Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

0

Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін
жетілдіру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

2015
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … .3
… … … … … … … … .. … … .

1 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР
НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
АСПЕКТІЛЕРІ … … … … … … … … … … … … … … .6
… … …

1. Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық
дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері 6
… … … … ..

1.2 Бокс қозғалысындағы техникалық, тактикалық дайындығының
арақашықтық түрлері және сақтау 14
тәсілдері … … … … … … . … … … … …

1.3 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер
негіздерінің тәсілдік әдістерін жетілдіру сатылары … … .. 22

2 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР
НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
35

2.1 Боксшының техникалық, тактикалық дайындық кезеңдерін
жетілдіру … … … … … … . … … … … … … … … .3 5
… … … … … … … … .. … … …

2.2 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының ағзаға әсері мен
қимыл дамуының 40
үлесі … … … … … … … . … … … … … … … … .
… … ..

2.3 Боксшыны психологиялық дайындықта шыңдау жолдарының
нәтижесі … … … … … … .. … … … … … … … … .5 0
… … … … … … … … .. … … …

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … . … … … … … … … … .6 3
… … … … … … … … .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66
ТІЗІМІ … … … … … … … … … ..

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық,
экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ
жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу
орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты
оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға
аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да
алаңдаушылығын туғызуда.
Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін
жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып,
заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы
бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығына қол
қойса [1996 ж.], 1997 жылы Қазақстан-2030 бағдарламасын жолдады.
Ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт
туралы заңы қабылданса, 2001 жылы Қазақстан Республикасының 2001-2005
жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі
мақсаты дене тәрбиесі мен спорт саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда
анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым
мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан
өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат
құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы
қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті
азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен жеке спорт түрі бойынша жан-
жақты қабілетті болуы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп
есептеуіміз қажет. [1,2,3,4].
Әдістемелік зерттеулердің нәтижесі, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен
және жекелей спорт түрімен айналысу жұмыстарын белгілі ғаламдар педагогика
әдістемесі және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен
әдістемесі, жасөспірім физиогогиясы, мектеп гигиенасы мамандарының жалпы
әдістемелік негізіне сүйене отырып жүргізілгенін көрсетті.
Қазіргі таңдағы педагогика, ғылымы дене тәрбиесі және спорт бағыттарын
белгілей отырып Қ.І.Адамбеков [5], А.О.Аяшов [6], З.И.Кузнецов [7],
М.Б.Сапарбаев [8], Б.А.Гейнца [9], А.С.Жұманова [10], Б.У.Алимханов [11],
В.Н.Платонов [12], Қ.А.Құланов [13] сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінің
педагогикалық негізі ретінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын
бақылауға арнаған. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың
жеке басының қабілетіне қарай таңдауға Н.И.Набатникова [14], Ж.Б.Қоянбаева
[15], М.С.Бриль [16] сынды ғалымдар жұмыс жасаса, ал сыныптан тыс
уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру
жөнінде К.А.Атаев [17], Б.Ж.Биданов [18], В.В.Ворюшин [19]; Мектеп
жасындағы оқушылардың жеке спорт түрлерінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді
Б.Қ.Қаражанов [20], В.П.Филин [21], В.А.Ашмарин [22], И.Г.Понамарев [23],
Л.П.Матвеев [24], Т.А.Ботағариев [25], А.Н.Хан [26] және басқа да көптеген
ғалымдар қарастырған.
Сонымен жоғарыда дене тәрбиесі мен спорт түрлеріне машықтанудың
әдістемелік жолдарын өз еңбектерінде ғалымдарымыз өз ой пікірлерін
тұжырымдай алды. Жүргізілген зерттеу негізінен оқушылардың дене тәрбиесінің
тәжірибесі мен әдістемесінің жекелеген мәселелерін ашуға, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере
отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиеленуіне, жеке спорт
түрі оның ішінде бокс спорт түрі бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін
дамытуға арналған.
Бірақ, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін
оқытуда жүргізіліп жүрген педагогикалық зерттеулерде бокс спорт түрімен
айналысушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық, физиологиялық
әсерін анықтау негізгі мәселеге айналып отыр. Себебі Қазақстандағы мектеп
оқушыларының жекелей денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының нақты
тенденцияларының төмендеуі аталған мәселенің қазіргі уақыт талабына сай
оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің әдістемелік негізделген ғылыми тұрғыда
шешім шығаруды қажет етеді.
Сонымен, оқушылардың дене тәрбиесінің қазіргі уақыттағы талап етіп
отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық оқушылардың дене
дайындығын жетілдіруге педагогикалқ мүмкіндіктер туғызатын спорттық
үйірмелер оның ішінде бокс спорт түрін кең көлемде қолдану мәселесі
ұсынылады.
Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік
тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі
зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, дипломдық
жұмысымның тақырыбы: Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас
ерекшеліктер негіздерін жетілдіру деп аталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек
және жасөспірім кезеңдегі боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас
ерекшеліктер негіздерін жетілдіруді әдістемелік тұрғыдан негіздеу және
тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және
әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;
2.Спорттық үйірмелердегі оқушылардың жас ерекшелігіне сай дене
тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
3. Спорт мектептерінде жаттығатын балалар мен жасөспірімдердің дене
сапаларын бокс спорт түрі бойынша жан-жақты дамыту;
4. Бокс спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық
жағдайын анықтау;
5. Жаттығушылардың бокс спорт түріне байланысты жас ерекшеліктерін
анықтау, жаттығу сабақтарын жүйелеу әдістерін енгізу;
6. Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі-жеке бастың спортты меңгеру
маңыздылығы туралы, оның дамуындағы өзара байланыс теориясы мен тәжірибесі
туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдық қарым-қатынастың объектісі мен
субъектісі екендігі туралы, қоғамдағы дене тәрбиесі процесінде болатын
қауіпті және басқарылатын ара қатынастар туралы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Жалпы білім беретін мектептер мен спорттық үйірмелерде оқушылдардың жас
ерекшеліктеріне сай қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, денсаулықтарын
жақсарту мақсатында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас
ерекшеліктер негіздерін жетілдіру мен әдістерінің жаңа, тиімді жолдарын
тауып, концептуалды үлгісін жасап, практикаға енгізілуінде.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы-жұмыстың негізгі жағдайлары мен
нәтижелері жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларға, интернаттарға,
спорт мектептеріне таратылып, практикаға ендірілді.
Жұмыстың ұсыныстары жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының
жаттықтыру сабақтарын басқаруда баланың жас ерекшелігі мен физиологиялық,
психологиялық жағдайын ескеруді негіздейді.
Зерттеу пән – Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас
ерекшеліктер негіздерін жетілдіру жүйесі.
Зерттеу объектісі – Жалпы білім беретін және спорт метептеріндегі бокс
спорт түріне оқыту-тәрбиелеу процесі.

1 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР
НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық
дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері

Біздің республикамызда спорт барынша дамып келеді. Ол рас, өйткені ол
жастарды дене тәрбиесіне баулудың ең ықтималды құралы болып табылады.
Бокс – бұл спорттың қызықты әрі күрделі түрі, ол өзіне табынушылар
санын күннен –күнге көбейтуде.
Жарыстар боксшыдан жағдайды бір сәтте бағалауды, мезетте шешім
қабылдауды және т.б. талап етеді.
Соңғы жылдары қазақстандық бокс дүние жүзінде алдыңғы қатарға шықты.
Бұл біздегі боксқа, оның дамуына жеткілікті көңіл бөлудің нәтижесі деген
сөз.
Оқытушылар мен жаттықтырушылар бокс теориясы мен оны оқыту әдістемесіне
үлкен үлес қосты, өз жұмыстарында тактика тәсілдері, боксты оқыту
әдістемесі және сабақты ұйымдастыру мәселелері түбегейлі мазмұндалған.
Тактика — боксшының қимыл тактикасын, сондай-ақ, нақты бәсекелеске
қарсы жекпе- жек қолданыс тәсілдерін үйрететін білім бөлімі.
Осыған байланысты автор тактика мен әртүрлі әдістердің элементтеріне
толығымен түсінік беріп жатпайды, өйткені бұның бәрі де бокс туралы
көптеген оқулықтарда қамтылған.
Осы жұмыста бокстың тактика негіздері мазмұндалады, боксшының қимыл
тактикасының дайындық, негізгі қорғаныс түрлеріне; жекпе-жектің алыс, орта,
жақын қашықтықтары түрлеріне, ұлттық бокс мектебіне өзіндік өрнек салған
жекпе-жек түрлеріне және жекпе-жекті жеке бас ерекшелігіне сай жүргізу
өнеріне сипаттама жасалады.
Қазақстан Республикасындағы бокстың даму тарихы.
Қазақстан боксының тарихы бай. Бокс-қазақтың табиғатына тән,
халқымыздың санында бар спорт түрі. Себебі, кейін Қытайға қараған Шығыс
Түркістаннан бастап Түмен мен Орынборға дейін Ұлан-байтақ даланы біздің
бабаларымыз уысында ұстады. Мұндай Ұлы дала тек рухы қу жүрек жұтқан
құлдары бар халықтың еншісіне бұйырса керек.
Ғалымдар бокстың 5000 жылдық тарихы бар деген тоқтамға келіп отыр.
Бұған дәлел: бағдатқа жақын жерден табылған тасқа қашалған айшықты
боксшылар бейнесі.
Біздің дәуірімізге дейін 688 жылы жұдырықтасу олимпиада ойындарына
енді. Жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын терімен немесе жұмсақ дәкемен
орап айқасқан.
Қазіргі бокс тікелей XYI- XYII ғасырларда Англияда бастау алған деген
ғылыми тұжырым бар. Бокстың осы елдегі ұстазы Джейм Фиг алғаш рет бокс
ережесін жазып шықты. Кейін 1805 жылы Маркиз Куинсберриздің ережесі дүниеге
келді. Осы ереже бойынша шаршы алаңның көлемі, раундтың ұзақтығы, қолғаптың
салмағы, қандай жағдайда нокауд есепке алынады, тағы басқа жекпе-жекке
қатысты мәселелер жүйеге келтірілді.
1904 жылы бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. 1920 жылы
Бүкілдүние жүзілік әуесқой бокс ассоциациясы (АИБА) өмірге келді.
Әлем чемпионаты алғаш рет 1974 жылы өткізілді.
Қазақ жігіттерінің ресми бәсекелерге алғаш қатысуы Кеңес одағына
қараған кезеңнің үлесіне жатады.
1936 жылы Шоқыр Бөлтекұлы Қазақстанға бокс қолғабын арқалап келгеннен
бергі уақытта шаршы алаңға небір мықтылар шықты.
1947 жылғы КСРО чемпионатына Қазақстан құрамасын Шоқыр Бөлтекұлы бастап
барған. Сол жолы Махмұт Омаров (51 кг) қола медальға қол жеткізіпті. Оның
қадамына інісі Мақсұт Омаров жалғастырды, ол 1957 жылғы КСРО чемпионатында
қола жүлде алса, 1959 жылғы КСРО халықтарының чемпионатында күміс медальға
ие болды.
1959 жылғы КСРО спартакиадасында Әбдісалан Нұрмахановтың жұлдызы жанып,
қола медалімен оралды. Әбдісалан бастап барған Атланта олимпиадасында қазақ
құрамасы командалық үшінші орынға ие болды. Қазақ боксшыларының үлесінде
әлем чемпионатының бес медалі бар.
Нұрхан Сүлейменов дүниежүзілік чемпионаттардың күміс жүлдегерлері
атанды. Армахан Ибрагимов 1997 ж. Будапешт рингінде күміс жүлдеге қанағат
тұтты. Осы жылы Болат Жұмаділов қола медалімен шектелді.
Олимпиада шепстресіне көз салсақ Серік Қонақбаев (1980 ж.) пен Болат
Жұмаділовтың (1996 ж.) қанжығасына байланған қос Күміс көңілге үміт
ұялатады.
Серік Нұрқазов 1983 жылы Еуропа чемпионы атанды.
1984 жылы Ташкентте болған КСРО чемпионатында Кәрімжан Әбдірахманов,
Серік Нұрқасов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов чемпиондық тұрғыда тұрды.
Қазақстан боксын ауызға алғанда біздің республикадан шыққан тұңғыш әлем
чемпионы Валерий Рычковті (1978 ж,), 1989 жылы дүниежүзінің чемпионы
атанған Игорь Ружниковті, Бокс бойынша Қазақстанның алғашқы Олимпиада
чемпионы (1996), Баркер кубогының иесі Василий Жировті айтпай кетуге
болмайды.
Еліміздің тарихында хандар мен билердің батырлық қасиеті туралы аңызға
бергісіз әңгімелер аз емес. Бүгінгі заманда да жасында жекпе-жекке түскен
лауазымды адамдар көп.
Мысалы, сазгер Нұрғиса Тлендиев боз бала кезінде Шоқыр атамыздың
шәкірті болса, Олжас Сүлейменов бала кезінде рингке шығыпты. Премьер-
Министр Нүрлан Балғынбаев студент кезінде бокстан Шешенстан чемпионы
атанып, спорт шебері дәрежісіне жетті.
1998 жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті-Бекет Мақмұтов бүкіл
дүниежүзілік әуесқой бокс федерациясының бірінші вице президенті болып
сайланды.
Бангкоктағы XIII Азия ойындарында Ермахан Ибрагимов, Вячеслав Бурьба,
Мұқтархан Ділдәбеков алтын жүлде алса, Нұржан Сманов күміс жүлдені қанағат
тұтты. Тұрсынғали Едібов бастаған құрама команда үшінші орынға табан
тіреді.
2002 жылы Австралияда Сидней олимпиадасында Қазақстан Республикасынан
Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов жеңімпаз болса, Болат Жүмаділов
пен Мұқтархан Ділдабеков күміс медальді иеленді.
2002 жыла Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен Х әлем
кубогында Қазақстан құрама командасы Кубадан кейін екінші орынға көтерілді.
[35].
Боксшының негізгі тұрыс қалпы
Бокстың даму барысында шайқастық жағдайдың талаптарына жауап беретін
көптеген бастапқы ережелер пайда болып көрінеді.
Бастапқы ережелер төмендегілерді атқаруы тиіс.
А) Боксшыға қарсыласының соққыларынан максималды қорғанысты қамтамасыз
ету;
Б) Боксшыға қарсыласына шабуыл жасауы үшін мүмкін беру. Шайқастық
тұрыс түсінігін бастапқы ереже деп түсіну қабылданған, бұдан боксшы барлық
уақытта дайын болуға мүмкіндік беретін тиімді шайқастық позициялардың
(ұстанымдардың) жіберілу мүддесін ескерте алады.
Осылайша, боксшының шайқастық тұрысы іс жүзінде шабуыл үшін және
қорғаныс қолданылатын әмбебап бастапқы шайқас ережесі болып саналады.
Әрбір боксшыға белгілі бір шайқастық тұрыс тән екендігі. Оны
спортшының психикасы, физикалық дамуы, анықтайды. Ол жекеше, себебі жеке
тұлғаның психикалық және физикалық қасиеттерін едәуір толық қолдануға ықпал
етеді. Сондықтан да болар-Қаншама боксшы болса, шайқастық тұрыс да
соншалықты деп айтылады.
Алайда оқытуды барлығына бірдей типтегі (тұрпаттағы) тұрыстан бастайды.

Шайқастық тұрыс жағдайында спортшы қарсыласына жартылай бұрылып тұрады.
Сол қолын шынтағына бүге тұрып, алға созу арқылы бесбармақ буындарын бүге
отырып, оның басын қарсыласына бағыттайды.
Жұдырық сырт жағы мен оңға қарай, иектен жоғары, шамамен 30-40см
бағытта ұсталады.
Сол қолдың шынтағы денеден әдетте 10-15 см қашықтықта ұсталады. Ол
қарсыласының жұдырығынан жүрек тұсын қорғайды. Оң қолдың жұдырығы жартылай
жұмылады және иек астынан оңға таман болады; шынтақ денеге, жамбас сүйекке
тоғысады. Ол бауыр орналасқан аумақты жауып ұрады. Бас алға қарай, иек сол
жақ бұғанаға түйіседі. Боксшы қарсыласына маңдай астынан қарайды. Денені
бос алады, сол жаққа қарағанда сәл жоғары көтеріледі, ішті тартып ұстайды.
Дене салмағы сәл бүгілген аяқтарға тең бөлінеді, ал оң аяқ арт жақта
жартылай қадамда оңға қарай орналасады. Өкше еденнен 3-5 см көтеріліп,
алдыңғы бөлікке салмақ салады. Екі жақ та бір-біріне параллель орналасып,
жарты айналымда оңға бұрылады.
Боксшының орын ауыстыру тәсілдері. Боксшы үшін статикалық ережелер
толығымен болмайтындығы тән. Ауысудың жеңіл болуы мен шапшаңдығы қорғаныс
үшін де, шабуыл үшін де шешулі рол атқарады. Боксшының алаңдағы (ринг)
ауысуы немесе ерсілі-қарсылы жүруі шапшаң әрі тосын. Бағытты ауысулар
шайқастың әрбір жаңа кезеңінде өзгеріп отырады. Сол кезеңде ерсілі-қарсылы
жүруден шабуыл мен қорғанудың белсенді әрекеттерінің орындалуы тікелей
қатысты.
Аяқтардың дұрыс орналасуынан боксшы шайқас барысында қажетті қимылдарды
орындауға мүмкіндік алуы тиіс.
Негізінен боксшы алаңда аздаған тайғанақ қадаммен жылжиды, бұл әрекет
табанның алдыңғы бөлігі арқылы жүзеге асады. Әуелі алдыңғы және артқы
бағыттағы жекелеген қадамдар игеріледі.
Ерсілі-қарсылы жүру кезінде боксшы дененің салмағын арттағы аяғына
салады, осылай алдыңғы аяғын босата отырып еденнен жеңіл (аздап) көтереді
және оң аяғымен түрткі жүргізіледі.
Сол аяқ бір қадам алға белгіленген бағытқа басады, ұлтаннын еденге
тигізеді, содан кейін барлық табанға толық тұрады.
Арттағы қалған аяғы алдыңғыға тартылады және бастапқыға аналогиялық
жағдайда орналасады. Дене салмағы екі аяққа тең бөлінеді [40].
Қорғаныс әрекеттері
Егер боксшыға қарсыластың шабуылы мен қарсы шабуылдауынан және
шапшаңдығынан қорғану; ынтасына тосқауыл болу; қарсыласты жалықтыру;
қарсыласты әшкерілеу; соққы алған соң өз-өзіне келу; қарсы соққыны даярлау;
арнайы тактикалық мақсатта келесі шабуылдау әрекетіне дайындық ретін де
бірқатар қорғаныс әрекеттерін үздіксіз шабуылдауға қарсы қою қажеттілігі
туындаған қорғаныс әрекеттері қолданылады.
Қарсы әрекеттеріне қорғаныс маневрлеу сондай-ақ қарсылас тегеурінін
тоқтату және оны қажыту үшін қолданылатын қарсы және жауап ретіндегі
соққылар жатады. Қорғаныс әрекеттеріне тұтасымен шабуылдау әрекетіне
енетін және қарсылас шабуылының негізгі құратын қызметін атқаратын қарсы
шабуылдауды жатқызуға болмайды.
Қорғаныс әректтері көрсетілген міндеттерінен басқада боксшы қарсы және
жауап ретіндегі қарсы шабуылдау ықпалдарын яғни, қарсыластың қайта қайтару
әрекеттерін жая отырып үздіксіз шабуылдау мүмкіндігін береді.
Жеке шабуылдау не қарсы шабуылдау уақытында боксшы келесілерден
қорғанады.
-өзі шабуылдаудан кейінге жауап ретіндегі не қарсы соққылардан. Жауап
ретіндегі соқыға қарсы қорғану назар аудару мен шабуылдан қорғанысқа шапшаң
көшуді талап етеді.
Соққыдан қорғанысқа және қайтадан соққыға шапшаң өту көбінесе боксшы
соққы кезінде тепе-теңдік сақтаған жағдайда ғана мүмкін:
-қарсы соққыдан (оның алғашқы шабуылдауды соққысына). Мұнда боксшы
көбінесе бүгуді пайдаланады, өз қозғалысының бағытын өзгертеді.
-шабуылдаушы боксшының екінші соққысына сүйенетін қарсы соқыдан. Бұл
шабуылдаушы үшін өте қиын жағдай, себебі одан шабуыл уақытында айрықша
көңіл аударады және ұрысты орта және жақын арақашықтықтарда дамыта және
шабуылды ұзбей отырып шабуылдаудан қорғаныс әрекетіне шапшаң көшу
шеберлігін талап етеді.
Ұрыс орта және жақын арақашықтықтарда дамыған уақытта қорғану сипаты да
біршама өзгереді. Соққылар бұл кезде шапшаң және көбіне аз амплетудада
беріледі. Сондықтан соққымен кезектестіріп қорғануды қолдану қиын; олар дәл
және шапшаң болуы және аз амплетудамен берілуі тиіс. Шабуылдаушы
(қорғанады) соққыдан қорғауға және қайтадан соққыға шапшаң өтуі тиіс.
Қорғанысты немесе соққыны аяқтау ары қарай әрекеттер үшін қолайлы
бастапқа жағдай болып табылады.
Әр алуан арақашықтықтардағы ұрыс сипаттамасы.
Қазіргі замандық ұрыс-алға жылжу, әралуан арақашықтықтарда орындалған
соққылық және қорғаныс әрекетерінің күрделі үйлесімі.
Қарсыластар ұрыс әрекеттерін жүргізетін арақашықтық көбінесе ұрыстағы
боксшының физикалық және психикалық қасиеттерінің, техникасының
ерекшеліктерімен анықталады. Әрбір арақашықтықтағы ұрыс әр алуан жағдайда
өтеді, спортшылар мен жаттықтырушыларға белгілі балуы тиіс өзіндік
заңдылықтарға ие болады.
Үш арақашықтықтың әрбіріндегі ұрыстың мәні қандай?
Қарсыластар арасындағы арақашықтықты қорғануды орындау мен соққы беру
үшін қажетті уақыт анықтайды. Ұрыстаға арақашықтық қаншалықты қысқа болса,
соншалыққа шапшаң және аңдаусыз соққы мақсатқа жеткізеді және
шабуылдаушыдан одан қорғауда соншалықты қиын. Және керісінше, арақашықтық
неғұрлым алыс болса, боксшыға қарсылас соққысынан қорғануда соншалықты
оңай.
Әрбір арақашықтықтың соққыдан қорғану мүмкіндігін анықтайтын өзінің
уақыт өлшемі бар. Алыс арақашықтықта боксшыға ортаға қарағанда қақ ортада,
жақын арақашықтыққа қарағанда қорғану оңай.
Алыс арақашықтықта ортаға қарағанда әрекет үшін уақыт көп болса да,
боксшының барлық әрекеттері секундтар үйлесімен есептеледі. Тіпті ұрыстың
алыс арақашықтығы да табыла тұрып қарсылас әрекетіне дер кезінде, жауап
қайтара алу үшін жеткілікті жылдам реакция мен қозғалыс жасай алу қажет.
Әр алуан арақашықтықтағы уақыт өлшемін боксшы үшін сәйкес техника мен
тактика анықтайды.
Шабуылдау әрекеттерін оқыту. Сол қолдың тікелей соққысымен шабуылдау
және қарсы шабуылдау және одан қорғану. Сол қолдың тікелей соққысымен
шабуылдау техникасын және одан қорғануды үйрете отырып жаттықтырушы
боксшыдан тек ұрыс қозғалысының дұрыс формаларын ғана талап етпеуі тиіс.
Соққылар мен қорғаныстар шапшаң және жеңіл орындалуы тиіс. Боксшы назарын
әрекет дәлдігіне және соққы мақсатына жетіп, қорғаныс дер кезінде
қолданылатын арақашықтықты табуға бағытталуы тиіс.
Оқытудың бастапқы кезеңінде негізгі міндет боксшыны дұрыс қозғалысқа
үйретуден тұрады (соққы, қорғаныс, финт пен қарсы соққы). Боксшы белгілі
тактиканы меңгергеннен кейін әр алуан күрделілікті ұрыс жағдайында, яғни
әрекетті қас-қағым сәтте таңдау қажет болған қарсыластың белсенді қарсы
әрекет жасауы кезіндегі ұрыс жағдайларында оны қолдануға үйренуі тиіс. Тек
жаңа бастап келе жатқан боксшылар ғана сол қол соққысымен шабуылдауды әлі
үйрене қоймайды, арақашықтықты дұрыс есептей алмайды, біресе қарсыласынан
тым алыс, біресе тым жақын жерден табылады, соққы үшін қолайлы кезеңді
таңдай алмайды, сасып-әбіржіп әрі қарай қалай әрекет жасау керек екенін
білмей қалады. Көбінесе қорғана алмайды. Мәселен, шабуыл алдында иегін оң
қолғабымен көлегейлей отырып, олар қарсыласы шабуылдағанда немесе өзі
шабуылдай бастағаннан-ақ еріксіз ашып қояды. Көбінесе боксшылар
арақашықтықты үзеді және бір-бірінен 2-3 қадам аралықта тұрып шабуылдауға
тырысады, бірақ қарсыласына соққысы жетпейді.
Сондықтан боксшыны шабуылдау мен қарсы шабуылдауға үйрете отырып
мұғалім онда дұрыс техникалық дағдыларды ғана дамытып қоймай, оны
арақашықтықты есептеуге және шабуылдау мен қарсы шабуылдау үшін кезеңдерін
таңдауға үйретуі қажет [16].
Шабуыл мен қарсы шабуылдауға даярлау үшін финті шебер қолдану маңызды.
Қарапайым финтке (кеудеге соққы көрсету және бастан соққы, не басқа соққы
көрсетіп кеудеден соққы беру) боксшы соққы техникасын меңгергеннен кейін
бірден үйрету қажет. Сонда олар шабуыл мен қарсы шабуылдаудың дайындығының
күшті құралымен қаруланатын болады және барынша ұйымдасқан түрде және
ықпалды шабуылдай алады.
Оқытылатын негізгі тактикалық әрекеттерге үйрету және осындай
қасиеттерді дамыту үшін (ықыластылық пен қозғалыс есі, реакция шапшаңдығы)
жаттықтырушыға жаттығулардың көптеген санын іріктеу қажет. Олардың барлығы
да есте сақтауды, байқағыштықты, ықыластылықты, қабылдау шапшаңдығы мен әр
алуан ұрыс жағдайларына жауап беруін дамыту үшін тапсырмаларды бірте-бірте
күрделендіру ұстанымы бойынша құрастырылуы тиіс.
Шабуыл мен шабуылдан қорғануды меңгеру үшін үлгілік жаттығулар
келтіреміз.
Боксшылар қолғап кигеннен соң бір-бірінен ұрыс арақашықтығынан тыс
аралықта тұрады. Біреуіне алға және артқа қадам жасау тапсырмасы беріледі
(немесе 2-3 қадам алға-артқа) ал содан соң алға қадам жасаумен сол қолмен
тікелей бастан соққы беріледі. Ал екінші алға-артқа қадам қозғалысымен
жауап қайтарады және соққыдан өтірік қорғанады. Бұдан соң осы жаттығуды
ұрыс арақашықтығында орындайды және боксшы алға-артқа қозғала отырып
қарсыласына тікелей соққы беріледі және соңында боксшылар залда ерікті
қозғала отырып жаттығуды орындайды.
Сосын шын соққыны орнына осы бірте-бірте күрделенуші жағдайда оқушылар
финтті қолданады, ал олардың қарсыластары мүмкін шын соққыдан қорғанады.
Дәл сондай тапсырманы кеудеге соққы беру кезінде боксшылар да алады. Бұл
жаттығулар шабуылдаушыға қарсылас қозғалысының ерекшеліктерін тануымен есте
сақталуына, шабуылдаушы және жалған соққыларды, соққы арақашықтығы айыруына
мүмкіндік береді. Шабуылдаушы өзіне финт пен шын соққы беруге қолайлы
арақашықтықты есте тұтады.
Мұнан соң боксшылар бастапқы соққы арақашықтығынан тыс, ал сосын
шектеулі және ерікті қозғалысқа ұрыс арақашықтығында тапсырманы орындайды.
Боксшылардың бірі біресе финт, біресе бастан соққы береді, ал біреуі
тек қорғанады. Сосын соққылар тек кеудеге беріледі.
Спортшылар қарсылас әрекетін айыруға, оларға шапшаң жауап беруге және
қорғануға, үйретіліп болған соң келесі жаттығулар орындаттырылады: боксшыға
әралуан жүйелілікте бастан және кеудеден жалған және шын соққы беру, ал
оның қарсыласына қорғану тапсырмасы беріледі: келесі жаттығуда екі серік
тефинт пен оларға белгілі қорғануды қолдана отырып бастан және денеден сол
қолмен тікелей ұрыс жүргізу құқығына ие. Алғашқы кезеңде оқушылар ұрыс
шартында өз қателерін қайталайды: боксшылар арақашықтықты керексіз үзеді
(оны әлі сезінбейді) финтті соққыдан айыра алмайды, шабуылдан кешігеді
қорғанып үлгере алмайды, шабуыл үшін қарсыласқа қолайсыз жағдайды көрмейді
және қолдана алмайды, бөгелу жағдайынан табылады және шабуылды қабылдауға
шешім жасамайды. Жаттықтырушы боксшылардың қатесін үздіксіз түзетіп отыруы
тиіс. Осындай жаттығуларды жүйелі қайталамай отырып боксшы өзін уақыт пен
арақашықтықты сезінуге тәрбиелейді және бірте-бірте сол қолмен тікелей
екпінді шабуылдауды және қалсылас шабуылынан қорғануды үйренеді.
Бұдан соң қарсы шабуылдауды үйренуге түседі. Боксшы екі жағдайда қарсы
шабуылдай алады алғашқы боп қарсылас шабуылдағанда немесе қарсыластың
шабуылын боксшының өзі шақыруының көмегімен ашылумен және басқа да жалған
әрекеттермен арандатылған және даярланған жағдайда.
Бәрінен бұрын қарсы шабуылдаушыға финттен соққыны ажырата алуға, соққы
бағытын ажыратуға қарсы шабуылдау әрекеттерін шапшаң және дер кезінде
жүргізуге үйрену қажет. Шабуылдаушы қарсы шабуылдаушы қарсыласының әрекетін
айыра алуы тиіс: жауап ретіндегі немесе қарсы (аяқ қозғалысы кезінде,
көкірек қозғалысы кезінде). Алдымен оқушыға боксшылар тұтқиылдық немесе
маневрлеу жағдайында қойылған міндеттерді шешетін залда ерікті қозғалу
кезінде және шектеулі қозғалыспен (бір орында жаттығу) таңдаусыз жаттығу
беріледі [48].
Сол қолмен тікелей шабуылға қарсылас белгілі жаттықтырушы тапсырған
қорғаныспен жауап береді (артқа шегіну, бұғу, сол қолмен тойтарыс беруі
және қарсы соққы береді). Шабуылдаушы қорғаныстың бірін қолданады. Мәселен
егер боксшы сол қолмен тікелей бастан шабуылдаса, оның қарсыласы артқа
қарай шегінумен қорғануды пайдаланады және алға қарай шапшаң қозғалумен сол
қолмен тікелей бастан соққы береді және (қайық қозғалысы түрінде)
шабуылдаушы тойтарыс берумен қорғанады немесе боксшы сол қолмен тікелей
кеудеге шабуылдайды, ал қарсылас оң алақанға тіренумен қорғанады және сол
қолмен бастан қарсы соққы береді. Шабуылдаушы шегінумен қорғанады.
Бастапқыда шабуылдау мен қарсы шабуылдау ерікті қозғалу және бір орында
жаттығуда баяу орындалады. Бұл қарсыласқа арақашықтықты сезінуге және дер
кезінде жауап қайтару мен қорғануға мүмкіндік береді. Бірте-бірте қарқын
жылдамдатылады және ұрыста қабылданғанға дейін жеткізіледі.
Ары қарай тапсырма қиындатылады шабуылдаушы бір ғана емес, әр алуан
белгілі қарсы соққыдан қорған қажеттілігін алдына қояды.
Сол қолмен тікелей шабуылдауға қарсылас белгілі қорғаныс пен басқа
денеге қарсы соққы беруді қолданады, ол шабуылдаушы сәйкес қорғаныспен
жауап қайтарады. Мәселен бір боксшы сол қолмен тікелей басқа шабуылдайды,
ал екіншісіне сол қолмен тікелей бастан артқа қарай шегінне қорғануды, не
кеудеге соққы беріп оңға бұға қорғануды қолданады. Алғашқы шегінумен не
қолмен тіренуге лайық қорғанады. Не бір боксшы сол қолмен тікелей денеге
шабуылдайды, ал екіншісі оң алақанға тіреліп қорғануды қолданады және сол
қол мен бастан қарсы соққы береді немесе артқа шегінеді және кеудеден соққы
береді. Алғашқы шегінумен не қолмен тіренуге сәйкес қорғанады.
Қарсы шабуылдаушыға жауап ретінде сол қолмен тікелей екі емес, үш, одан
да көп белгілі қарсы соққы қолдану құқығын бере отырып жаттығуды қиындатуға
болады. Шабуылдаушыға дұрыс және дер кезінде қорғану қиындай түседі.
Қарсы шабуылдаушының әрекетін күрделендіру және жаттығуды ұрысқа
жақындату үшін шабуылдаушы бастан және кеудеден соққы беру, ал содан соң
финтті қолдану тапсырмасын алады.
Бірнеше мысалдар келтіреміз:
1. Шабуылдаушы сол қолмен бастан немесе денеден соққыны орындайды
қарсылас не бастан кезекті соққымен артқа шегінеді, не басқа соққымен оң
алақанға тіренеді. Шабуылдаушы екі жағдайда да келесі әрекеттер үшін
бастапқы қолайлы жағдайды сақтай отырып қорғануды қабылдайды.
2. Шабуылдаушы кеудеден жалған және шын соққылап, бастан шын соққы
береді; қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғану мен қарсы
соққыларды пайдаланады (финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс).
Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыластың финтқа жауап қайтару жағдайында ашық
жерден шапшаң шабуылдайды.
3. Шабуылдаушы бастан жалған және шын соққы кеудеден шын соққы береді:
қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен және қарсы соққымен
жауап беруі тиіс. (финтті қолдану кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы
қорғанады, ал қарсыласының финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерге
шапшаң шабуылдайды.
4. Шабуылдаушы бастан және кеудеден жалған және шын соққылар береді;
қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен қарсы соққыны қолданады
(финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы қорғанады, ал
қарсыластың финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерден шапшаң
шабуылдайды.
Жалған соққылар мен ашық әрекеттерде қарсыласты шабуылға шақырумен
қарсы шабуылдауды оқыту кезінде қарсы шабуылдаушыны даярлаушы әрекеттердің
өзінің күрделілігі және олардан қарсы шабуылдауға қас-қағым сәтте көшу
қажеттілігі қиындық туғызады.
Бір жақты шабуылдау және қарсы шабуылдау жаттығулары материалды меңгеру
көлемінде боксшыға бір-біріне өзара шабуылдау және қарсы шабуылдау
тапсырмасы берілетін күрделенуші шартты ұрыспен бірте-бірте алмастырылады.
Шартты ұрыста сол қолмен бастан және кеудеден тікелей соққы қолданумен
жаттығулар боксшы машықтануы мен оқытудың барлық кезеңдері бойында кең
қолданылады.
Мұғалім ары қарай оқушылардың шартты ұрысын барлай отырып, олардың ұрыс
әрекеттерінің мәнін сезіне бастағандығын, айналы ойлар мен талғамды,
қарсыласты ұту мен алдауды игергенін, дұрыс тактикалық ойлай бастағандығын,
ұрыста жақсы бағытталғандығын, бәсекелесінің әрекетін айыра алатындығын
байқай алатын болады.
Дегенмен алғашқы кезеңдерде олардың кемшіліктері көп болады. Шартты
ұрысты жүргізе отырып олар жиі ашуланады және ұрыс құмарлығымен өз
әрекеттеріне бақылауын жоғалтып алып, тапсырма жайында ұмытып кетеді,
қорғануды ескермей, өзін ашық ұстап, соққы алмасымына ынталана жүгіреді.
Шартты ұрыстарда әсіресе техниканың; барлық кемшіліктері жақсы көрінеді.
Бұл тұрысты бұзудан, көсілмелі соққылардан тепе-теңдікті жоғалту мен
қозғалыстан туындайды.
Боксшының кемшіліктерін жөндеу үшін мұғалім қолғапсыз және серіктесу
тактикасы мен техникасын оқытуға үздіксіз оралып, шартты ұрыстағы
тапсырмаларды жеңілдетіп отыруы қажет.
Сол қолмен басқа және денеге тікелей соққы берумен ұрыс әрекеттерін
оқытуға егжей-тегжейлі тоқталуы қажет.
Сол қолмен өзара ұрысты жүргізу кезінде боксшы арақашықтықты есептеуді,
әр алуан құралдардың көмегімен қорғануды, қорғанудан шабуылдауға жылдам
өтуді, маневр жасауды үйренеді бір сөзбен айтқанда бокстау негіздерін
меңгереді және ұрыс кезінде оған қажетті ықыластылық, тапқырлық, ептілік
сияқты қасиеттерді дамытады.
Сол қолмен тікелей соққы көмегі кезінде ұрыс әрекетін үйрету уақытында
боксшыны оң қолмен басқа және денеге тікелей соққы берудің техникасымен
және одан серіктесіп қолғапсыз жаттығуларға сүйене отырып, тірену, шегіну,
бұғу арқылы қорғанумен таныстыруға болады.
Жаңа бастаушы боксшылар сол қолмен тікелей соққы көмегімен ұрыс
әрекеттерін және оған сәйкес қорғануды меңгергеннен кейін сол қолмен
тікелей соққы беруді үйретуге өте қажет [31].

1.2 Бокс қозғалысындағы техникалық, тактикалық дайындығының
арақашықтық түрлері және сақтау тәсілдері

Боксшыны арақашықтық тактикасын меңгертуге оқыту. Тактикаға оқытудың
негізгі міндеті-боксшы белгілі тактикалық мақсатта техникалық тәсілдерді
пайдалануға үйрету, барлық үш арақашықтықта тактикалық әрекеттермен
таныстыру. Әрекетке оқыту үрдісінде тактикалық ойлауға үйрету-серігін
ұтуға, әр алуан айлалы ниеттерді талғауға дағдыландыру.
Алыс арақашықтықпен ұрыс әрекетіне оқыту.
Ұрыс әрекетіне оқыту тік тұру мен қозғалыстан басталады.
Ұрыстағы тік тұру ұрыс әрекеттерін жүзеге асыру мен дайындау үшін
барынша қолайлы бастапқы жағдай. Бұл жағдайдан боксшы қозғалып, қорғаныш,
шабуылдап және қарсы шабуылдай отырып, қарсылас әрекеттерін жақсы үлгіде
қабылдап және оған көңіл аудара алады.
Әрбір арақашықтық үшін өзінің ұрыстық тік тұруы тән.
Осылай, алыс арақашықтықтан ұрыс әдетте түзуленген тік тұрумен, әр
ортада топтастырылған, жақында тағы да барынша жинақталған және төмен тік
тұруда жүргізіледі.
Осылай, алыс арақашықтықтан ұрыс әдетте түзуленген тік тұрумен, әр
ортада топтастырылған, жақында тағы да барынша жинақталған және төмен тік
тұруда жүргізіледі.
Ұрыстағы тік тұруды үйрету кезінде оқушының жұмыс істемейтін
бұлшықеттері босаңсығаны өте маңызды-бұл боксшыға қажымауға ішкі зорланудан
(психологиялық) қажуға және кез-келген қас-қағым сәттік әрекетке дайын
болуға мүмкіндік береді. Боксшының ұрыстағы тік тұруы қозғалыспен бір
уақытта үйретіледі.
Боксшы қозғалысысының екі негізгі тәсілі бар.
Жалғыз қадаммен қозғалтуды алыс арақашықтықта шабуылдау мен қарсы
шабуылдауға дайындық кезінде, сондай-ақ орта және жақын арақашықтықтағы
барлық әрекетте негізгі деп санау қажет. Осы тәсілмен алға қарай қозғала
отырып боксшы сол аяғымен азғана қадам жасайды, сосын бастапқы
жағдайдағыдай шамаланған мөлшерде олардың арасында арақашықтықты сақтай
отырып оған сол аяқты созады.
Боксшының созған аяғы еденмен сырғанап не оған тиіспестен қозғала
алады. Бүйірлік деп аталатын сол не оң жаққа қадам жасау көкірек
бұрылысымен де орындала алады.
Жеке қадамдар біріккен екі немесе үш қадамға көше алады. Дегенмен бұл
жағдайларда да (типтік техникада) барлық келесі біріккен жылжымалы қадамдар
барлық уақытта жеке қадамдарды қайталайды. Әрі боксшы аяғының әрбір
қадамынан кейін барлық уақытта ұрыстағы тік тұру үшін тән жағдайды
сақтайды.
Қозғалудың өзге тәсілі-секіріс алыс арақашықтықтан ұзақ уақыт маневрлеу
кезінде, әсіресе қарсылас айналысындағы қозғалыс уақытында одан жалт беру
немесе ұрысты қабылдамау үшін қолданылады. Осы тәсілмен алға және солға
қарай қозғала отырып, боксшы алға немесе солға қарай сол аяғымен қадам
жасайды (қадам жылжымалы қозғалыспен оған оң аяғын қосады. Бұдан кейін ол
сол аяғымен адамдап ұрыстағы тік тұруға тән жағдайға оралады. Артқа және
оңға қозғала отырып боксшы алғашқы адымдаушы қозғалысты жылжып сол аяққа
қоса отырып оң аяғымен жасайды. Бұдан кейін сол бағытта оң аяғымен қосымша
қадам жасай отырып, ол ұрыстағы тік тұруға қайта оралады. Осындай қадамды
бірнеше рет қайталай отырып, боксшы секіріс жасай отырып қозғалады. Ұрыста
секірістер көбінесе шеңбер бойынша жүргізіледі.
Біліктілігі бар боксшылар ұрыста жасалған жағдайға байланысты бір
қозғалысты қолданады.
Дерлік рингтағы барлық рингте сол қолмен соққы және одан қорғаныс
қолданылады. Осындай соққы толығымен меңгерген және одан жақсы қорғана
алатын боксшылар шебер. Тек сол қол соққысын пайдалана отырып ұрыста жеңген
ринг шеберлерінің жағдайлары белгілі. Әдетте мұндай соққылар ұрыста әр
алуан тактикалық мақсатттарда қолданылады.
Боксшы алға қарай қадам жасай отырып, жеке тікелей сол аяғымен
қарсыласқа күтпеген жерден шабуылдай не қарсы шабуылдай алады, немесе
шегініп және нақты соққылар бере отырып оның тегеурінін тежей не орнына
тұрып осы соққы көмегімен қарсыласын тоқтата алады. Сол қолмен тікелей
соққы соққылар сериясына енуі немесе қайталама ретінде қолданылуы мүмкін
жалған соққы көмегімен боксшы қарсыласын шын соққыдан алаңдата отырып
кезекті шабуылды не қарсы шабуылдауды даялайды. Сол қолмен тікелей соққыны
пайдалана отырып боксшы реакция шапшаңдығы, дұрыс жүргізу үлгісі,
қарсыластың қорғану жөнінде түсінік құрай отырып ұрысты барлауды жүргізеді
және оны шабуылға немесе қарсы шабуылдауға шақырады.[32].
Алыс арақашықтықтағы ұрыс сипаты
Алыс арақашықтықта ортаға қарағанда боксшыға шабуылды бастау әрқашанда
қиын, өйткені, соққы зонасынан тыс табыла отырып қарсылас бастапқы
қозғалыстарды біршама жеңіл қабылдайды және оларға қорғану қозғалыстарымен
жауап қайтарып үлгере алады. Шабуылдау мен қайта шабуылдау аңдаусызда
қарсыластың үстінен шығу үшін боксшы соққы дайындай отырып, жалған
әрекеттермен және арақашықтықта үздіксіз өзгертумен назарын аударып, отыруы
қажет. Егерде қарсылас оған қорғаныспен жауап қайтаратын болса, боксшы ашық
жерде кенеттен соққы береді. Егерде жауап ретінде қарсылас шабуылдауды
бастаса, боксшы оны қарсы шабуылдаумен басып озуы тиіс. Екі жағдайда да
боксшы қарсылас үшін оның әрекеттері күтілмеген болуына ұмытылады,
қарсыласты адастырса жеңілді; қажет емес қозғалыстарға алып келетін жалған
және даярлаушы әрекеттердің шебер және күрделі жүйесі шебер қорғаныс пен
шапшаң соққылардың үйлесімі алыс арақашықтықтағы ұрысты әдемі де мазмұнды
етеді. Алыс арақашықтықтағы ұрыс үшін өз стилі тән жоғары класты боксшы
түзу тұрыста табыла отырып тіркескен ринг бойынша жерден сәл көтеріле
отырып аяқтың кең емес арақашықтығында әр алуан жаққа жеңіл қозғала алады.
Ол қозғау бағыты мен қарсыласқа дейінгі арақашықтықты өзгерте отырып
шабуылдаудан қайта шабуылдауға емін-еркін және тез өтуге әрқашанда
дайын.Ұрысты алыс арақашықтықтан жүргізуді жоғары бағалайтын боксшы басты
үлгіде жеңіл еліктіруші соқыларды кенеттен және екпінді соққыларымен
үйлестіре отырып тікелей соққыларды пайдаланады әрі ол әр алуан тіреулер
мен артқа және жанынан қадам жасауымен қорғануды көбінесе қолданады.
Аяқ ойпатумен үйлесімде тікелей соққылар мен финттарды қолдану шеберлігімен
алыс арақашықтықтағы ұрыс өкілінің өзіне тән қасиеттері.
Дегенмен алыстан ұрыстың техникасы мұнымен шектелмейді. Ұрысты алыс
арақашықтықты жүргізетін мығым денелі, физикалық күшті боксшыларды өзіндік
техника қалыптасқан. Рингте барынша жұмсақ қимылдай және аяғын носкиден
жоғары көтермелей жүріп-ақ мұндай боксшылар түзу тұрысты қолданбайды, ринг
бойынша өз қозғалысын олар дене салмағы аяқтан-аяққа ауыстыруы және дененің
жалған қозғалыстармен үздіксіз үйлестіріп отырады. Олардың сүйікті соққылар
әр алуан аталатын аяқтармен қадам жасауымен және алға шабумен төменге жөн
бүйірлік.
Алыс арақашықтықта ұрысты кейбір жүргізу боксшыдан психологиялық
қасиеттер мен қабілеттіліктердің толығымен белгіленген талап етеді.
Бәрінен бұрын шабуылдаушы қорғанысы және қарсы шабуылдаушы әрекеттерді
қабылдау үшін боксшы қарсыластың барлық әрекеттері мен қозғалыстың барлық
әрекеттері мен қозғалыстарын көруі және оларды айыра алуы қажет қарсыластың
қозғалысы мен әрекеті қас-қағым сәтте айыру үрдісі алыс арақашықтықтағы
ұрыста жылдам болуға тиісті күрделі қозғаушы реакция бөлігі болып табылады
боксшы бастапқы жағдайлар мен қозғалыстардың өте үлкен санына жауап
қайтарады.
Қарсыластың бастапқы әр алуан жағдайлары мен бастапқы қозғалыстарын
көру мен айыру және оған өзінің жауап ретіндегі әрекетін ұйымдастыру үшін
боксшы жақсы қозғалыс есіне ие болуы қажет. Егер боксшы үлкен ықылас
көлеміне ие болмаса, онда ол қарсыластың әр алуан қозғалыстарын, шабуылы
мен қорғанысын тез арада бағалай алмайды. Егер де ол өзінің шабуылдаушы
және қарсы шабуылдаушы әрекеттері мен оған қарсыластың соққы әрекеттеріне
бір уақыт қашықта ықылас болу жағдайында болмаса да, ұрыс әрекеттерін
табысты жүргізіп және қарсыластың соққыларынан қорғана алмайды [12].
Боксшыға қарсыласта қажетті арақашықтықтан табылуға және соққы
алмастан, өзінің соққысы мақсатқа жеткізетін арақашықтықты табуға,
(соққыдан тыс) арақашықтықты шабуыл және қайта шабуылдау арақашықтығынан
және керісінше ауыстыруға мүмкіндік.
Алыс арақашықтықта ұрыс жағдайларын үздіксіз өзгерту , егер боксшы
шапшаң қозғала алатын болса мүмкіндік. Барлық көрнекті боксшыларда
арақашықтықты ұрыста аяқ жеңіл қимылдайды. (бұны құрғақ қимыл деп
атайды).[33].
Орта арақашықтықта ұрыс сипаттамасы. Орта арақашықтықтағы ұрыс не
шабуылдау немесе қайта шабуылдау әрекеттерін дамыту ретінде де боксшының
тактикалық міндетіне енетін немесе оның ұрыс үлгісіне тән ұрыс
әрекеттерінің белгілі, алдын-ала ойластырылған ұзақ тәсілі ретінде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Алыстан орта арақашықтыққа ену боксшыға шамамен алыс арақашықтағы
ұрыстағыдай талаптарды қояды. Ұрыс елеулі уақыт бойына қарсылас соққысы
зонасында жүргізілгенде ерекшелігі көрініс береді.
Орта арақашықтық үшін алыс арақашықтыққа қарағанда азырақ уақыт өлшемі
тән. Тактикалық қозғалысты боксшы орта арақашықтыққа ене отырып қарсыластың
қарсы шабуылдаушы өзінің соққылар сериясымен басып тастауға ұмтылады немесе
қарсыластың қайта соққы беруін алдын-ала болжамдай отырып, тасаланумен,
бұғумен, тіренумен қорғанудың автаматтандырылған серияларын қолдана отырып
күтілмеген соққылар береді.
Орта арақашықтықтағы ұрыстың ерекшелігі уақыттың қатаң шектелуімен
қарсылас соққысына барлық уақытта дайындылығымен байланысты.
Орта арақашықтықтағы ұрыс техникасы үшін ринг бойынша шектелген
қозғалыста тұлға ауысуы топтастырылған тік тұру тән болады. Орта
арақашықтықта қорғаныс пен соққының айырықша автоматтандырылған сериялары
(қорғаныс пен соққының таңдалған серияларымен қатар) және жеке акценттелген
соққылар да қолданылады.
Соққылар (қысқа тікелей төменге бүйірлік және осылардың арасындағы
аралық) негізінен, кеуденің айналмалы қозғалысы есебінен беріледі, ал
қорғаныс ретінде басты үлгіде тасалану, тірену және бүгу қолданылады.
Қорғаныс пен соққы серияларында арқа бұлшықеттерінің белсенді қатысуын
қабылдайтындығына байланысты олар соққыға дейін және кейін белгілі шамада
босатуы қажет.
Орта арақашықтықтағы ұрыста боксшы қозғалыс пен реакцияның айрықша
шапшаңдығына ие болуы тиіс. Ұрыс әрекеттерінің жиілігі мен жоғарғы
тығыздығы жұмыс істейтін бұлшық еттерді қысқартқан оларды босаңсытуға және
керісінше жағдайға қас-қағым сәтте өтуді талап етеді. Орта арақашықтықтағы
ұрыстың өткізу жағдайында боксшы, бір жағдайдан, ықыластың жоғары
тұрақтылығына ие болуы екінші жағынан өз назарын соққыдан қорғанысқа және
керісінше шапшаң аудара білуі керек.
Жақын арақашықтықтағы ұрыс боксшылар бір-бірімен жиналысқан уақытта
немесе дерлік тиістіре төменнен және уақытта немесе дерлік тиістіре
төменнен және бүйірден қысқа соққы беру көмегімен жүргізіледі. Жақын
арақашықтықтағы ұрыстың тактикалық міндеті көкірек бойынша соққы үшін
қолайлы жағдай жасау онымен қарсыласты қажыту және жасау оны соққымен тырп
еткізбей қою. Бұл арақашықтықта ұрыс күштік сипатқа ие.
Егер орта арақашықтықтан ұрыс алыс арақашықтықтағы ұрыстың ажырамас
бөлігі боп табылса, алыс арақашықтықтан берілген кез-келген соққы орта
арақашықтықта аяқталады. Онда жақын арақашықтықтағы ұрыс барлық уақытта
әдейілеп және мәжбүрліктен туындайды. Егер де боксшы көбінесе дене жарақаты
мығым, аласа бойлы, көбінесе қысқа соққыларды қолданатын оның қарсыласы
үшін қолайлы емес дәл осы қысқа соққылар арақашықтығында табысқа жете
алатын ұпай жинауда қарсыласты қажыту жағдайда ғана ол әдейлеп туындайды.
Бұл үшін жақын арақашықтықтан ұрыс боксшылары шарасыз және жабықтыратын
болуы тиіс. Кейбір жағдайларда боксшылар орта арақашықтықтағы қарсылас
соққысынан қаша отырып уақытша демалу үшін жақын арақашықтықта болуды
пайдаланады.
Ұрыста боксшы жақын арақашықтаққа алыс арақашықтықтан не орта
арақашықтықтан түседі. Алыс арақашықтықтан маневрлей отырып ол шабуылдауды
немесе қайта шабуылдауды жүргізетін жақын арақашықтыққа бірден шапшаң
енеді. Боксшы жақын ұрыста жеңіске қол жеткізе отырып орта арақашықтықта
алдын-ала соққылар жүргізгеннен кейін алыс арақашықтықтан жақын
арақашықтыққа бірте-бірте ене алады.
Маневрлей немесе ұрысты орта арақашықтықта жүргізе отырып боксшы
қорғаныс немесе қарсыласқа шабуылдай не қайта шабуыл жасай отырып жақын
арақашықтыққа ене алады.
Бұл арақашықтықта соққы беру үшін басқа арақашықтықтарға қарағанда аз.
Серігі жақын болғандықтан және ұрыс жағдайының ерекшелігіне байланысты
боксшы қарсыластың соққысына бастырлату және тірену көмегімен негізінен
жауап қайтарып үлгереді. Жақын арақашықтықта боксшының әрекетті көру арқылы
қабылдайды, оның қарсыласқа жақын тұруы салдарынан шектелгендіктен және
боксшы қарсыласының не жасап жатқандығының қай жерлері ашық екендігін көре
алмайтындықтан, ұрыста басты үлгіде бұлшықет қозғалыстың және сезім
мүшелері сезінумен жетекшілік жасауға тура келеді. Кеуде орналасуы, иық,
қол жағдайы, дене бұрылысы, қол бұрылуы оның қозғалысының бағыты мен
босаңсуы осы сезімдер көмегімен қабылданады.
Жақын арақашықтықтарда боксшылар топтастырылған тік тұрудан табыла
отырып ұрыс әрекеттерін жүргізеді … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz