Дилом жұмысы. Чилидегі генерал Аугусто Пиночет билігі тұсындағы мемлекеттің құрылымды

0

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I ТАРАУ. ЧИЛИДЕ ӘСКЕРИ ЖҮЙЕНІҢ ОРНАУЫ.   ГЕНЕРАЛ ПИНОЧЕТ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ

 

II ТАРАУ. ӘСКЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАР, САЯСИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ШІРКЕУ ЧИЛИДЕГІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУ ПРОЦЕСІНДЕ

 

ІІІ ТАРАУ. ЖҮЙЕНІҢ СИПАТЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ. ОНЫҢ ЖОЙЫЛУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі.  Тәуелсіз Қазақстанның дүние жүзі тарихына байланысты тарих ғылымындағы жаңаша көзқарастары шынайы тарих жасау ұстанымдарын қажет етеді. Қазақстанның екі бірдей Қытай және Ресей секілді әлемдік саясатта белсенді мемлекеттердің арасында орналасқан геосаяси тарихи болмысы кез-келген халықаралық тұрпаттағы мәселеде  ұтқыр болуға бейімдетеді. Осындай тарихи ұстанымдардан қаралар  қазіргі заман мәселелері ауқымында көлденең болған тарихи құбылыстар, әсіресе ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемдік дамудың қарама-қайшылықтағы екі полюсінің қалыптасуы өркениетті даму жолына қадам басқан мемлекеттер тағдырына қатаң әсер қалдырды.

ХХ ғасыр адам баласының  тарихындағы қарама-қайшылыққа тола ғасырлардың бірі болғаны белгілі. Бүгінгі дүние жүзі елдерінің ара салмағы анықтар геосаяси құрылмдар да осы ғасыр ауқымындағы тарихи оқиғалар желісінде түзілді.  Сол сияқты Латын Америкасы елдерінің ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы әлем картасында пайда болған бұрынғы Ибериялық мемлекеттер, яғни испан, португал билеушілерінің отарында болған елдердің тәуелсіздікке қол жеткізулерінің өзі батыс жарты шардағы АҚШ төрелігінде жүзеге асып, оған жер шарының сол бөлігінде “полицай функциясын” орындау мүмкіндігін тудырды. Монро доктринасы аясында еуропалық мемлекеттерді осы мемлекеттер ісіне араластырмау саясатын ұстанған АҚШ үшін осы кезеңнен бастап өз тәуелсіздігіне қол жеткізе батсаған Латын Америкасы елдеріне қолдау көмегін созудың президенті Тафттың есімімен байланысты болған “доллар дипломатиясы” әрекет ете бастағаны белгілі.

Қазіргі заман кезеңіндегі де демократиялық түзілімдерге аяқ баса бастаған Латын Америкасы еледерінің  бірі Чилидің ішкі саяси ісіне араласа ықпалды саясат жүргізген АҚШ оған А. Пиночет басқарған жаңа мемлекеттік жүйені жасап берді. Бұл жүйенің орнығуы бүгінгі әлемдік саясат мінберінде әлі күн тәртібінен түспеген және қазіргі заман тарихының ақтандақтар ақиқаты беттерінен орын алған Пиночеттік диктаторлық кезең деген атаудың қалыптасуына негіз жасаған еді.

Осындай тарихи мәселенің ғылыми талдаудан өтуінің бітіру жұмысына арқау болуы “тірі тарих” айтудың міндеттерін жүктеп бірқатар саяси-әлеуметтік, экономикалық қоғамдық мәселелерді мемлекеттік құрылымдар негізінде талдаудың тұжырымдарын қалыптастырды. Сондықтан да бітіру жұмысы тақырыбына арқау болып отырған және ХХ ғасырдың әлемдік саясатындағы теке-тірестіктің нәтижесінде қалыптасқан Латын Америкасы елдеріндегі  кейбір мемлекеттік құрылымдардың, әсіресе Чилидің  тарихи өткелдері мен тәжірбиесінде қадағаланған елдердің  диктаторлық тұрпаттағы  болмысын саралау өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Ұлттық мүддедегі тарих жазудың әлемдік тарихи синтездеу мектептері қалыптастырған тарихты салалы қарастырудың методологиялық ұстанымдарын негізге  ала отырып,  дүние оның зерттелуін анықтар ғылыми еңбектер мен монографиялық зерттеулердің маңызы зор  болды. Чилидегі Пиночет төңкерісінің басталуы, оның сипаты мен мазмұны, тұрпаты әлем елдері тарихшыларының, саясаткерлерінің зерттеу нысанасынан  тыс қалған емес.

Чилидегі мемлекеттік жүйе тарихының саяси билік келбетімен астасқан және халықаралық мәнге ие болған әртүрлі жақты сипатты мәселелерін саралауда бітіру жұмысын жазуға сілтеме болған зертттеулер, орыс тіліндегі еңбектер тұрғысында негізге алынды. Жалпы қаралар тақырып ауқымының тарихи кезеңі,  кеңестік уақыт ауқымына сәйкес келгендіктен осы уақыт өлшемінде қарайтын тарихшылар көзқарасын жеке алып қарау және бүгінгі демократиялық қайта құрулар, яғни кеңестік кезеңнен кейінгі тарихи кеңістік тұғырында зерттелген еңбектерді дара қарау жұмыстың тарихнамалық өлшемін жасайды.

Кеңес дәуіріндегі зерттеушілерге келетін болсақ, онда Ф.М. Сергеев, С.С.Черникова, Ю.Н.Королев, М.Ф.Кудачкин, Г.Э Лабарка, Б.И.Коваль    секілді зерттеушілерді атап өтуге болады. Бұл авторлардың барлығын маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазды деуге болмайды. Дегенменде кейбір тұстарда авторлардың асыра сілтей жазуы   байқалып тұрады.

Ф.М. Сергеев Пиночетті тарихтағы фашизм қалыптастырған Гестаполық мекеме секілді жаңаша жүйені жасағаны үшін айыптай отырып,   өз еңбегінде Халық бірлігі коалициялық үкіметі социалистік мақсатқа жету үшін антиимпериялық, антиолигархиялық іс-шараларын жүзеге асырғандығын,  сондай-ақ 1973 жылы 11 қыркүйекте чилилік реакциялық әскери топтары тікелей империалистік күштердің қолдауымен Халық бірлігі үкіметін күшпен құлатып өзінің әскери-фашастік диктатурасын орнатқандығын саралайды [1].

Сондай-ақ  Ю.Н. Королев 1973 жылғы Чилидегі демократиялық сайлау нәтижесінде билікке келген Халық бірлігі коалициялық үкіметінің американдық империализм көмегімен құлатылуы, АҚШ тарихындағы ыңғайсыз жәйіттердің бірі екеніндігін өз зерттеуінде тікелей мысалдар келтіру арқылы ашуға тырысады [2].  Осындай ұстанымдағы кеңестік саясат бағдарында зерттеу жүргізген тарихшылар М.Ф Кудачкин [3],  Г.Э Лабарка [4], Б.И. Коваль [5]   еңбектері бұл төңіректе ой жиынтықтайды.

Кеңестік кезеңнен кейінгі уақытта тақырып мәселесін арқау еткен әлемдік тарихты зерттеушілер С.С.Черникова [6], Д.В.Белов [7], М.А. Пилипенко [8], А.Тарасов [9], Д.Травин [10], А. Медведенко [11], М. Шнайдер [12], О.П.Проселкова  [13], Е.Ю.Кудрявцева [14], В.А. Царегородцев  [15], В.П. Сличенко [16], Л. Велехов [17]О. Пидлуцкий  [18] И.А.Строганов [19], еңбектері бірқатар тың бағдарда зерттеу мәселелерін жан-жақты саралау ұстанымында жұмыс жүргізген. Олар өз зерттеулерінде неғұрлым шынайы ақпарат және тарихи оқиғаға неғұрлым әділ бағасын беруге тырысады.  Жалпы бұл зерттеушілер еңбектерінен түйген ортақ тұжырым, Пиночетті бір ғана айыптаушы тұрғысынан қарау емес, сонымен бірге оны социализм лаңынан халқын сақтап қалған генерал ретінде де тану, ол құрған жүйенін ілгерлеуіне негіз болған факторлардың Чили мемлекетінің дамуына сілтемелілігі және “темірдей тәртіп” ұғымының саясаттағы қолданыстық ретін Чилиге де мысалдаудың үрдісі қолдалынады.

Еуропалық тарихшылар қатарында Олекса Пидлуцкийдің  мақаласы да осы тұрғыда қаралар нысаны аша түсуге тырысқандай.  Елін социализмнің құрылымынан бөле-жарған Пиночет әрекеті бұл мақалада кремльдік марқасқалардың көңілін су сепкендей басқан еді, содан бастап кеңестік үгіт-насихатшылар Пиночетті қарапайым халық алдында “әлемдік зұлымдықтың қайнар көзі” ретінде көрсететіндігі айтылады.  Сондай-ақ Марио Шнайдердің Чилидегі демократияға өту бағыттары мен авторитарлық мұраларды саралауға негізделеген еңбегі де бұл  жолдағы чилиліктердің күресі, олардың авторитарлық жүйе қалдықтарынан қалай құтылғандығы жайлы баяндайды. Сонымен қатар,  ол Чили әскерінің Альенде тұсында да, Пиночет тұсында да маңызды саяси күш болғандығын айтады.

Диплом жұмысының деректік  негізіне алынған Чили Компартиясы мүшелерінің жасаған баяндамалары, тарихи оқиға мен кезеңге қатысты чилиліктердің өздерінің “Латинская Америка” журналына берген сұхбаттары бітіру жұмысы мазмұнын толықтыра түскен еді.  Испан тіліндегі деректердің негізгі дені “Латинская Америка” журналында орыс тілінде аударылып берілгендіктен деректік құжаттардың осы тілдегі мәтіні айналысқа енді.

Деректік жиынтықты құрайтын 1977 жылы тамыз айында өткен Чили Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында жасалған баяндамалардың жинағын  айтуға болады [20]. Бұл жинақтың ішінде Чили Коммунистік партиясының Бас хатшысы Луис Корваланның, партияның басқа да Хорхе Монтеса, Хульета Компусано секілді жиырмаға жуық беделді мүшелерінің баяндамаларының мәтіні берілген. Жинақ материалдарында чилилік социалистердің билікке келуі үлкен жетістік ретінде бағаланып, оның хунтадан жеңілісі талданады. Чили Компартиясының Бас хатшысы Л. Корвалан өз баяндамасында Пиночетті халыққа қарсы оқ атушы фашист деп айыптайды. Пиночет билігінің артында капиталистік елдердің , ірі қаржылық топтардың тұрғандығын айта кетеді. Сол пленумда Хорхе Монтеса да Пиночет жүйесін ірі капиталистік елдердің, ірі қаржылық топтардың жақтаушысы, марксизм-ленинизм теориясына қарсы шығушы фашист деп айыптап, жүйеге қарсы күресте чилилік коммунистердің еңбегін ерен атап өтеді. Ал Хульета Компусано өзінің бяандамасында Куба революциясын және КСРО Коммунстік партиясының әрекеттерін мақтан тұтатынын, басқа да социалистік елдердің ынтымақтастық танытқаны үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар Хульета Компусано өзінің баяндамасында Чили халқының Пиночеттің фашистік жүйесін құлататындығына, кедейшілік пен аштықты жоятындығына, социализмге өту үшін Чили жаңа демократиялық жолға түсетіндігін айтады.

Баспасөздің де дерек көзі екендігін негізге ала отырып, жарияланым беттеріндегі саясаткерлердің баяндамалары, қарапайым чилиліктердің газет-журналдарға берген сұхбаттарының  да маңызы зор болғандығын айта кетуге болады. Сондай сұхбаттардың бірі “Латинская Америка” журналында “Қылмыс куәгерлері” деген атпен басылып шығады [21]. Онда қарапайым дәрігер Рут Криес пен дәрігер Альберто Энрике Неуманның берген сұхбаттары жарияланған. Куәгерлер Пиночет жүйесінің шамадан тыс қатал болғандығын,  көптеген адамдардың жазықсыз мерт болғандығын айтады. Пиночет жүйесінің бірінші кезекте коммунистерге қырғидай тигендігін ескерген жөн. Рут Криес те өзінің күйеуінің 1971 жылдан бастап коммунистер қатарында болғандығын айтса, дәрігер Альберто Энрике Неуманда 1965 жылдан бастап өзінің Компартия мүшесі екендігін айтады. Рут Криес сұхбат барысында өзінің күйеуінің карабинерлер қолынан қаза тапқандығын айтса, дәрігер Альберто Неуман өзінің өлім аузынан қалғандығын айтады [21]. Жоғарыдағы келтірілген деректер бізге Чилидің қырғи-қабақ соғысының құрбаны болғандығын, елдегі орын алған Пиночет жүйесінің шамадан тыс қатал болғандығынан хабар береді.

Ұлттық барлау басқармасының директоры полковник Мануэль Контрера Сепульведаның ел президенті А. Пиночетке құпия хатының да деректік мазмұны бар. Ол құжатта сыртқы барлауды күшейту үшін, Пиночет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін президенттен бұл басқармаға бюджеттен қосымша 600 мың доллар бөлуін сұрайды. Бұл құжат ең алғаш 1977 жылы мексикалық  “Эль Соль де Мехико” атты газетінде жаряланады  [22].

       Диплом жұмысының методологиялық негізі.  Дүние жүзі тарихының өзекті мәселелерін салалы мәселелер тұрғысында қараудың ұстанымдарында саралаудың ғылыми мүмкіндіктері жұмысты жазу тәсіліне алынды.

Тақырыптың мәселесін ашуда Бүгінгі кезеңде де әлемдегі мәселелерде өзін басым санайтын мемлекеттерге тән ұстанымдар өзге елдердің ішкі ісіне қатысты әрекеттерде көлденең кездесіп жатады. Осындай жағдайда бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде, бірден-бір ауқатты, геосаяси потенциалды аймақ ретіндегі Қазақстанның, халықаралық қатынас мәселелеріндегі аймақтық қауіпсіздікке қатысты кез-кезген мәселеге қоғамдық бірлестіктер тарихындағы белесті тәжірибелер тұрғысынан қарау арқылы  тың ұстанымда болуы, кездейсоқ ғылыми тұжырымдарды тудырмауы сөзсіз. Мұндай ұстанымда қарау арқылы ресми және дипломатиялық құжаттар негізінде, ғылыми басылымдар беттеріндегі сараптамалар басшылығында Чилидегі мемлекеттік ауқымды мәселелердің қаралуы тақырып жаңалығын көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.  Бітіру жұмысын жазудағы алға қойылған басты мақсат әскери жүйесін, геноцидті саясат құралына айналдырып авторитаризм амалдарымен түрлендірген Чилидегі генерал Аугусто Пиночет билігі тұсындағы мемлекеттің құрылымдық мәселелерін бүгінгі уақыт сынынан қаралар деректер негізінде бағамдай отырып, оны уақыт бағасында қарастыру болып отыр. Сондай-ақ Чили халқының демократия үшін күресін баяндау да негізге алынды. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-Чилидегі әскери жүйенің билік басына келгендігі, оның өзге де саяси партиялармен,  ұйымдармен  ара-қатынасын анықтау;

-Әр түрлі ұйымдардың Чилидегі модернизациялану нысаналарындағы алатын орнын бағамдау;

-Чилидің қоғамдық даму нысаналарындағы  әлеуметтік таптар мен саяси ұйымдардың және шіркеудің алатын орнын ашып көрсету;

-Түрлі деректер мен зерттеулерге сүйене отырып жүйенің сипаты мен эволюциясының кезеңдерін, оның жойылуындағы сыртқы факторлардың алатын орнын саралау;

– Пиночетке қатысты кеңестік тарихнамадағы ұстанымдарды бүгінгі саяси ұстанымдарға бағымдайтын, “қырғи-қабақ соғыс” саясаты жойылған тұстағы тарихнамалық ұстанымдар арқылы салыстыру.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ  ғасырдың 70-80 жылдарын қамтитын тарихи кезең оқиғалары Чилидегі Пиночеттің билікке келген 1973 жылмен, оның нақты биліктен ажыратылған 1990 жылғы уақыт өлшемі жұмыстың хронологиялық шеңберін береді.

      Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

I ТАРАУ. ЧИЛИДЕ ӘСКЕРИ ЖҮЙЕНІҢ ОРНАУЫ.   ГЕНЕРАЛ ПИНОЧЕТ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ

 

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Чилидің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму тұрпаты сол уақыттың көрсеткішімен қарағанда біршама талпыныс деңгейінде болатын. Жалпы Оңтүстік Америка құрлығының оңтүстік-батыс жағасында орналасқан, жер аумағы 756,9 мың шаршы шақырымды құрайтын Чили Республикасының геосаяси ауқымына жағалаулық бірқатар аралдар (олардың ішінде ірісі Чилоэ аралы), Отты Жер аралының батыс бөлігі, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Сан-Амбросио, Сан-Фелис, Сан-Фернандес, Сали-и-Гомес, Пасхи тағы басқалары кіріп мемлекеттік бірлестікті жабдықтайды.

Астанасы Сантьяго қаласы болып есептелетін республика 25  провинциялық әкімшілікке бөлінеді. Чили негізінен таулы өлке. Тынық мұхит  жағалауындағы ені тар (кеңдігі 15 шақырымнан 365 шақырымға дейін, ұзындығы 4300 шақырым ) аймақта орналасқан. Халқының 90 пайызы чилиліктер (үндістермен қоныс аударушы испандардан шыққан будан тектілер), және аймақты бұрыннан мекен етуші  үндістер аз қалған. Сондай-ақ  немістер, итальяндар, испандар, аргентиндер, арабтар, тағы басқалар да тұрады. Сантьяго, Вальпараисо, Консепсьон, Винья-дель-Мар, Антофагаста секілді ірі қалалар түзген, мемлекеттің діні –католик діні. Аңызға негіз Жаратушы Жер шарын жасап болғаннан кейін қолында қалған әртүрлі: құм, вулкан, руда, ағаш, өзен, шөл, фьорды, мұздықтар мен далалар секілді элементтерден, олардың бәрін бір жерге шоғырландырып, құрлық шетіне орналастырады. Осы жер Чили деген атауға ие болады. “Чили” атауы территорияны мекендеген  жергілікті  тайпа  тілінен аударғанда “жер аяқталар тұс” деген мағынаны береді [8,32]. Чили кезінде Испанияның кедей отары болған. Испандықтар алғаш  келген кезде империяның байлығын табу үшін көптеген экспедициялар ұйымдастырған болатын. Чилиге бағытталған экспедициялар ол: 1535-1537 жылдардағы Диего де Альмагро мен 1540 жылы Педро де Вальдивиидің экспедициялары еді [23,78]. Чилиді жаулау  испандықтарға оңайға соқпаған. Әсіресе, мапуче немесе аракуандарды бағындыру үшін біраз қан төгуге тура келеді [8,34]. Одан басқа да үндіс тайпалары болған. Олар испандықтардың отарлауы нәтижесінде тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытып, бір сөзбен айтқанда ассимиляцияға ұшырап кеткен. Испандықтармен жергілікті үндістер арасында  некелесу өте көп орын алған. Сонымен қатар, Чилиге испандықтардан басқа да еуропалық қоныстанушылардың да көптеп барғанын, олардың Чили қоғамының элитасын  қалыптастырғанын айта кеткен жөн. Испандықтармен  қатар мұнда Солтүстік Еуропадан ирландтықтармен шотландтықтарда көптеп қоныс аударды. Сонымен қатар мұнда Англиядан да көптеп қоныс аударушылар келген. Чили азаматтарын осыған бола Оңтүстік Американың ағылшындары деп атаса керек-ті. Мұнда сонымен қатар француздармен немістердің де ұрпақтарын көптеп кездестіруге болады. Олардың әр қайсысы Чилиге әртүрлі мақсатпен келген, біреуі отарлау үшін, біреуі тыныш өмірді аңсап, енді біреуі сауда жасау мақсатымен келген. Чилиге келген шетелдіктер испан, ағылшын, неміс немесе француз болудан қалып, барлығы бір ұлтқа яғни, чилиліктерге айналды. Чилидің ХХ ғасырға дейінгі қалыптасуының тарихи негізі осылайша түзілген.

 

 

Скачать

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз