. Оның ізінше 2002 жылы қорғалған Батыршаұлы Бақыттының «Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен ХІІІ-ХҮ ғғ. байланыстары(араб деректері бойынша)» атты  кандидаттық диссертациясының орны ерекше болмақ[10].

Деректік қоры:Бұл кезең ислам тарихындағы басқа кезеңдермен салыстырғанда авторлардың көптігімен, тақырыптың ауқымдылығы және өзіндік жаңа жанрлармен дүниеге келумен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, бұл кезеге жататын өзіндік ерекшеліктердің бірі ретінде көптеген шығармалардың авторлары Мамлүк мемлекетінің мансапты, лауазымды адамдар болуымен қатар сұлтан  сарайына жақындығының  болуы және мемлекеттік істерге жаұын болуымен құнды. Солардың қатарында Ибн Абд аз-Захир мамлүк сұлтаны аз-ахир Байбарыстың жеке хатшысы қызметін атқарған және Сұлтан Байбарыстың жеке өміріне қатысты «Ар Рауд аз-Заһир фи сират әл   малик аз-Заһир» атты еңбегі бұл саладағы ең құнды еңбектер қатарына жатады. Бұдан басқада, атап айтқанда Бейбарыстың сұлтандығы туралы Ибн Уасил (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1229), а-Нуайри (1331 жылы қайтыс болға), Байбарыс ад-Дауадар (1325ж. қ.б.) Ибн Аби Фадаил (1334ж еңбегін аяқтаған), Ибн Айбек (1336ж кейін қайтыс болды), әл-Юнини (1362 ж. қ.б.) Абу-л-Фида (1273-1331), Ибн Шакир (1362  қ.б.), Ибн Тәңірберді(1311ж .т), Әл Мақризи( 1356-1441), әл-Айни (1361-1451), Ибн-Йиас (1448-1524) секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса[11], әл-Габурти, әл-Джаһиз, Ибн-Асир, Ибн баттута, Ибн Касир, Ибн Фадлан, Ибн Фурат , Ибн Хаджар  ал-Асқалани, Ибн халдун, Ибн Халакан, Ибн Арабшаһ, Ибн Ибри, Ибн ал – Уарди, Абу Шама, аз-Захаби, ас-Саути, ат-Табари және т.б. әр түрлі ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын айналып кете алмаған. Олардың еңбектерінің бір бөлігі зерттеліп араб елдерінің баспаханаларынан жарық көрсе, келесі бір бөлігі дүниежүзінің кітапханаларында қолжазба күйінде әлі күнге дейін өз зерттеушісін күтіп жатыр.

Ислам тарихнамасындағы Байбарыс туралы “сира”- өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Байбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.

Байбарыс заманында өмір сүріп сүлтанның өмірбаянын жазға, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад жәе Ибн Уасилдерге ерекше тоқталып өткеніміз жөн деп санаймыз\\. Олар мәмлүктер, кресшілер мен монғолдар арасыдағы теке-тірес барынша қызған кез, ХІІІ-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрді. Ибн Абдузаһир, Мухиуддин абулфада Абдулла би Рашидан Абдузахир бин Нашуан қади (1223-1292) ортағасырлық тарихшы, Байбарыстың замандасы. Каир қаласында дүниеге келген. Сұлтандар Құтұз және Байбарыс замандарында Диуан Иншада хатшы болып істеген. Өзінің жұмыс сипатына қарай сұлтанға жақын болған. Байбарыстың оны жеңіс сүйіншісін сұрауға, Хама қаласының уәлиінен адалдық антын алуға жолдауы оған деген сенімін көрсетеді. Оның қаламынан сұлтан Байбарыстың моңғол мен кресшілерге қарсы іс- әрекеттерін суреттейтін “Ар-рауд аз-заһир фи сира ал-малик аз-заһир”, сұлтан Қалауын туралы “Ташриф ал-айам уа ал-асур фи сира ал-малик ал-мансур” және “Ал-алтаф ал –хаффия ми сира аш-шарифа ас-султания ал-маликия” секілді еңбектер шыққан[13]. Тарихшы өз шығармасының дайын бөлімдерін сұлтанға оқып беріп отырған. Кейін қосымшалар енгізілген. 194 беттен тұратын қолжазба Стамбул қаласындағы  Фатих сұлтан Мехметтің кітапханасында сақтаулы тұр. Байбарыс туралы шығарманың бірінші және соңғы бірнеше беттері жоғалған. Соған қарамастан Байбарыс туралы екі биографиялық шығармалардың ішіндегі бізге бүтін жеткені болып табылады.

Ибн Шаддад, Иззуддин Абу Абдулла Мухаммад бин Али бин Ибраһим бин Шаддад әл-Ансари әл-Халаби. 1217 жылы Алеппо қаласында дүниеге келген. Географ –тарихшы. Байбарыстың замандасы. Моңғолдар 1258 жылы Бағдатты алып, Шам еліне тақағанда Хулагу ханға Дамаск пен Алеппо билеушісі  Юсуфтың атынан елші болып барған. Бұл тарихшының еңбектерінің құндылығы бұл өзі куә болған, өз көзімен көрген оқиғалардың егжей-тегжейлерін баяндауында. 1261 жылы Шамда монғол үстемдігі орнаған соң Мысырға жер аударып, сұлтан Байбарыстың қол астында қызмет еткен. 1285 жылы Каир қаласында қайтыс болып, Муқаттам тауының үстіне жерленген. Байбарыс сұлтанның ерекше құрметіне ие болған. Тарихшылар Байбарыс сот арқылы шешілген екі іс бойынша Ибн Шаддадтың  куәлігіне сүйенді деп көрсетеді. Соған қарағанда шыншылдығымен аты шыққан адам болса керек. Тарихшы әл-Юнин ол турал “Сұлтандар алдында орны ерекше еді.  Абыройлы, көп істерге ықпал жасай алатын еді. Қол астындағы адамдары көп, алдына қойған мақсаттарын тез жүзеге асыратын. Байбарыс қайтыс болған соң оның баласы Беркеханның да сеніміне кіре алды. Ол оны өзінің кеңесшісі және уәкілі етіп тағайындады. Беркехан онымен әкесі Байбарысты жерлейтін жерді таңдады ақылдасып, сол істі атқаруды оған жүктейді”- деп көрсетеді[14]. Артына алты еңбек қалдырған,оның ішіндегі біз үшін құнды шығармасы “ Тарих ал-малик аз-заһир”. Бізге қолжазбаның 270 беттік екнші бөлімі ғана жеткен, оның өзі Байбарысты қайтыс болғаннан кейін “саджғ” тәсілімен, яғни рифмалық қара сөзбен жазылған. Сондықтан, жете мән бермей, көп уақыт тарихшылар назарынан тыс қалып келген. Шығарманың бастапқы атауы белгісіз. Қолжазбаның Түркияның Эдерне қаласындағы Салимия мешітінің кітапханасында сақтаулы тұрған нұсқасы “Байбарыс тарихы” деп аталады, сондықтан осы атау ғылыми айалысқа енген. Қолжазбаның бізге жеткен бөлігі Байбарыстың өмірінің соңғы жылдары- 1272 –1278 жылдар арасындағы оқиғаларды суреттейді. Сұлтан Байбарыстың саяси, әскери, әлеуметтік өмірінң маңызды жақтарын өз көзіме көрге тарихының қолжазбасы одан кейінгі тарихшылардың осы кесенге қатысты арқа сүйейтін бірден-бір құжатқа айналған[15].

Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухаммад бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш-Шафиғи 1207-1298 жылдар арасында өмір сүрген. Хама қаласында дүниеге келген. Білім іздеп Дамаск, Құдыс, Алеппо, Каир қалаларын шарлаған. Фпанция королі Льюйс ІХ-ның Мысырға жасаған жорығы, мамлүк мемлекетінің дүниеге келуі, монғол шабуылы нәтижесінде орталығы Бағдат шахарында орналасқан аббасидтер халифатының күйреуі кезеңнң тірі куәгері. Сицилия королі, қасиетті Рим мемлекетінің императоры Манфред Фредрикке сұлтан Байбарыстың елшісі болып барған. Ол соңына мол тарихи, әдеби мұра қалдырған. Біз үшін ең маңызды шығармасы –“Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб”[16]. Атап айтқанда осы шығарманың соңғы бөліктері сұлтан Бейбарыстың саяси сахнадағы өмірінің бастапқы кезеңі туралы мол мағлұматтар береді.

Сонымен қатар, тарихшы Ибн Аббастың  Байбарыстың  хатшысы, тарихшы, ақын Ибн Абдузаһирдің Байбарыс туралы поэмасын қара сөзбен қысқартып жазып шыққан “Ал –манақип ас-сиррия ал-маунтазиға мин ас сира аз заһирия” еңбегі бар. Бұл шығармада Бейбарыстың сипаты туралы мол мағлұматтар кездеседі[17].

Осы заманғы араб тарихшылары да мәмлүк тарихын зерттеуде. С.Ашур, М.Сурур бастаған мысырлық тарихшылар сұлтан Байбарыс туралы өмірбаяндық жеке кітаптар жазған[18]. Француз тілінде де сұлтанға арналған жекелеген еңбектер бар.

Кресшілердң қасиетті жерлерге – Палестинаға жорықтары заманында ағылшын, француз, неміс, италиян және т.б. еуропалық тілдерде дүниеге келген хроникалық, тарихи шығармаларда да мәмлүктер туралы мол мағлұматтар бар. Мәмлүк мемлекетімен тығыз сауда байланыстарын орнатқан Сицилия, Генуя, Венеция және Испания қалаларының кітапханаларында қыпшақтарға қатысты мол материалдар жатыр.

Сонымен қатар бұл жерде мәмлүк дәуіріне қатысты терең зерттеулер жүргізіп отырған француз шығыстану институтының Каир қаласында орналасқан филиалын айтуға болады.

         Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Дешті Қыпшақ даласының  перезенті ірі саяси тұлға Бейбарыс туралы жазылған деректер мен зерттеулерді талдай отырып, біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойдық:

  • Сұлтан Бейбарыс туралы деректерді талдау
  • Бейбарыс жайлы Мысырлық деректерге сараптама жасау
  • «Бейбарыс сирасы» және оның жазылуы тарихына тоқталу
  • Мысырлық халық ауыз әдебиеттеріндегі Бейбарыс бейнесін анықтау
  • «Бейбарыс сирасы» және жас Бейбарыс бейнесіне қатысты шығарманың құндылығын анықтау

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ «БЕЙБАРЫС СИРАСЫ»

 

1.1 Бейбарыс жайлы  Мысырлық деректер

 

Бейбарыс Еділ мен Жайық өзендерінің жарасындағы кеңістікте, яғни қазіргі қазақ топырағында дүниеге келген.

XIV ғасырда өмір сүрген Мысырлық тарихшы Әл-Айни  «Иқду ал-джуман Фи тарих аһл ал-азман» атты еңбегінде «Бейбарыс бин Абдулла ұлты Қыпшақ түркінің Беріш ұлы тайпасына жатады деп жазады. Тарихшы арабша «бугрдж» жазады. Тарихшы сонымен Бейбарыстың титулына айбатты  арыстан сөзін қосып жазады[19].

Сонымен қатар тарихшы ал-Нуайри «Ниһая ал-адаб» атты еңбегінде Мысыр жеріндегі түркі мемлекетінің төртінші патшасы нағыз патша сұлтан Бейбарс ас-Салихи ұлты түркі, Бөрілі (ал-Бурули) тайпасынан — деп жазғанын айта кеткен жөн[20]. Сұлтан Бейбарыстың жеке хатшысы болған Ибн Абдузахир өзінің «Ар-рауд аз-захир фи сира ал-малих аз-захир (жеңімпаз мәлік өмірбаяны) туралы гүлденген бақ» атты еңбегінде сұлтанның тегі Ал бурули деп жазады[21]. Тарихшылардың  сұлтан Бейбарысқа жақындығына қарай олардың сұлтанның шыққан тегі туралы мағлұматтары да түрленіп отырады.

Мысалы: Тарихшылардың көпшілігі Бейбарысты шыққан тегі жағынан Түркі Қыпшақ деумен шектелсе, оның замандастары атап айтқанда сұлтанның қол астында қызмет еткен Ибн Шаддад, Ибн Абдузахир секілді тарихшылар өздерінің шығармаларында сұлтан Бейбарыс шыққан тегі жағынан Түркі, Қыпшақ, оның ішінде Бөрілі немесе Бершіл ұлы руынан деп көрсетіп отырады. Тарихшы Бейбарыс ад-Дауадар өзінің еңбегінде қыпшақ тайпаларының тізімін береді. Олар: Тоқсаба, Тиба, Бурш уғлы Бурули, Қунғур уғли, Шуртан Қара Туркулли және Кутун деп атап көрсетеді[22]. Тарихшының өзі түркі қарақытай тайпасынан шыққан, сондықтан ол бұл мәселені жетік білгеніне күмән жоқ.

Скачать