Түнгі көйлекті модельдеу » Білімділер порталы

0

Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлекті модельдеу
Сабақтың мақсаты: Модельдеу әдістерін меңгеру және қолдану
Білімділік: түнгі көйлекті модельдеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыра, практикалық іс жүзінде оларды қолдануға бағыттау;
Дамушылық: Ептіліктері мен ой — өрісін, эстетикалық талғамдарын дамыту;
Тәрбиелік: Бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу, еңбектегі тәртіптілікке, саналыққа, жолдастыққа. өз ара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас(теория мен практика сабағы)
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі — көрсетілімді репродуктивті, практикалық жұмыс, өз бетінше, топтық, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі сызба, үлгілер, нұсқау карта, тапсырма карточкалар, қима бөлшектер, тест тапсырмасы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика, әдебиет
Практикалық жұмыс: түнгі көйлек түрлерін жасау, сөздік жұмысы — иініш, әдіп, өңірасты, техникалық және көркемдік модельдеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
— сабаққа даярлықты тексеру;
— Сабаққа қызығушылықты ояту.

ІІ. Сабақтың кіріспесін — тест жұмысымен бастаймыз. Тест жұмысы 10 сұрақтан тұрады.(қосымшада көрсетілген) Жауаптары тексеріледі.

ІІІ. Біз сабақта иықты бұйымның сызба — негізін құрдық. Ал бұл иықты бұйым өте қарапайым. Бәрін де қарапайымнан, қол жетерлік нәрседен бастау керек екенін сендер білесіңдер. Бірақ осы сызба — негізді қолдана отырып, киім үлгісін сәндеп, өзгертуге болады. Сондықтан модельдеу тәсілдерін білуіміз керек.

Модельдеу — жаңа фасон сызықтарын жүргізу, пішім үлгісін өзгерту, конструкциялық және фасондық сызықтар, қосымша бөлшектер мен әшекейлік сызық — тар жүргізу нәтижесі. Модельдеудің екі түрі бар: техникалық және көркемдік
Техникалық модельдеу — сәнді эскиз, сурет, фото бойынша жасайды. Мұнда сәннің эскизі бойынша сызба бөлшектеріндегі жеке элементтердің құрылысын өзгертеді.
Көркемдік модельдеу — қосымша әшекейлерді қолдана отырып, модельге сән беру, бұйымның сыртқы түрін өзгерту.

Модельдеуге мыналар кіреді:
Жаңа пішім жасау:
Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесінді дайындау;
Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесіндіні өзгерту;
Қосымша бөлектер, әрлегіштер

Нені ауыстыруға болады (слайд)
Бұйымның ұзындығын
Иініш пішімін
Мойын ойындысының пішімін.
Ұзындығын өзгерту арқылы түнгі көйлекті модельдеу

1 — тәсіл
Алдынғы бой мен артқы бой кесіндінің етек сызығына көйлекті қанша қысқартқың келсе сонша қашықтан параллель сызық түсір, бұл көйлек етегінің жаңа сызығы болады.
2Жаңадан түсірген етек сызығы бойынша кесінді қи.
3. Көйлекті ұзартқың келсе, кесіндіні ұзарт — қосымша қағаз парағын желімде.
Көйлектің екі бүйірі мен бүктесін сызықтарында ұзындығының өсу өлшемін белгілендер.
4. А, Б және С, Д нүктелері арқылы көйлек етегінің жаңа сызығын жүргізіңдер.
5. Қағаздан артық бөлігін қи.(слайд)
Өзгерту және бұйымның етегін кеңейту арқылы түнгі көйлектің
құрылымын және иінішін модельдеу

2 — тәсіл
1. Алдынғы бой кесіндісінде иініш сызығын жүргіз және етегін кеңейт.
2. Иініш қиылатын сызық түзу, дөңгелек, Ү — бейнелі және т. с. с. бола алады, яғни иінішті модельдеу арқылы түнгі көйлектің басқа модель үлгісін ала аласын.
3. Көйлектің артқы бойын да етегі кеңейтілген иініш арқылы модельдеуге болады.(слайд)
Осы тәсілдердің негізінде ғана түнгі көйлектің бес жаңа моделін жасауға болады.
Мойын ойындысын өзгерту арқылы түнгі көйлекті модельдеу.

3 — тәсіл
1. Мойын ойындысын өзгерту үшін түнгі көйлек үлгісінің алдынғы бойына қалаған ойындыны сызып қой.
2. Үлгінің артылған бөлігін кесіп таста.
Мойын ойындысын тігіспен өңде.(слайд)
Жеңіл күртешені модельдеу

4 — тәсіл
Иық бұйымдарының үлгісі ретінде
А. Жеңін ұзарту арқылы
Б. Көлемін кеңейту
В. Ұзындығын қалауынша өзгерту
г. 2 — 3 см кеңдікпен арнайы әдіп тұрғызу арқылы.(слайд)
Тұтас пішілген негіз бойынша көйлекті модельдеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!