Дене шынықтыру мәдениеті | туралы қазақша
Дене мәдениеті дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық. «Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мәдениет» деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен айтқанда — дене шынықтыру адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуға болады. Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Дене шьшықтыру» сабағына қатысуы. «Дене мәдениеті» түсінігін «Мәдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мәдениеті мәдениеттің бір бөлігіне жатады. «Дене мәдениеті дегеніміз адам өз дене күшін, құрылысын, жаттыгулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган үдерісті айтуга болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге арналган материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал мектептегі дене мәдениеті дегеніміз — материалдық рухани бағыттың қосындысы ретінде мектепте қогамның күшімен балалардың дене даярлығын ұштайтын пән ретінде болады.
Балалар дене даярлығының кұндылығын тек мектеп мүғалімдері, жаттықтырушылар ғана емес, қоғам да өз күшін салу керек.
Дене мәдениеті педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны туралы жоғарыда айтылған. Педагогикада адамның саяси әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп атайды. Дене тәрбиесі – адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе. Мұнымен қоса, ол осы саладағы кәсіптік бағытты анықтайды, білім негізін құрайды. Әр түрлі деңгей мен түрлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыдан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда маңызы зор екенін атап өткен дүрыс.
Балалар дене тәрбиесі жеткіншектің дене дамытуының педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене тәрбиесі мектеп аясында ғана жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ал балалардың дене тәрбиесі мектепте және мектептен тыс та атқарыла береді. Осыған байланысты, дене шынықтыру мүғалімдерінің шығармашылық тұрғыдағы біліктілік деңгейі де аталмыш жұмыстарды орындауға өз септіктерін тигізеді. Балалар тәрбиесі мектеп үжымы үшін жалпы міндет болғандықтан, басқа да тан мүғалімдері мектеп экімшілігімен қоса жоспарланған іс-шараларды бір кісідей атқаруы — алға қойған мақсаттарға жетелейді және оның орындалуын қадағалайды.
Анатомиялық-физиологиялық тұрғыда дененің қаншалықты дамығандығындене көлемін өлшеу арқылы (бойдың биіктігі мен салмағы, кеуденің колемі, аяк-қолдардың ұзындығы және т.б,) анықтауға болады, дене құрылысының сыртқы дамуын (кеуде жасушасының сыртқы қалпы түрі, бұлшық еттерінің реңі, май жиналуы, терінің біртегіс әдемілігі және т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар, кейбір функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы білуге болатынын көрсетеді. Мысалы, өкпедегі ауа сиымдылығының көлемі, кейбір жекеленген бұлшық еттер тобының күшін өлшеу арқылы, дененің даму дәрежесі анықталады.
Дене қимылын адамдармен сапалы пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жағы мен материалдық ғылыми деңгейіне және бақылау, басқару органдарының жетілдірулігіне байланысты. Осылардың барлығының бірі-бірімен тығыз байланыстылығы арқылы ғана, осы бөлімдердің өзара байланыстылығы арқасында — бүтіндей дене тәрбиесі жүйесі шығады. Әр дене тәрбиесі жүйесі қандай болсын, қоғамда өзінше дамиды, сондықтан, сол коғамның сөзін сөйлеп, тасы мен тымағын аспанға лақтырады демекші, әр қоғамның да өз дене тәрбиесі жүйелері болды. Мысалы, алғашқы қоғамдық дәуірдегі алға қойылған мақсат -күнделікті тамақ тауып, ыңғайлы өмір сүретін орын тауып, өз тұқымының амандығы немесе езі секілді, басқа да тайпаларды басьш альш, өз қүрамдарына қосу, ал құл иеленушілер дәуіріндегі мақсат одан басқапта — көбінесе, бөтен жерлерді басып алу, соған байланысты, өз жерлерін қорғау. Осылардың эсерінен, сол кездеғі іальш, пэлсапашы, дэрігерлер сияқты, көзі ашық адамдардың адам ағзасы туралы қызметінің заңдылықтарын дүрыс білмегендіктен, дене қимылы жаттығуларының әсер еіу механизмінің ерекшеліктерін жеткізе алмайтын болған. Сонын себебінен, дене қимылы қозғалыстарын жасау, оның қажетті дене қасиеттерін дамытатынын ішкі түйсікпен түсінетін болғанын, феодалдық дәуірде сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің қалай дамығанын тарихтан білеміз. Жүйеде өзіне байланысты құрамдары бар, басқа жүйелерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Өнер, мәдениет, ғылым, экономика, саясат ықпалымен дамып отырған дене тәрбиесі, оларға да өз ықпалын тигізеді. Бір типтік қоғамдық құрылысы бар мемлекеттердің дене тәрбиесі мақсаттары мен міндеттері бірыңғай болуы мүмкін, ал керісінше, әртүрлі типтік қоғамдық құрылыстағы мемлекетгердің дене тәрбиесі жүйесінің мақсат-міндеттері де әртүрлі болуы мүмкін. Жүйенің өз функцияларын толыққанды орындауы қоғамдық-саяси жағдайларға да байланысты. Экономикасы жақсы дамыған елдердің дене тәрбиесі жүйелері де жан-жақты, жақсы дамыған, мысалы, АҚШ, Германия, Жапония, Англия т.б. Ал енді дамьш келе жатқан елдердің (Азия, Африка, Оңтүстік Америка т.б.) дене тәрбиесі жүйесі сол күйі нашар болуы, болмаса тек бір жақты дамыған болуы мүмкін. Оны әрбір төрт жыл сайын өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысушы елдердің спортшыларынеың санына байланысты білуге болады. Себебі, қазіргі жағдайда аталмыш ойындарға лицензия ұтып алу уақыт өткен сайын қиындап бара жатқанын ескеру қажет. Оның үстіне, олимпиадалық қозғалысқа қосылып жатқан елдер мен спорт түрлері көбеюде.
Біздің еліміз сол екі жақтың ортасында жақсы жағына қарай енді дамып келе жатыр. Себебі, мемлекетіміз қазір керекті спорт стадиондары, базалары, арнайы спорт ғимараттары, құрал-жабдықтары, жоғары білікті, жақсы дайындалған мамандары, халықтың ақылы қызметтерді енді телей алулары т.б. жағдайларға енді қол жеткізе бастады, әртүрлі деңгейдегі билік органдары дене шынықтыру мен спорттың дамуына жағдайлар мен ықпалдар жасай бастауы — мемлекетіміздің дамуы үшін дұрыс жолда келе жатқандығын айқындайды. Осыған байланысты, әр елдің дене тәрбиесі жүйесінің дамуы әрқилы екендігі, оған себеп — сол елдің дене шынықтыру мен спортқа деген көзқарасы мен саясатында екендігі әр елдерде болып жатқан күнделікті саяси, экономикалық, спорттық, мәдени жаңалықтардан білуге болатындығында. Онымен қоса, дене тәрбиесінің жүйесі қандай да болмасын елдің хал-ахуалын, әсіресе жаңадан дамып келе жатқан елдерде даму деңгейін көрсетеді.
Дене тәрбиесінің жалпы жүйесі өзімен бірге әлеуметтік ұйымды құрайтын, халықтың барын әлеуметтік топтарының жан-жақты дене шынығының жетілдіруіне бағытталады.
Ал, балалар дене тәрбиесінің жүйесі әлеуметтік ұйым ретінде барлық жастардағы балалардың жан-жақты дене қимылының жетілдіруіне бағытталған. Онда осы саладағы білім негізінің жүйесін құрай отырып, дене шынықгыру маманының өз бағытындағы теориясы мен әдістемесін жете меңгергендігі мен оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарттылығында. Әртүрлі деңгейлер мен түрлерде дене шынықтыру, дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, мектеп дене тәрбиесіндегі кейбір теориялық және іс-тәжірибелік жаңалықтарға дене шынықтыру маманынъщ сын көзбен қарауына, мектептегі денс шынықтыру, дене тәрбиесі және спорт мақсат-міндеттерін шешуде қосымша ететін пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзініц педагогикалық шығармашылық негізін жасауда аталып отырған білімнің маңызы зор екендігін көрсетеді.
Балалардың дене тәрбиесі ескелең ұрпақтың дені сау, оның барлық дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етіп, жан-жақты дайындығы жоғары, кез-келген жағдайлар мен қиыншылықтарда Отанын қорғай алатын қоғам мүшелерін дайындау міндеті тұрады. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде г.б. дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларда іске асырады. Оқушылардың дене тәрбиесі мектеп жасындағы балаларға мектепте және мектептен тыс балаларға білім беру мекемелерінде, балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептерінде, аулалар мен шағын аудандардағы түрлі тәрбие ұйымдарында әр түрлі жұмыстар мен дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шаралардьщ алдын-ала, күнделікті және перспективалық (болашақтағы) жоспарлары түрінде сскеріп қамтылған.
#Дене #шынықтыру #мәдениеті
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз