Мәдина Әбілқасымова қызметінен неге кетіп қалды – бұрынғы басшысы жауап берді

0
51

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мадина Әбілқасымова қазір ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орынбасары болған Мәдина Әбілқасымованың неге Ұлттық банкке ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мәдина Әбілқасымованы ұлттық банк өзі шақырған.

«Бұған дейін Тимур Сүлейменов (бұрынғы ұлттық экономика министрі – Sputnik) ұлттық банкте болғанын білесіздер. Үкіметтегі экономикалық және қаржы блогы арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет еді. Енді Тимур Мұратұлы басқа қызметке ауысты. Арада байланыстырушы буын болуы үшін оның орнына басқа вице-министрді әкелу керек болды. Міне, сол себептен осылай жасалды. Ақылға қонымды шешім», – деді Дәленов сенат кулуарында.

Айта кетсек, Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрлігінде бір ай да тұрақтамады. 12 наурызда ғана ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған ол 28 наурызда басқа қызметке ауысты. Қазір Мадина Әбілқасымова – ұлттық банк төрағасының орынбасары.



sputniknews.kz