Дінтану пәнінен терминдер сөздігі | туралы қазақша

0

Аватара (индуизм мен буддизмде) — құдайдың түрлі адамдар, батырлар кейпінде болуы.

Авеста — зороастризмдегі киелі мәтіндер жинағы.

Автокефалия — өзін-өзі басқару, өзге православ шіркеуіне тәуелсіздік.

Адат (араб тілінен «әдет-ғұрып») — исламды қабылдаған халықтардың дәстүрлі құқығы. Тәжірибеде адат нормаларын қолдану шариғатпен тығыз байланысты.

Адепт — белгілі бір ілімнің ізбасары, жақтаушысы (оның ішінде діни).

Антроморфизм — адамға тән қадір-қасиеттердің табиғаттағы заттар мен құбылыстарға, жануарларға өтуі.

Антропогондық аңыздар — алғашқы адам немесе тұңғыш тайпалар ұрпақтарының шығу тегі жайындағы мифтер.

Апостол — жұртқа тарату үшін Құдайдан жарлық алғанды Інжіл — Библияда осылай атайды. Апостолдармен қатар, Иисустың 12 шәкірті де осылай аталады.

Арабеска (француз тілінен «arabesque» — «арабша») — геометриялық, каллиграфиялық және өсімдік элементтерінен тұратын шығыстың күрделі ою-өрнектері.

Араньяктар (сөзбе-сөз «Орман кітабы») — тақуа жандардың мінез-құлқы сипатталған индуизм мәтіндері.

Архат (буддизмде) — рухани жетілу жолымен жүре отырып, оның биік сатысына жете білген адам.

Атеизм — Жаратушы Құдайдың бар екенін мойындамайтын және адамның жаны өлмейтінін жоққа шығарушы көзқарастар жүйесі.

Ахбарлар — Мүхаммед пайғамбардың іс-эрекеттері мен сөздері туралы шииттік әңгімелер.

Ашрам — кришнаиттық қауым.

Аят (арабшадан «белгі», «нышан») — Құран сүрелерінің аяқталған ойды білдіретін бір бөлігі. Көптеген мұсылман ғұламаларының пікірінше, Құран Кәрімде 6236 аят бар.

Әлемдік жиын — культ және діни ілім жүйесі жетілдіріліп, бекітілетін, канондық нормалар мен құдайға сыйыну ережелері құрастырылатын христиан шіркеуіндегі жоғары діни қауым жиналысы.

Әулие — Араб тілінде «уәли» — дос сөзінің көпше түрі. Терең құлшылығы мен аса тақуалығы арқылы Алланың рахымына бөленген жанды «уәли» деп атайды. Алланың досы (сүйікті құлы) мағынасын білдіреді.

Библия — Библия қазақ тілінде «Інжіл» деп аталады. Інжіл Иса пайғамбарға түскен діни кітап.

Брахмандар — индуизмдегі каста өкілдері.

Веда — брахманизм мен индуизм киелілерін мойындайтын көне мәтіндер.

Көне өсиет — иудейлік пен христиандықта Қасиетті жазу ретінде қаралатын Інжіл бөлімі.

Гуру (шыгыс діндерінде) — оқытушы, жоғарғы рухани ұстаз.

Дао (даосизм мен конфуцизмде) — жол, әдіс, тұрмыс қалпы, жалпыға ортақ заң, абсолют.

Дәстүрлі діндер — Адамзат тарихында Жаратушыдан түскен иләһи діндер. Олардың қатарына Йаһудилік, Христиандық және Ислам діні жатады. Бұлардың ішінде Ислам жер бетіндегі адам баласына түскен, өзінен бұрынғы түскен діндердің ақиқат тұстарын қуаттап түскен, адамның туылуынан бастап, өмірден аттануына дейінгі ғұмырлық әрекеттерін түгел қамтитын соңғы иләһи дін.

Дәстүрлі емес діндер — халық арасында миссионерлік жолмен әр түрлі жекелеген көзқарастарды уағыздайтын діндер. Дәстүрлі емес діндердің ақиқат діндерде негізі болмайды.

Деноминация — шіркеу мен секталар арасындағы қарым-қатынаспен айналысатын діндар адамдарды біріктіру формасының бірі.

Догматтар — сынауға болмайтын ақиқат шындық жайында мәлімет беруші діни ілім ережесі.

Дұға ету — «дұға» араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан — сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну мағыналарын береді. Ал терминдік жағынан Жаратушы құдіретінің, ұлылығының алдында құлының өз әлсіздігін сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып, мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем-көмек сұрап жалбарынуы дегенді білдіреді.

Діндарлық — қоғамда, экономикада, мінез-құлықта, адамдар арасындағы қарым-қатынаста, құқықта рұқсат берілген және тыйым салынған істерге байланысты Құдайдьщ және Пайғамбардың берген әмірлеріне қарсы шықпай өмір сүру

Діни рәсім — адамның туылуынан бастап, өмірден аттануына дейінгі ғұмырлық әрекеттерін түгел қамтитын діни амалдар. Діни рәсімдердің негізгі түрлеріне ақиқа құрбандығын шалуды, азан шақырып ат қоюды, сүндетке отырғызу, некеге тұру, жаназа шығаруды жатқызуға болады.

Діни сенім — адам баласының Жаратушы иеге, пайғамбарларға, қасиетті кітаптарға, періштелерге, ұлы есеп күніне, әрбір жақсылық немесе жамандықтың Құдайдан келетіндігіне сенуді бір сөзбен діни сенім деп атауға болады. Осыларға сену тұрғысынан адамдар бір-бірінен ерекшеленеді.

Діни сенім бостандығы — әркімнің дін мен кулытік іс-әрекеттерге қатысуына еркіндік берілу құқығын білдіретін құқықтық ұстаным.

Дінтану — діннің пайда болуын, дамуын, қызметін жан-жақты түсіндіретін, оның қоғам өміріндегі басқа салалармен байланысы жөніндегі ғылым.

Евангелия (грек тілінен «жақсы хабар») — Иисус Христостың өмірі мен ілімі жайында түсінік беретін «Жаңа өсиеттің» алғашқы төрт кітабының атауы.

Жаңа өсиет — христиандар арасында Қасиетті жазу есебінде саналатын Библия бөлімі.

Жеті Жарғы — Қазақ хандығы түсында іске асырылған заңдар жинағы.

Жихад Жиһад — сөзінің араб тілінде «белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін қайрат жұмсау, ынта-жігер таныту, тырысу, күресу» деген мағыналары бар. Кейде адамдар жиһадтың мағынасын шектеп, оны «қару алып соғысу» деп біржақты түсінеді. Алайда оның үнемі осы мазмұнды ғана білдірмейтінін мұсылман мамандары нақты деректермен дәлелдеген. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде келеді де, төрт жерде ғана тікелей «соғыс» мәнінде қолданылған.

Зәмзәм — Зәмзәм суы Меккеден шығатын мүбәрак және киелі су.

Зекет — Жағдайы бар адамның байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға иелендіруі.

Ибраһимдік діндер — Ибраһим пайғамбар идеяларына негізделген діндер (иудаизм, христиан, ислам).

Икон — Құдайдың, әулиенің немесе қасиетті оқиғалар тарихының кескіндеме бейнесі.

Имам (амма етістігінен шыққан — «алдыда тұру», «жетекшілік ету») — құлшылық еткенде алда тұратын рухани басшы, мұсылман қауымының жетекшісі.

Иман (исламда) — ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. Иман — адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына. Ұлы Жаратушы эу баста адамды айналасына қарап, Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің алдында таңғалып бас исін деп мына дүниеге жіберген. Демек, Иман — адамның жаратылуының мән-мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсүты. Исламда иманның алты шарты бар.

Индульгенция — католик шіркеуі алдындағы ерекше қызметі, жасаған, жасамаған күнәлары кешірілгендігін айғақтайтын қағаз-куәлік.

Карма (шығыс діндерінде) — кез келген тірі жанның қайта туылғаннан кейінгі болашағын айқындайтын ниет пен іс-эрекет жиынтығы.

Католик діні — христиан дінінің (православтық және протестанттықпен қатар) бір бағыты.

Космогондық аңыздар — әлемнің жаратылуы туралы мифтер.

Күпір (еретик) — туылғанынан мұсылман болса да, Жаратушысы Алла Тағаланытану үшін ойланбайтын, ақыл жұмсамайтын, сезу қабілеттерін қолданбайтын адамдарды кәпір дейді. «Күпір» сөзі «жасыру», «тығып қою» деген мағынаны білдіреді. Рухына әу бастан салынған әрі өн бойында жаратылысынан бар мұсылмандықты жасырып, Алланы қабыл етпеген кісі кәпір болады.

Қағба (араб тілінеп «куб») — мұсылман әлеміндегі аса құрметті, аль-Харам (Мекке) мешітінде орналасқан киелі мекен. Қағба — жер бетінде тұрғызылған тұңғыш құлшылық орны.

Қажылық — жағдайы жеткен әрбір мұсылманның өз өмірінде ең кемі бір рет Меккедегі арнайы орындарға зиярат етіп, белгілі құлшылықтарды атқару арқылы жүзеге асатын бес парызының бірі.

Қасиетті жазбалар — христианда Библияны, иудаизмде Ветхий заветті, исламда Құранды осылай атайды.

Қиямет күні — жалпы жүйенің Ұлы Жаратушының бұйрығымен быт-шыт болып бұзылып, күл-талқан болғаннан кейін басталатын жаңа мәңгілік өмірге айтылады. Бұл күн қиямет-қайымнан кейін басталуына байланысты «қиямет күні» деп те аталады.

Құран (араб тілінен «дауыстап оқу») — Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран — Ұлы Жаратушының ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иләһи кітап. Құран — өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптарды қамтыған. Құран — санасы қанша жетілсе де, ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблемаларына қатесіз толық шешім беретін, адамның санасы жете бермейтін көмескі элемді суреттеп, беймэлім сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.

Қадір түні — бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған Рамазан айындағы ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынанын білдіреді. Сонымен қатар, бұл сөз «құдырет» мағынасын да қамтиды. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Алла Тағаланың мейірімі төгіліп тұрады. Бұл түнде жасалған құлшылықтың сауабы мың айдан қайырлы болып саналады.

Ламаизм (ваджраяна) — Моңғолия, Тибет және басқа да елдерге таралған буддизм ағымының бірі.

Литургия — негізгі христиандық сыйыну.

Магия — адамдар мен қоршаған әлемге ықпал ету мүмкіндігі болады деген сеніммен байланысты ғұрыптар мен рәсімдер жиынтығы.

Мәзһаб — исламдағы діни құқықтық мектеп.

Мақшар — Алла Тағала ақыретте дүние жаратылғаннан бері келіп-кеткен бүкіл жаратылыстарды қайтадан тірілтеді. Сөйтіп, барлығы есеп беру үшін Алла Тағаланың құзырына жиналады. Мұны хашр немесе мақшар дейді.

Махаяна (санскр. «екі аяқты үлкен арба») — біздің дәуіріміздегі алғашқы ғасырлардың бірінде қалыптасқан буддизмнің ірі бағыты.

Махди — мессия, ақырзаманның жақындығын жеткізуші, Мұхаммед пайғамбардың мирасқоры. Құранда мессия жайында айтылмайды, әйтсе де, мессия идеясы хадистерде, әсіресе, шиизмде ерекше орын алады.

Медресе — араб әліпбиін, жалпы мұсылман дінін үйрететін оқу орны.

Месса — католиктік литургия (құдайға жалбарыну).

Мессия — (кейбір діндерде, әсіресе, иудейлік пен христиан дінінде) — Құдай жер бетіне жіберген құтқарушы, Қиямет күнінің хабаршысы.

Мешіт — мұсылмандардың құлшылық жасайтын арнайы орны.

Минарет — мешіттің негізгі бөлігіне жалғастырылған, муәзин азан шақыратын мұнара.

Миссионерлік — басқа дінге сенушілер мен ешбір дінге сенбейтіндер арасында өздерінің діни ілімін уағыздайтын діни бірлестік қызметі.

Митрополит — көптеген христиан шіркеулеріндегі жоғары дәрежелі діни қызметкер. Патриархтық қалыптасқан шіркеуде патриархтан кейінгі екінші тұлға.

Миф — Құдай, жан, батырлар, түпкі тек, әлемнің жаратылуы мен қүраушы бөліктері жайындағы аңыз.

Мифология — аңыздар жиынтығы, әлем жайындағы қиял-ғажайып ұғымдар жүйесі.

#Дінтану #пәнінен #терминдер #сөздігі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз