Дипломдық жұмыс: Политология | Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Кіріспе………………………………………………………………..3 бет
1.Бөлім. Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін
әсердің теориялық-әдістемелік негіздері.
1.1Жаһандану процесі, оның негізгі ерекешеліктері………………6 бет
1.2.Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін
бағалаудағы әлеуметтік-мәдени тәсіл………………………..16 бет
1.3.Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-саяси
ұқсастық (идентификация) мәселесі…………………………….33 бет
2.Бөлім: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың
саяси мәдениеті.
2.1. Жаһанды әлемдегі Қазақстан мемлекеті……………………37 бет
2.2. Қазақстан Республикасындағы демократиялық саяси
мәдениеті мен саяси сананың қалыптасу мен даму
үрдістері……………………………………………………………41 бет
Қорытынды…………………………………………………………55 бет
Сілтемелер тізімі……………………………………………………57 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………….59 бет
Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған, әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.
Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты болмақ. Жаһандану дүниесі көптеген, әсіресе дамушы немесе біз секілді өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан мемлекеттер үшін сандаған проблемаларды көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде. Сонымен бірге, бұл процестің адамзатқа әкелетін жағымды жақтары да аз емес. Осы орайда Қазақстанның дербес дамуы мен сол жолымен нық жүріп келетінін ескере отырып, енді жаһандану жағдайындағы барша оңды әсерлерін игеріп, өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі маңызды болып отыр.
Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың 2004 жылы 23 сәуірде Алматыда өткен медиа форумда «Бірден-бір дұрыс үлгі- жаһандану талаптарына ұлттық мемлекеттердің бірте-бірте етін үйретуі болады.» айтқан сөздері де өзекті.[1]
«Қазіргі әлемде сырттай қарағанда сайыспайтын, бірақ диалектикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты процестер жүріп жатыр. Бір жағынан әлем одан сайын іштей тұтастана түсіп, саяси, экономикалық және мәдени өлшемдердің көпшілікке тиімді көрінген, кейде өкшемдікпен таңылған үлгілерді кеңінен тарап, жаһандану қанаты кеңейе түсуде. Екінші жағынан, бұрын бодандықта болып келген халықтардың мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастыру мұмкіндігі күшейе түсті және оны жүзеге асыруға халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың қызметі игі ықпал етуде. Жаңа тәуелсіз мемелекеттердің пайда болуы өз кезегінде сол мемлекетті құрған халықтың төлтумалығын, мәдени–рухани табиғатын бүкіл әлемге таратуға мүмкіндіктер ашады. Басқаша айтқанда, біз қазіргі кезңде әр түрлі бағыттағы объективті процестердің күәсі болып отырмыз. Әлемдегі бірлесу мен біріңғайлану құбылыстары әр түрлі мемлекеттер мен аймақтардағы халықтардың өзіндік мәдени-рухани болмысын сақтап қалуға ұмтылу процесі ауқымды көрініс табуда. Мұның бәрі осы мәселелерді жүйелі түрде ғылыми-теориялық талдау қажеттігін өзекті ете түсуде.»[2.64бб]
Біз үшін жасанды, виртуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырдағы рухы биік мәдениетімізді қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Оған ешқандай күмән болмас.
Жаһандану дүниесіне кірудің дұрыс формуласын табу, оған бейімделу, жаһандық бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда әлемдік экономикалық және саяси қатарда қолайлы позицияда болу — өте маңызды мәселе. Ал ол үшін, ең алдымен, жаһандану процесінің ерекшеліктері неде екенін түсінуге әрекеттену керек.
Мақсаты: Жаһандану процесінің мемлекеттің саяси-мәдени салаларына тизізетін әсерін айқындау.
Міндеттері:
1.Жаһандану процесінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
2.Басқа елдердің тәжірибесінде жаһандану процесінің әсерін зерттеу;
3.Жаһандану жағдайындағы Қазақстан мемлекетіндегі демократиялық саяси мәдениет пен саяси сананың даму мен қалыптасу үрдістерін көрсету.
Зерттеу обьектісі.
Зерттеу объектісіне жаһандану жағдайындағы Қазақстандағы саяси сана мен саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы жатады.
Зерттеу пәні — жаһандану процесі мен қазіргі кезеңдегі жаһандану әлемдегі мәдениет пен ұқсастық мәселелері.
Пайдаланылған әдістер:
— Тарихи әдіс. Жаһандану концепциялары мен ұғымының сонымен бірге, Қазақстандағы саяси сана мен саяси мәдениеттің қалыптасуымен, әрі қарай дамуын зерттеу мақсатында қолданылған.
— Кампаративистік әдіс. Жаһандану процесінің басқа да елдер мәдениеттеріне тигізетін әсерін және бұл процестің ондағы өту дәрежесін салыстыру мақсатында пайдаланылды.
— Әлеуметтік-мәдени әдіс. Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін бағалауда қолданылды.
Зерттелу дәрежесі:
Қазіргі таңда жаһандану процесі мен оның қоғамның түрлі салаларына тигізетін әсері жайлы көптеген Батыс ғалымдары, көршілес Ресей мемлекетінің ғалымдарымен қоса, бірқатар отандық зерттеушілер де айналысуда. Мысалы, Батыстың зерттеушілерінен келесілерді бөлуге болады: У.Бек, П.Бергер, С.Хантингтон, А.Гидденс, Р.Робертсон, И.Валерстайн, А.Вебер және т.б. Ал, Ресейлік зерттеушілерден: Пантин В.И., Панарин А.С., Василенко И.В., Федотова Н.Н., Э.А. Азроянц, М.Г. Делягин, В.И. Толстых, В.Гаджиев және т.б. бұл процесті зерттеумен айналысуда. Отандық зерттеушілерге келер болсақ, олар: А.Нысанбаев, М. Ашимбаев, А. Арыстанбекова, Д.Тасмағамбетов, Р.Лебеков, Н.Исингарин, Гаипов З.С., Лигновская В.И., Ж. Джандосова, М. Шайхутдинов және т.б.
Жұмыс: кіріспе, негізгі — 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ондағы 1-нші бөлім- жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін әсердің теориялық-методологиялық негіздеріне байланысты жазылып, келесідей сұрақтарды қамтиды: процестің ерекшелігін сипаттаған ғалымдардың тұжырымдары; жаһанданудың даму концепциялары; жаһандану жағдайындағы саяси-мәдени ұқсастық мәселесі мен Қытай, Германия және Түркия елдерінің тәжірибесіндегі мәдени жаһандану;
Жұмыстың 2-нші бөлімі: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың саяси мәдениеті деп аталып, келесі сұрақтарды қамтиды: Жаһанды әлемдегі Қазақстан мемлекетінің орны мен Республикамыздағы демократиялық саяси мәдениеті мен саяси сананың қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері.
Жұмыстың барысында келесі әдебиеттер пайдаланылды: М.Делягин «Практика глобализации: игры и правила» ;П.Бергер, С.Хантингтон «Многоликая глобализация»; Василенко И.А. «Политическая глобалистикаң; А.Нысанбаев «Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы», «Человек и открытое общество», «О традиционной этике казахов»; Л.АБайдельдинов «Казахстан как политическая реальность»; Қазыбеков Н.А. «Саяси процестер: мәдениет-демократизация-жаһандану» және т.б.
Сонымен бірге, бұл мәселеге байланысты жазылған келесі журналдардағы бірқатар мақалалар пайдаланды: «САЯСАТ», «АҚИҚАТ», «Қоғам және дәуір», «ПОЛИС», «Евразийское сообщество», «ІЗДЕНІС» және т.б.
1.Бөлім. Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін
әсердің теориялық-әдістемелік негіздері.
1.1 Жаһандану процесі,оның негізгі ерекшеліктері.
«Жаһандану» терминін алғаш рет «Гарвард бизнес ревью» журналында жариялынған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Осы ұғым арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышанындағы іс-әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаөандану және технологиялар халықаралық қатынастрды анықтайтын басты екі факторға айналды.
«Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап, ақпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «Жаһандану» ұғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер, біртұтас жершарын ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «Жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, географилық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.
Француз ғылыми мектебінде «Жаһандану» ұғымы екі мағынаға бөлінеді: мондиализация («la mondіalіsatіonң француздың «la mondeң-бейбітшілік деген сөзінен) және жаһандану («la globalіsatіonң). Бұл арада «Жаһандану» терминімен одан да кең жаһандық процесс-мондиализацияның экономикалық және қаржылық жақтарын ғана айтады.
Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың «Мондиализация» сөздігің төмендегідей анықтама береді: «Мондиализация кедергісіз ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді, онда бәрі де жақын, қол жеткірліктей, барлығы да бір-бірімен байланыста, осының жағымды нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынымақтастық арта түсуде». Бұл 1970 жылдардан бастап, әсіресе, 1980 жылдары қалыптасқан біздің әлеміміздің жай-күйі. Мондиализация, көрініп тұрғанындай, интернационалданудың (елдердің және қызмет саласының бір бөлігін ғана қамтитын) соңы болып табылады және жаһанданудан (кедергілер мен арақашықтарды жоюдың үстіне ақпараттық технологиялардың көмегімен уақыт ұғымын да жоюға алып келетін) ерекшеленеді.
Жаһанды даму концепцияларының 1960-1970-ші жылдар аралығында пайда болуы ғалымдардың планетарлық мәселелердің асқынуына көпшіліктің көңілін аударуға талпыныстары себеп болды. Жаһанды даму концепциялары дегеніміз ол-әлемдік мәселелерді талдлау негізінде олардың шешудің жобалары мен стратегиясын ұсынушы және ондай өзгерістер мен трансформациялардың әлемдік қоғамдастықтағы салдарын болжау туралы теориялық құрылыстар. Ең алғашқы «Жаһанды тепе-теңдік жағдайы» деп аталған теорияны жасаушылар, Рим клубының «Даму мүмкіншіліктері» деген баяндамасында: қару-жарақ, қоршаған ортаның бұзылуы, демографиялық өсу мен экономикалық тоқырау мәселелері қазіргі замандық адамның ұзақ мерзімді орталық мәселелері ретінде жиі анықталып отыр деп жазды.[3. 54б].
Жаһанды даму концепциясын жасауға, оны жасаушылардың математикалық модельдеу мен жүйелі талдау әдістерін қолдану себеп болды. Американдық ғалым Джей Форрестер мен оның Денис Медоуз бастаған шәкірттері қолда бар мәліметтерді пәнаралық сипатта компьютерлік зерттеу арқылы қорытындылау әдісін ұсынды. Олардың ғылыми зерттеу пәні- дүниежүзілік дамудың күрделі көпфакторлы, өзара байланысты процестері. Ең алғашқы мұндай зерттеулер формальды математикалық сипатта болғандықтан, оның негізі ретінде тек әлемдік динамиканың физикалық параметрлері мен сандық сипаттары ескерілді. Сондықтан мұндай әдістің жеткіліксіз және тиімсіз екені анықталды. Алғашқы жаһанданулық концепцияларда тек жаратылысы-табиғи және ғылыми-техникалық факторларға мән қойылып, саяси, әлеуметтік, мәдени және идеологиялық фактор ескерілмеді.
«Даму мүмкіншіліктері» авторлары өздерінің болжауларында, 1970-1980-ші жылдары, адамзаттың өмірін, сондай-ақ жаһанды даму сипаты түбегейлі ықпал көрсеткен ғылыми — техникалық прогрестің жаңа кезеңдік жетістіктерінің әлеуметтік мүмкіншіліктерін толығымен ескере алмады. Бірақ, зерттеу барысында әлемдік қауымдастықты жаһанды көлемдегі қайшылықтардың асқынуы мен дағдарысының арасындағы байланыс анықталды. Жаһанды даму мәселелерін алғаш зерттушілерден кейінгі ғылыми ізденістер нәтижесінде жаһандық даму концепциялары әлеуметтік-саяси және гумманистік-антропологиялық мәселелерге бұрылды. Мұндай бетбұрыс адамзаттың жаһанды мәселелерінің, әлеуметтік факторының ролі мен маңызын мойындауды сол кездегі әлеуметтік идеялар мен теорияларды қолдану мен жаңа концепцияларды ұсынуды білдіреді. Сондықтан жаһанды даму мәселелерінің саясаттанулық тақырыптары да кеңейіп өсе түсті. Саясаттанудың ерекшелігімен байланысты әлемдік тәртіпті қайта қарастыру, дүниежүзілік үкімет пен парламент жасау, жекеленген қоғамдардың саяси жүйелерін трансформациялау идеялары пайда болды. Мұндай идеяларда саясат өрісінің нақты мәселелері жиі айқындалды. Бүгінгі кезде жаһанданулық концепциялар эволюциясының ең маңызды бағыты — адам мәселесі мен оның болашағы туралы бағыт қалыптасты. Біреулер жаһандануды ХХ ғасырлық әлеуметтік трансформацияның жаңа типі десе, басқалары оны әлемнің бірлесу жолындағы адамзаттың жүріп өткен барлық қадамдары деп ұғындырады, ал үшінші біреулері оны бірлескен тұтас әлемді қалыптастырушы процесс деп дәлелдейді.
Әлемдік даму концепцияларын қалыптастыруда жаһанданулық зерттеулер орталықтары мен топтар ерекше роль атқарды. Қазіргі замандық концепциялардың дамуына әлемдік мәселелерді түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен жеке тұлғалардың үлестері де ерекше. Осылардың ішінде, 1968 жылы өзінің пайда болған жерімен байланысты аталып кеткен, «Рим клубы» ерекше орын алады. Себебі, әлемдік динамиканың алғашқы моделінің пайда болуы дәл осы клубтың белсенді инициативасымен байланысты.
Батыс елдерінде өзінің тиімділігін көрсеткен либерализмнің жалпы идеологиясы мен практикасынан жаһанды либерализация пайда болды. Жаһанданулық үрдістерге ең басым ықпал еткен ол экономикалық либерализация. Бұл идеология экономикаға мемлекеттің кірісуін шектеу мен оның субъектілерінің дербестігінің дамуымен сипатталады.
Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық технологиялардың, олардың жаңа өрістер мен әлемдік аймақтарды қамтуының маңызы өсе түсуі әлемнің «нығыздала» түсуінің үрдісі. Сондықтан, жалпы адамзаттық өркениет тағдыры мен қазіргі замандық өркениетке тиесілі бұл процестің мәні неде болып тұр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер жаһандануды модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл процестің жандануы Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен байланысты. Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарының арасындағы әрекеттестіктердегі теңсіз фрагментациялардың жаңа негізі болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде бай елдер мен кедей өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері — жеке меншік институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні — индивидуализм, прогматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе-жай кезекті халықаралық қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр.
Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы шыққан өзінің «Жаһандану дегеніміз не?» деген кітабында Ульрих Бек, «Жаһандану — соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікірталастарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды және алдағы жылдары да солай бола бермек. …