Қазақша диктант: 2 сынып
Отбасы
Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын. (22 сөз)
Менің досым
Менің досымның аты – Марат. Ол мейірімді, ақылды дос. Оның мінезі жақсы. Ол ата — анасына көмектеседі. Марат бос уақытында сурет салады, футбол ойнайды. (21сөз)
Киімдер
Киімнің түрлері өте көп. Олар: бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер. Бас киімдердің тақия, тымақ, бөрік, сәукеле деген түрлері бар. (20 сөз)
Сүйікті іс
Мен бос уақытымда сүйікті ісіммен айналысамын. Менің сүйікті ісім сурет салу. Мен аптасына бір рет табиғатқа шығып, сурет саламын. Суретім өзіме ұнайды. (22 сөз)
Ойыншықтар дүкені
Біздің қалада ойыншықтар дүкені өте көп. Ең үлкен дүкен орталықта орналасқан. Онда неше түрлі ойыншықтар бар. Мен үлкен қонжық сатып алдым. (21 сөз)
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!