Қазақстандағы 2018 жылғы мереке күндер туралы қазақша

0
17

Жұмыр жердің бетіндегі барша халық өзінің төл мерекесімен мақтанады. 2018 жылғы Қазақстандағы елеулі күндер осы мереке күндер. Жалпы мереке дегеніміз бір ауыз сөзбен айтқанда, уыздай ұйып отырған халықтың берекесі болып табылады. Мереке мейрам — халықтың ұлттқ сана — сезімін оятады. Көңілін көтереді, жанын желпіп жадыратады, демалдырып тынықтырады. Бір — біріне болған барыс -келісін күшейтеді, ынтымағын нығайтады. Өткен ғасырдағы ата — бабаларының салт — дәстүрлерін есіне салады. Жақсы ғұрыптарын жаңғыртады, өткенін жаңартады, өлгенін тірілтеді, өшкенін жандырады, бүгінін тойлатады. Болашақ ұрпақтарына қор жиып қалдырады. Сол арқылы арттан ілесіп, еріп, өсіп келе жатқан, көгенкөз ұрпақтарымызға ата мұрасы арқылы терең тәрбие береді.

Ол ғана емес. Мереке мейрам — бір ұлттың тұтас тарихындағы, ұлт болып қалыптасу барысындағы келелі оқиғалары мен ғасырлар бойы басып өткен өмір жолдарын, наным — сенімдерін, салт -дәстүрлерін, ғұрып — әдеттерін, соған орай туған әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен ғылымын, табиғат және жаратылыстану көзқарастарын, тіпті бір ұлттың тұтас болмысын түгелдей ашып, айшықтап көрсетеді. Басқа да ұлттармен, ұлыстармен болған қарым — қатынастарын тереңнен түсіндіреді.

Мереке мейрам — ұлттың атақ — даңқын көтереді. Көршілес елдермен етене жақындастырады. Қорытып айтқанда, мереке — бір ұлттың қалыптасу тегін айқындайтын тарихи тұтқа. Алтын арқауы болып табылады. Өткен ата — бабаларымызша тоқ етерін айтсақ; «мереке түбі — береке», «мерекелі ел — берекелі ел».

Соңғы тұста Қазақстанда 2018 жылы болатын мереке күндердің күнтізбесі:



*   — мемлекеттік және ұлттық мерекелер
 *   — демалыс күндері

 

 

Мерекелердің тізімі
1*- 2 қаңтарЖаңа жыл (*демалыс күнге түсіп, 3 қаңтарға ауыстырылады)
7 қаңтарРождество Христово
Еңбек Кодексінің  сәйкес 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күні болып табылады.
8 наурызХалықаралық әйелдер күні
21, 22, 23 наурыз1Наурыз мейрамы (1 — Қаулына сәйкес 2017 жылы 18 наурыз сенбі күніне түсетін демалыс күні, 2017 жылы 20 наурыз, дүйсенбі күніне ауыстырылған)
1 мамырҚазақстан халқының бірлігі күні
7* мамырОтан Қорғаушы күні (*демалыс күнге түсіп, 8 мамырға ауыстырылады. Демалыс күндері: 7, 8, 9 мамыр)
9 мамырЖеңіс күні
6 шілде1Астана күні (Қаулына сәйкес 2017 жылы 1 шілде сенбі күніне түсетін демалыс күні, 2017 жылы 7 шілде, жұма күніне ауыстырылған)
30 тамызКонституция күні
1 қыркүйекҚұрбан Айт
1 желтоқсанТұңғыш Президент күні (Демалыс күндері: 1, 2**, 3 желтоқсан)
16* — 17* желтоқсанТәуелсіздік күні (*демалыс күнге түсіп, 18** — 19 желтоқсанға ауыстырылады)

#Қазақстандағы #жылғы #мереке #күндер

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз