Қазақша диктант: 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік)

0

Қазақша диктант: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік) казакша Қазақша диктант: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік) на казахском языке

Тәуелсіздік – мемлекеттік тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі, елдің тізгінін өз қолына алуы, өз билігінде болуы.

Қазақстан Республикасы – халықаралық деңгейде басқа елдермен терезесі тең түсетін тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі», — деп жарияланды.

Мемлекетімізде іс қағаздары қазақша жүргізіліп, тіл мәртебесі жылдан-жылға көтеріле бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «әкесі баласымен, атасы немересімен, ері әйелімен, әкімдер халықпен, әлеумет бір-бірімен ана тілінде сөйлессін», — деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тіл саясаты ойдағыдай орындалып келеді.

Ел тәуелсіздігінің болашағы жарқын болсын! (77 сөз).