Дилом жұмысы. Ұлы жібек жолы және ортағасырлардағы қазақстан мәдениеті

0

Диломдық жұмыс . Ұлы жібек жолы және ортағасырлардағы қазақстан мәдениеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………….3 – 7

 

1       ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

 

1.1    Жібек жолының қалыптасуы мен тармақтары……………………..8 — 16

1.2    Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастары мен                                            мәдениет аралық сұқбаттары…………………………………………….16 – 25

 

2       ҮІІІ-ХІІІ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН  МӘДЕНИЕТІ.

2.1    Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және       материалдық мәдениет………………………………………………………26 – 34

2.2    Рухани мәдениет: (тіл, әдебиет, ғылым)…………………………….35 – 39

2.3    Діндер мен мәдениеттер диалогі (христиан, буддизм,

ислам, зороастризм)………………………………………………………….39 – 48

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..49 – 51

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….52 – 54

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақ тарихында зерттелмей, тың жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі ортағасырлардағы дамыған Ұлы Жібек жолы. Жібек жолының тармақтары қазіргі Қазақ даласын басып  өткендіктен көптеген қалалар бой көтеріп, ірі мәдени ошақтар қалыптасты. Азия мен Еуропа арасын  байланыстырушы Ұлы Жібек жолының тарихи рөлі тек басты сауда жолы болуымен ғана шектелмейді. Көне керуен жолдары арқылы бейбіт сауда  керуендерімен қатар саяхатшылар да, айналасына ажал уытын сеуіп, гүлденген қалаларды тып-типыл еткен шапқыншылар да өткен. Нәтижесінде әлемдік діндердің қатарына енетін ислам мен христиан, буддизм халық арасында насихатталып, таралған. Сондай-ақ қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер бұл күретамыр жолдың мәдени, ғылыми ақпараттарды алмасу құралы ретінде Еуразия халықтарының, рухани мәдениетін дамытуда, аса маңызды қызмет атқарғанын дәлелдейді.

Қазақстан жерін қадым замннан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының кейініректегі түркі-қыпшақ, моңғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани жетістіктерімен жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғанын, сол заманғы ойшылдардың еңбектері дәлелдей түседі. Олар:  — Әбу Нәсір әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Махмұт Қашғари, Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри т.б.  Әбу Нәсір әл-Фараби – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың ұстазы” атанған ғұлама ойшылдарымыздың ішінде көренкті орын алады . Ол Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген /1/. Келесі дана ұсаздарымыздың бірі, Қожа Ахмет Йасауи ХІ ғ. өмір сүрген. “Хикмет” (“Даналық сөздері”) деп аталатын өлеңдер жинағында былай деген:

Құл қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,

Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,

Пәрмен болса өлгенше жырласа мен,  —

екен    /2/. Осы сияқты бірнеше хикметтер жазып, түркі халықтары үшін артынан өшпес мұра қалдырды.

Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды. Орталық билік кезеңіндегі Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленді.

Ал қазіргі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанның шынайы тарихын білуге деген  ұлттық сана-сезімнің өрлеуінің куәсі болып отырмыз.

Тарихымызға деген қоғамдық сұраныстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының президентінің ХХ ғасырдың соңғы жылдарын Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылды “Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы” және 1999 жылды “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы” десе, 2000 жылды “Мәдениетті қлдау жылы”  деп жариялауының өзі өткен тарихымыз бен мәдениетімізге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетіп берген болатын.

Сол сияқты Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан іргелі тарихи, діни және мәдени қаламыз Түркістанның 1500 жылдығының өзі қаптап жер қойнауында әлі сырын ашпай жатқан тарихымыздың үлкен бастамасының бірі тәрізді.

Сондықтан да қорғауға ұсынылып отырған диплом жұмысының тақырыбы ретінде алынған “Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті” Отан тарихындағы өзекті мәселенің бірі.

Қазіргі таңда Ұлы Жібек жолы дүние жүзінің көптеген мемлекеттеріндегі туристердің назарын өзіне қатты аударып отыр. Оларды әсіресе Ұлы Жібек жолының Қазақстандық торабы ерекше қызықтырады. Өйткені, ұлы құрлықтың қақ ортасындағы кіндік Азияны басып өтетін бұл тораб кез-келген жиһангез саяхатшылардың жүріп өту үшін тіпті де оңай болмағандықтан мейлінше аз зерттелген еді.

Ұлы Жібек жолының адамзат тарихындағы гуманистік және бейбітшілік қарым-қатынастарды дамытудағы ізгі дәстүрлерін зерттеу мақсатымен ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша жасалып, оның 1987 жылы Парижде өткен бас конференциясының 24-ші сессиясында мақұлданған халықаралық жобаны жүзеге асыру қолға алына бастады.

1994 жылдан бастап бұл жобаға бүкіл дүниежүзілік туристік ұйым (WTO) зор ынта қойып, белсенді қызмет атқаруға кірісті. Өйткені, мұның өзін халықаралық туризмді дамытудың болашақтағы зор перспективасы бар жобалардың бірі ретінде таныды. Ұлы Жібек жолы жөніндегі бұл шешім іле-шала Орта-Азия республикасының ынта-ықыласын арттырды. Қазақстан үкіметі өзінің 1991 жылғы 3-сәуірдегі № 219 және 1992 жылғы 21 қаңтардағы № 41 қаулылары арқылы ЮНЕСКО-ның Ұлы Жібек жолын кешенді зерттеу жөніндегі бағдарламасына толық қолдау көрсеткенін мәлімдеді \3\.

ЮНЕСКО-ның жобасын жүзеге асыруға Қазақ КСР-інің қатысуы туралы және Қазақ КСР-інің “Жібек жолы” ұлттық комитеті туралы қабылданға ол тәуір нормативті актілер, өкінішке орай, тек қағаз жүзінде қалып қойды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 30-сәуірдегі “Түрік тілдес мемлекет басшыларының” Ташкент декларациясын ЮНЕСКО мен Бүкіл дүние жүзілік  туристік  ұйымның Қазақстан республикасында Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфроқұрылымын дамытуды ұйымдастыру жөніндегі жобасын жүзеге асыру туралы № 3476 жарлығы жарияланды /3/.

Міне, біз бұдан тарихымыздың үлкен мәселелерінің бірі Ұлы Жібек жолы күрделі де маңызды іс екенін көреміз. Егер жібек жолы бойында жатқан тарихи ескерткіштерімізді жандандыра  білсек, еліміз үшін табыс көзі екені анық.

Ұлы Жібек жолын жандандырудың бір нұсқасы Алматы қаласында жыл сайын сәір айында Еуразия экономикалық самиті болады. ХХІ ғасырда Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс пен Шығыстың сауда және мәдени қатынастарын одан әрі жандандыру екені даусыз. Ерте орта ғасырларда Жібек жолының басты қызметін жібек матасы атқарса, ал бүгінде бұл жобаның жүгін мәдениет (ғылым, білім т.б.) атқаруда деп айтамыз. Сондықтан Ұлы жібек жолының тарихы мен орта ғасырлардағы мәдениетті кешенді түрде зерттеу, үлкен жетістіктерге жеткізетініне күмән жоқ.

Тақырыптың зерттелуі. Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы археологиялық жағынан біршама зерттелген. Атап айтқанда К.М. Байпақов, К. Ақышев, Ә. Марғұлан, М. Елеуов, У. Шалекенов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері бар \4\. Түрік дәуірін зерттеген ғалым Л.Н. Гумилев \5\ еңбегінде түріктердің шығу тегімен бірге олардың Ұлы Жібек жолына үстемдік жасауы  жан-жақты баяндалады. Шығыс танушы ғалым В.В. Бартольд еңбектеріннде де жібек жолына байланысты мәліметтерді алуға болады. Ғалым түрік дәуіріндегі жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды басып өту себептерін кең көлемде қарастырады.

Қарлұқтар мемлекетінен докторлық диссертация қорғаған зертеуші С.М. Сыздықов /6/ еңбегінде Ұлы Жібек жолына біршама жақсы тоқталып өтеді.

Қарахандар дәуірін зерттеген О. Караев /7/ еңбегінде қарахандардың Жетісу жеріндегі күшті мемлекетке айналуындағы Жібек жолының маңызына тоқталған. Сондай-ақ Жібек жолының бойына орналасқан қалалардың гүлденуіне, отырықшы мәдениетке тигізген әсерін баяндайды.

Орта Азиядағы оғыздар тарихы зерттеуші С.Г. Агаджанов  еңбегінен де мәліметтер аламыз. Оғыздар Қара теңіз жағалауындағы қыр далаға өтіп, Повольжеден Маңғыстау мен Үстіртке жүретін сату жолдарын өз бақылауларына ұстанғандығы жөнінде мәліметтер қамтылған /8/.

Қимақ дәуірін зерттеген Б. Көмеков тарихшымыз да Жібек жолының тарихы мен дамуын араб деректерімен байланыстыра отырып пайымдайды /9/.

Ал қыпшақтарды зерттеуші С.М. Ақынжанов аталмыш тайпалық бірлестіктердің Орталық Азиядағы іргелі елге айналуындағы Ұлы Жібек жолының маңызына арнайы тоқталып жазған /10/.

Түріктердің мәдениетіне байланысты біраз зерттеу еңбектерін арнаған бірталай өзіміздің факультеттің  ғалымдарын да атап айтсақ болады. Атап айтқанда Н.Нұртазина /11/, А.Ш. Махаева “Көне түріктердің рухани мәдениеті” аттыеңбегінде мәдениеттің дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалын кең көлемде баяндаған /12/.

Жалпы түрік дәірін (ҮІ-ХІІІ) зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен  жібек жолының дамуындағы оның мәдениет пен өнерге, қалалардың гүлденуіне тигізген әсеріне көз жеткізуге болады.

Түрік қағанаты құрылған соң халықарды бір-бірімен байланыстырушы күре жол жібек жолына үстемдік етіп, моңғол шапқыншылығына дейін бақылау жасағаны көне тарихымыздан белгілі.

Ұлы Жібек жолының тарихын арнайы зерттеген ғалымдар Е.И. Лубо-Лесничко қытай тарихын зерттеуші, кандидаттық диссертациясын “Китайские шелковые ткани периода хан” деген тақырыпта, докторлық диссертациясын “Китай на Шелковом пути…”/ мәселе бойынша қорғаған 13/. Бірақ бұл зерттеушінің тақырыбының аты  айтып тұрғандай тек қытайдағы жібекке байланысты  мәселелерді кең көлемде қамтыған. Соған қарамастан атлған еңбектен көптеген  мәліметтерді алуға болады. Зерттеуші А.А. Иерусалмская еңбегінен де көптеген мәліметтерді алуға борлады /14/. А.М. Петров /15/. Ал, Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының тарихы мен дамуын К. Байпақов пен А. Нұржановтың еңбектерінен көруге болады. Зерттеуші ғалымдар осы уақытқа дейінгі жарық көрген материалдарды археологиялық мәліметтермен байланыстыра отырып баяндайды /16/. Мерзімді басылым беттерінде Ұлы Жібек жолына  байланысты көптеген мақалалар жарық көрді. Бұның өзі жібек жолының маңыздылығын одан әрі айғақтай түседі.

1990 жылы Қазақстандағы “Ұлы Жібек жолы экспедициясына” қатысып, қазақ делигациясын басқарған профессор Ж. Таймағамбетовтың мақалалары тақырыптың ауқымдылығын айқұындай түседі /17/.

Тақырыптың деректік қоры. Ұлы Жібек жолының тарихи-географиялық жағдайы, исламға дейінгі Орта Азия жайында деректер сондайлық көп емес. Аздаған мағлұматтар грек, латын жылнамалында сақталған. Бұл ретте керуеншілердің өздері  жүріп өткен жолындағы елдердің табиғаты, оны мекендейтін халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрлері, мәдениеті жөнінде деректерді таратқанын айта кеткен жөн. Бұл мәліметтерді шығыс  халықтарына батыстағы елдерді, ал Еуропаға Азияны танытқан алғашқы географиялық деректер ретінде бағалауға болады. Жібек жолы туралы басқа да жазба деректерді айтар болсақ, қытай, араб, парсы жиһангездерінің жазып қалдырған мәліметтерінен аламыз. Хань әулеті билік еткен кезеңде (б.з.д. ІІ ғ. — б.з. ІІ ғ.) Жібек жолының негізі салынып, Қытай мен Орталық Азия мемлекетінің сауда мен саяси байланыстары жанданды. Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618 — 907) тұтас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметттердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. “Тан әулетінің ескі тарихы” (“Цзю Таншу”), “Тан әулетінің жаңа тарихы” (“Синь Таншу”). Қытай тіліндегі бұл мәліметті біз атақты тарихшы Н.Я. Бичуриннің еңбегінен алдық /18/.

Ортағасырлық араб Тамим ибн Бахрдың Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында жатқан кимектер елі арқылы  Тоғыз-гұз қағанының астанасына алғашқы саяхаты ІХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді.

Сондай-ақ, Ибн-Хордадбехтің “Жолдар мен мемлекеттер кітабы” (Китаб әлмасалик уә-л-мамалик) деген еңбегінде Ұлы Жібек жолына орналасқан қалаларды тізіп көрсеткен.

Араб географы әрі саяхатшы әл-Истахардің “Жолдар мен мемлекеттер кітабы” (Китаб әл-масалик уә-л-мамалик) еңбегінде дүние жүзінің картасы келтіріп, түрік тайпаларының шоғырланған жері көрсетілген.

Әл-Масудидің (Х ғ.) 985 жылы жазылған “Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс” (Ахсан ат-такасим фи-марифат әл-акалим). Әл-Идрисидің “Жер келбеті” (Сурат әл-ард). Ибн Фадланның “Еділ бойына саяхат” атты еңбектері тақырыптың деректік қоры болып табылады. Аталған мәліметтерді С.Л. Волиннің аудармасынан алуға болады /20/.

Сонымен бірге О. Караевтың араб-парсы деректерінің аудармасынан қарастыруға болады.

Тақырыпты зертеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты Ортағасырлардағы Ұлы Жібек жолының қызметін, Орталық Азияда саяси мәнге ие болуын және сауда мен қалалардың өсуіне әкелуін біртұтас мәдениеттің дамуына ықпалын жүйелі түрде қарастыру болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды.

— Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен оның тармақтарын

қарастыру;

-ҮІІІ-ХІІІ ғғ. Жібек жолының қызметі мен оның тарихи маңызын  баяндау

— Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастардағы рөлін көрсету.

-Ортағасырларда мәдениеттің дамуы (рухани және заттай).

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиясы ҮІІІ-ХІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Ұлы Жібек жолының сонау Батыс пен Шығысты жалғастырушы негізгі жол болғандықтан, оның ауқымының кеңдігіне байланысты, диплом жұмысының аймақтық шеңберін Орта Азия көлемінде ғана  қарастыруды жөн санадық.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс: Кіріспеден және екі тараудан бес тармақшадан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

        

 

1   ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

 

  • Жібек жолының қалыптасуы мен тармақтары

                    

Біріншіден, осы Ұлы жол қалай қалыптасты екен деген сұрақ туындайды. Сондықтан бұл сауалға жауап беруді жөн көрдік.

Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Алғашында сауда бір жерде бар, екінші жерде жоқ нәрселер мен құнды заттарды айырбас жасау түрінде жүргізілді. Кейін келе тауарларды айырбас жасады. Осыдан барып ақшаға сату басталды. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар біріне-бірі қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда (Еуразия) Ұлы Жібек жолы пайда болған деп тұжырым жасаған тарихшы ғалымдар. Жібек жолының жүйесі адам денесіне нәр беретін тарамдалған қан тамырына ұқсайды. Ол Еуразиядағы барлық мемлекеттер мен халықтарды бір-бірімен жалғастырып тұрған /15/.

“Ұлы Жібек жолы” деген ежелден келе жатқан ат емес. Бұл атау тек 1877 жылы пайда болған. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қалыптастырды. Сол кезеңнен бастап осы бір сәтті табылған атау адамзаттың таң қаларлық жетістігінің өзіндік куәсі болып, халықтар соның арқасында бір – бірімен ғылыми ойларымен, мәдени және діни идеяларымен бөлісе бастады. Жібек жолы қазіргі  күнгі INTERNET  жүйесі секілді сан ғасырлар бойы ел мен елді біріктірген мағлұмат, ақпарат саласы болып табылды деп анықтама беруге болады.

Сол кездегі сауданың басты тауар айналымы Қытайда өндірілетін жібек матасы болғандықтан, жол “Жібек жолы” деп аталынды.

Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан көне дәуір мне орта ғасыр кезеңдерінде осы аймақтағы халықтардың сауда мне мәдени байланыстарына негіз салған байырғы керуен жолдарының жүйесі /16/.

Ұлы Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, жаңа елдер мен жерлерді көріп, танып-білуге асыққан саяхатшылардың да жолы болған.

Жібек жолы мен оның тармақтары тек ғана табиғат жағдайлары қолайлы аудандар арқылы өтті деу жетімсіз. Тарихи-топографиялық зерттеулер аса қатал табиғатына байланысты “Бетпақдала” атанған ұланғайыр шөл арқылы да көптеген керуен жолдары өткенін дәлелдейді. Жол бойына табылған  әртүрлі белгілер, обалар, құдықтар және т.б. осының айғағы. Кейінгі ғасырларда Жібек жолының жеке тармақтары сауда қатынасынан гөрі жорықтар мен саяхат жолдары ретінде танымал болды.

 

Скачать