Бүкіләлемдік тартылыс заңы, бүкіләлемдік тартылыс күші
Исаак Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша массасы бар барлық денелер бір-біріне тартылады. Бұл күш гравитация күші немесе бүкіләлемдік тартылыс күші деп аталады.
Айдың Жерге тартылып, біздің планетаны айналып тұруы осы гравитациялық күштің арқасында:
Жерге денелердің құлауы да осы заңның арқасында.
Бүкіләлемдік тартылыс күші
Бір-бірінен R арақашықтықта орналасқан массалары m1 және m2 болатын екі дене арасындағы F гравитациялық немесе бүкіләлемдік тартылыс күші (бір-біріне тартылатын) мына формуламен аңықталады:
Мұндағы G тұрақты шама, G = 6,67384(80) * 10-11 м³/(кг с²).
Осы күш массасы бар барлық денелерге әсер етеді. Алыстағы планеталар да, жақын орналасқан таулар да адамға гравитация күшімен әсер етеді.
Тартылыс заңы физика ғылымының ең негізгі заңдарының бірі.
Пән: Физика