Диплом жұмысы. ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ…………………………………………………………………………………….
І ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар………………………………………..
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы — киіз үйдің жасалуы және құрылысы………………………………………………………………………………………….
1.2 Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған тұрмыстық заттар………………………………………………..
II ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері ………………………………………………………………………………………….
2.1 Ағаштан жасалған бұйымдарды сақтау тәртіптері мен талаптары…………………………………………………………………………………………
2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру (реставрация, концервация)…………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМШАЛАР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы өзіне ата- бабасының дәстүрін, өмір сүру салтына тән ерекшеліктерін бойына сіңіріп қалыптасты. Халқымыздың көшпелі өмір салты, оның қолөнерінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін халық шеберлері тері өңдеп, жүннен жіп иіріп, тоқыма тоқып, іс тігіп, ағаш өңдеп түрлі бұйымдар жасады. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады. Ағашты сүйекпен әшекейледі, күнделікті тұрмыста үйді, үй іші жиһаздарын жасады. Әсіресе, жүн мен түбітті жібектей, тері терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады.
Халық қолөнері- бағзы замандарда бері ұлы даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы. Оның дамуы қазақ қоғамындағы көшпелі өмір салты, әлеуметтік- эканомикалық жағдай, халықтық сана-сезім және тарихи үрдістермен тығыз байланыста өрбиді. Халықтың этномәдени болмыс бітімін айғақтайтын факторлардың біріне саналатын қолөнер туындыларында халықтың байырғы дүниетанымы мен символикалық, эстетикалық талғамы мен ою- өрнек түрлері бедер бейнелер арқылы орын тапқан. Кәсіпшіліктегі қолөнер бұйымдарының жасалуы қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оны атқару тәсіліне байланысты шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:
Ұсталық және зергерлік, Ағаш өңдеу, Тері, сүйек өңдеу, Тас қашау, Жүн және киіз өңдеу, Тігіншілік, Кестелеу, Кілем тоқу және термелеу, Ши орау және тағыда басқалар жатады.
Бұл заттарда жасалған бұйымдар қазақ халқының күнделікті тұрмысына қолданылатын бұйымдары көші-қонға бейімделіп жасалған жеңіл, сынбайтын, ұзақ тұтынуға төзімді болып келеді.
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған бұйымдардың орны ерекше. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, жеңіл, әрі күнделікті тұрмыс- тіршілікте қолдануға анағұрлымыңғайлы болып келеді. Өкінішке орай, бұл күндері ағаштан жасалған көне дәстүрлі бұйымдар өте сирек кездеседі. Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан мәдениетін, салт- дәстүрін қайта жаңғыртуда музейлердің алтын орны ерекше.
Сондай музейлердің бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музейі өнер туындыларын болашақ ұрпақ үшін сақтап, қорғап, насихаттайтын бірден- бір орталық. Музейдің бай қоры көптеген жылдар бойында қалыптасып , қазір де ел арасынан жиналған көне жәдігерлерді толықтырумен келеді. Музей қорында ағаштан жасалған өте бай жәдігерлер сақталған.
Музейтанудың зерттеу нысанасы музей, музей ісі, музей заты десек те, осылардың негізгі атауын, ұғымын беріп тұрған музейдің өзі айналып келгенде музей затынсыз құрылмақ емес. Ендеше тақырыпқа өзек болып отырған ағаш бұйымдары музей жәдігерлері ретінде қазақ мәдениетінің аса маңызды бөлігі екені сөзсіз. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарыда музейлерде ұлттық мұраны қастерлеуге , зерттеуге ерекше мән берілуде.
Қазіргі музей ісінің негізгі бағыттарының бірі- қазақ халқының ата- баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт- дәстүрін сақтап, болашақ ұрпақтарға тәлім- тәрбие беру, қызыметін жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да музейді, оның қорындағы бұйымдарды зерттеу, сақтау, насихаттау ьүгінгі күні өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қолөнеріне, соның ішінде ағаш бұйымдарына, жасалу техникасына, түрлеріне, қолданылу аясына байланысты зерттеулер жазылған. Ревалюцияға дейінгі кезеңдерде жазылған еңбектер арасынан С.М.Дудиннің «Киргизский орнамент» , Е.А.Клодттың «Казахский народный орнамент», Е.Р. Шнейдердің «Казакская орнаментика », Б.А.Куфтиннің «Киргиз- казаки. Култура и быст» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.
Қазақ халқының қолөнеріне қатысты зерттеулер ХІХ- ХХ ғасырларда зерттеле бастады. А.К.Акишевтің «Искусство и мифология саков», А.И.Левшиннің «Описание киргиз- казачьих, или киргиз- кайсацких орд истепей», Э.А.Масановтың «Очерки истории этнографического изучение казахского народа в СССР» атты еңбектері қазақ халқының қолөнері жайлы мол мәлімет береді.
1956 жылы ҚазССР ҒА- ның тарих, археология және этнология институтыны экспедициясы қазақ халқындағы ағаш бұйымдар, оларды өңдеу техникасы жайлы құнды дерек жинайды. Бұл экспедиция Қостанай және Ақтөбе облыстарының түрлі аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысын жеке жинақ ретінде жариялайды.
Осы тақырыпқа байланысты ғылыми және жан- жақты терең пікірлерді академик Ә.Х.Марғұлан еңбектерінен көреміз. “Казахское народное искусство” атты 2-томдық альбом кітабының 1- ші томында ағаштан жасалған бұйымдардың суреттерін көрсетсе, 2- ші томында қазақ халқының қолөнерінің барлық түріне, соның ішінде ағаш бұйымдарға сипаттама берген. Сонымен қатар Х.Арғынбаевтің, Қасимановтың, Тәжімұратовтың, С.Қожамқұлов, Жаймұханов еңбктерінде ағаш бұйымдардың түрлеріне, жасалу технологиясына тоқталған. Х.Арғынбаев “Қазақ халқының қолөнері” атты еңбегінде қазақ халқының ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерін өндіретін бұйымдарына қарай даралап көрсетеді. Бекешов С.С. “Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары және оның аймақтық ортақ сипаттары”, “Ағаш өңдеу және бұйымдардың оймыш түрлері” атты мақалаларында ағаштан жасалатын бұйымдарға терең талдау жасаған. Ағаш бұйымдарын оюлармен безендіруге байланысты К.Ибраеваның “Казахский орнамент” еңбегінің алатын орны ерекше. Бұл еңбегінде автор қазақ жерінде орын алған ою-өрнектерді зерттеу ісінің шығу тегі және дамуы, мазмұны терең түрде қарастырылады.
Зерттеу жұмысы музей қорындағы жәдігерлерге байланысты болғандықтан, музей ісі теориясынан біраз ғылыми әдебиеттер зерделенді. Өкінішке орай бұл салада қазақ тілінде жазылған әдебиеттер жоқтың қасы. Бұл мәселеге байланысты К.Райымханова мен Д. Қатыранның “Музей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы өте зор екендігін айтып кету керек. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми- ағарту жұмыстар кең көлемде жазылған.
Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде К.Г.Левыкина, В.Хербстың редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля”, Т.Ю. Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.
А.И.Михайловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған.
Музей қорындағы бұйымдарды қорғауға, сақтауға байланысты Н.Ребрикованың еңбегін айтып өтуге болады. Сонымен қатар, “Инструкция по учету и хранению музейных ценностей” инструкциясы музей бұйымдарын қорғау, сақтау тәртіптерін белгілейді.
Тақырыптың деректік көзі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректер, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіндегі инвентарлық кітаптар, картотекалар, музейдің жылдық есептері, экскурция жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер. Сонымен қатар, экспозициялық қойылымдар, экспозиция материялдары және тікелей музей жәдігерлері.
Жұмыстың мақсаты. Осы тақырыпты зерттеу мақсатым- Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдардың, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, музей арқылы ашып көрсетіп, оларды зерттей отырып, ерекшелігін, түрлерін, жасалу техникасын, қазақ халқының өмірінде алатын орнын анықтап, музей заты, тарихи- мәдени жәдігер ретінде қалың оқырманға, зерттеушілерге танымал ету, насихаттау.
Тақырыптың міндеті.
- қазақ халқының ағаштан жасалған бұйымдарының қалыптасуы, түрлері, қолданыс аясы, қазіргі таңдағы ерекшеліктерін зерттеу;
- Орталық Мемлекеттік Музей қорынтағы ағаш бұйымдарға сипаттама беру;
- Тақырыпқа байланысты ғалымдардың еңбектерін пайдаланып, жан- жақты талқылау;
- Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау, қорғау мәселелерін айқындау;
- Музей қорындағы ағаш бұйымдарға реставрация жасау, оның жолдарын музей практикасы жүргізуін ғылыми теориялық әдебиеттерде көрсетілген нормалармен салыстырып, ерекшеліктерін айқындау;
- Ағаш бұйымдардың жасалу технологиясын, құрамын айқындау, салыстыру;
- Музей ісінің оқытылуына үлес қосу, практикалық маңыздылығын көрсету.
- Тақырыптың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, әр тарау екі тараушадан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР.
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы — киіз үйдің жасалынуы және құрылысы (музей экспозициясы бойынша).
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған үй бұйымдарының алған орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалған бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық оларды өндіретін бұйымдарына қарай “үйші”, “арбашы”, “ұста”, “ерші” деп даралады [1.9]. Ал, бұл шебердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай белді. Әсіресе “ұста” атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.
Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: Емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады [2.123]. Орталық Мемлекетік музей қорынан осы айтылған ағаштардың көптеген түрінен жасалған бұйымдарды көруге болады. Мысалы, емен ағашынан жасалған тұғыр (КП 12708. 1930 жылы шебер Қ.Жазықбаев жасаған.), тобылғы шыбықтарынан өрілген кесеқап (КП 1490 ХХІ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы, Жетісу), қайың діңінен жасалған келі (КП 20711/2 ХХ ғасырдың басы) тағы басқалар [30].,3