Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері туралы қазақша

0
141

Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері мынадай: «Дене мәдениеті», «Дене тәрбиесі», «Спорт». «Дене мәдениеті» осы құрылымда ең жалпы түсінік болып қалады. Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты — түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. «Дене мәдениетіне тәрбиелеуде» дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал «денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу» дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ, адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы болып өзгеріп кетеді, ал құралы: дене шынықтыру жаттығулары — керісінше анық, дұрыс және дене мәдениетінің негізгі қорына кіреді.

Дене шынықтыру жаттығулары дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің материалдық қолдаушысы болып, оның міндетті мәселелерді шешудегі мақсаттары мен мүмкіндіктерінің дұрыстығын анықтаушы күші болып табылады. Бул дене тәрбиесінің теориясы пәні туралы мәселені шешу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының сипат ерекшеліктеріне және мән-мағынасына сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында дене тәрбиесінің теориялық негіздерін дамытудағы негізгі әдіснамалық (жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым) бағыттары бар. Адамның дүниетаным айырмашылығында және дене шынықтьгру жаттығуларының пайда болуы көзқарасында идеалистік бағыттағы және субъективті идеалистік бағытгағы зерттеулер бойынша жаттығуларды ойындардан шыққан, ал дінге табынатын идеалисгердің негізгі өкілдері, былайша айтқанда, диалектикалық тарихи материализмнің бетке ұстар діңгектері — жаттығуларды еңбектен шыққан, деп өз дәлелдерін осындай тұрғыда тұжырымдайды.

Дене шынықтыру жаттығулары барлық тіршілік дүниесіне тән өзінің қарапайым түрімен ағза мен оның қозғалысы арасындағы іс жүзінде олардың қайталау кезіндегі өздеріне тән өзара жүйелі өзгеруі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының материалдық дүниесі -дене шынықтыру жаттығулары, пәндік ауқымы және қолданылу әрісі — дене тәрбиесі, пәндік заңдылықтары — адамды қоғамдық игіліктері, еңбекке дайындау және іс қабілеттерін қалыптастыру мақсатьшда белсенді қимыл әрекеттерінің шарттары мен түрлерін қолдану болып табылады (Ә.К. Әбділлаев, Ж.К. Оңалбек, 2004).

Дене тәрбиесінің теориясын, әдетте дене мәдениеті заңдылықтарын оқытатын ғылым деп санайды. Бірақ, бұл анықтама бір сарынды, өзектілік мәнін жоғалтқан, дене тәрбиесінің сипатты ерекшеліктері белгілеріне бағыттайды. Дене тәрбиесінің бағытгы сипат ерекшелігі «адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу» болып саналады. Дене тәрбиесі «Дене мәдениеті» түсінігіне кіреді, кіргенде оның ең көп айналысатын түріне жатады. Ол 3 бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

Қолданбалы дене мәдениеті — кәсіптік және әскери дене мәдениеті болып, екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге болады бағытталады. Адамның таңдап алған мамандығына немесе оны әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің дене шынықтыру дайындығы деп аталады. Ал, мұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде таңдап алған мамандығын игеруге және тиімді еңбек етуге ағза дайын болса, дененің арнайы қызметке дайын болғандығы, алға қойылған міндетгерді орындай алады, деп атауға болады.

Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да, дене қимылы жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе Болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындау үшін дене тәрбиесінің пайдалану мүмкіншіліктері еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болады.

Кәсіптік бағыты бар дене тәрбиесі адамның тандап алған мамандығын табысты меңгеруге және осы салада жоғары шеберлілікке жетуге, сонымен бірге, әскер қатарында қызмет етуге дайындық қабілетін дамытуға, оның денсаулығын жақсарту арқылы еңбек қызметіне дайындауға көмектеседі:

— еңбек қызметінде де, дене тәрбиесінде де қимыл-қозғаныс әрекеттері дағды-машықтарының жеке тұлғаньщ еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және Отан қорғау белсенділігіне байланысты болады;

— жоғарыда аталған екі қызметте де адам ұжымда әрекет етеді. Еңбек және спорт ұжымдарының қызметтерінде көп ұқсастық бар: мдамдардың өзара қарым-қатынастары және қызметінің тэртібі, үжым мүшелерінің құқықтары, мақсаттары мен міндеттерінің бір болуы;

— адамды қозғалыс дағдыларына үйрету және тәрбиелеу еңбек қызметінде де, дене тәрбиесі жүйесінде де бірыңғай заңдылықтар негізінде  жүзеге  асырылады: таным теориясы, уақытша шартты байланыстар   құрылым теориясы, ақпараттық теория, қозғалыс еркіндігі теориясы;

— еңбек қызметіндегі шеберлілікті игеру және дене тәрбиесіндегі табыстарға жету мына жағдайларға тәуелді: таңдап алған қызметке саналы және белсенді көзқарас, өз жұмысының нәтижесіне қанағаттану, қарым-қатынас сипаты, ұжымда өз орнын біле білу, денсаулық жағдайы, дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі, тәжірибелілік, мүмкіншіліктерді дамыту деңгейі.

Кейбір жағдайларда жағымды ауысу механизмі бойынша- дене тәрбиесінің нәтижесі оқуда табыстарға жетуге тиімді әсер етуі мүмкін. Еңбек қызметіне дене шынықтыру жаттығуларының тиімді әсер етуі дағды бойынша да, жеке адамның езіне тән қасиеттері бойынша да болуы мүмкін.

#Дене #тәрбиесінің #жалпы #жүйесінің #негізгі #түсініктері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз