Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері слайд,презентация – Биология

0
140

Бұлшықеттің  физиологиялық қасиеттері слайд,презентация

Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет.

Қаңқа бұлшықетінің қызметтері: 
– адам дене қалпын сақтауға қатысады;
– дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
– дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
– жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі; 
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне  келуі;
5. Автоматия  – бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.

           Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм – 5-10см/сек.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!