Демократия дегеніміз не? Демократия белгілері

0

Демократия дегеніміз не? Демократия термині көне грек тілінен «халық билігі» деп аударылады. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын, көне грек елінде демократия орнаған.


Көне гректермен замандас, біздің атақты ата-бабаларымыз — сақтар мен скифтерде де демократия бар еді, бұны көне гректер әскери демократия деп атаған.


Демократия белгілері


Әрбір адамның құқықтары тең болады. Бай ма? Кедей ме? Бастық па? Бәрінің құқықтары тең болады.


Халық — билік бұлағы болады. Президентті, әкімдерді, депутаттарды, ел, халық дауыс беріп сайлайды. Президент пен әкімдер халық атынан мемлекетті басқарады, ал депутаттар заң шығарады.


Кейбір маңызды мәселелерді шешу үшін, елдің пікірің білу үшін, референдум өткізіледі. Мысалы, 2016 жылы Ұлыбританияда, елдің Еуропалық одақтан шығу не шықпау мәселесің шешу үшін бүткіл халықтық сайлау-референдум өткізілді.


Осы сайлаудың қорытындысы бойынша елдің көпшілігі Еуропалық одақтан шығуды қалаған. Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуын мемлекет басшылары жүзеге асыруы тиіс, себебі бұл халықтың дауыс беруі еді.


Елде көп партиялар бар болады. Және бұл партиялардың мүшелері парламент пен сенат сияқты заң шығарушы мекемелерде болады. Мемлекетте тек қана бір партия ғана үстем болмайды, өзге партиялар да ел басқару ісіне араласады.


Қазақтың демократиясы


Қазақ елінде билерді ешкім тағайындамаған, би болу үшін адам — ақылды, заңдарды білетің, әділ болуы керек.


Ханды да бүткіл елдің батырлары, сұлтандары, билері жиналып сайлаған еді.


Батыр деген атақ та демократиялық жолмен берілген. Кім шайқаста ерлік көрсетіп, жаудың талай күшін құртса, сол батыр деген атаққа ие болады. Бай ма? Кедей ме? Төре ме? Бұған мән бермейді.


Батырдың артынан басқа жауынгерлер еріп, батырдың жасағын құрады. Жасағы көп батырлармен хандар сыйласып тұрған, олардың пікірімен санасып отырған.


Мысалы атақты Қабанбай, Бөгенбай, Баян және тағы сол сияқты батырларды халық сыйлап, ал хандар олармен санасып отырған.


Сонымен демоктария деген не десеңіз, демократия бұл халық билігі деп жауап береміз!

Пән: География