Бутерброд түрлері, ашық сабақ технология қыздар үшін, технологиядан ашық сабақ

0

Технология 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беріп, олардың түрлерімен атап және дайын бутербродқа қойылатын талаптар мен дайындау технологиясымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлері дайындап үйрету арқылы аспаздық қаблеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға ас мәзірін ережеге сай құрып, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгерін үйрете отырып, ұқыпты әзірлеуге, әсемдікке, өз бетінше еңбектенуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, машықтық
Қажетті құрал жабдықтар: слайд, бутерброд түрлері, тақтай, пышақ, тарелкелер, сулық, сүлгі, бутербродқа қажетті азық түрлері т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
‒ Оқушыларды түгендеу
‒ Сынып тазалығы
‒ Оқушылар құралын тексеру
‒ Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Сергіту сәті.
ІIІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы тастар» ойыны арқылы тексеру.
1. Ыстық сусын түрлері?
2. Шайдың отаны?
3. Какаоны ең алғаш Еуропаға Оңтүстік Америкадан жеткізген кім? Қай жылы?
4. Кофенің отаны?
5. Шай құрамындағы кофейн мөлшері?
6. Ыстық сусындарға қойылатын талаптар?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар сабағымызды бастамас бұрын балалар күнделікті тағам ретінде пайдаланатын тағамымыз? Дастарханымыздың сәні? Ол «нан», иә балалар біз нан туралы қандай
мақал — мәтелдер білеміз?
Бүгінгі сабағымыз осы ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі — нан мен тікелей байланысты. Бутербродтың негізгі тағамы нан болып саналады. Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» деген мағынаны білдіреді. Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа тез дайындауға болады. Олар қала сыртына саяхат жасағанда өте ыңғайлы. Бутерброд дайындауға көптеген азық — түліктер қолдануға болады. Бутербродты шикі көкөністер – қызанақ, жас және тұздалған қияр, шалға, салат жапырақтары, аскөк, петрушка, балдыркөк қосып әзірлейді. Бутербродттағы нан тілімдерінің қалыңдығы – 10 — 15 мм болу керек. Нан тілімдері бірдей қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая бутерброд дайындалады. Бутербродтарды ортақ тәрелкеден күрекше қасықпен алады. Сэндвичтерді шанышқының және пышақтың көмегімен, канепені кішкене семсер — таяқшалармен алып жейді.

Бутерброд дайындау үшін мынадай құрал — жабдықтар қажет:
 Нан кесуге арналған тақтай;
 Өткір пышақ немесе кішкентай ара;
 Шанышқы;
 Май жағуға арналған басы домалақ пышақ;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!