Бір біріне қарама қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару

0
Тақырыбы: Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.

Мақсаты: 1) Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл-ойын, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз
ойын қорытындылай білуге баулу.
3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін сақтауға үйрету.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ — жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс,
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.

ІІ. «Ой ашу» стратегиясы. Бүгін әр жауап берген сайын дөңгелек аласыңдар. Сабақ соңында сол бойынша бағаланасыңдар.
— Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
Қандай сан? Ойсергек ойындарын жүргізу.
ІІІ. Тірек білімді еске түсіру.
Сұрақтарға көрнекілікті пайдаланып жауап береді де, өрнектерді тақтаға шығарады.
І топ. 1) Шеңбер деген не? Радиус ше?
2) 4200 * 70=294000
ІІ топ. 1) Дөңгелек деген не? Диаметр ше?
2) 5100: 30=153000
ІІІ топ. 1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.
2) 1500 * 80=0
— Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? /………… /
IV. Сабақ мазмұнымен таныстыру
— Сандарды өсу ретімен қойып шығайық.
Қандай сөз шықты.? — ҚОЗҒАЛЫС
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бір — біріне қарама – қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару.
Дәптерге күнді жазу, көркем жазу.
Ү. Жаңа сабақ.
— Бүгінгі сабағымызда бір — біріне қарама — қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір — біріне жақындап келеді.
V¹=40 км/сағ ——————— t =? сағ ——————— V²=60 км/сағ

———————————— S = 400 км
Уақыт бірлігінде нысандардың бір — біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір — біріне қарама — қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V жақынд. = V¹ + V²
60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.
Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін білу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.
t = S: Vжақынд.
400: 100 = 4 ( сағ )
Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.
— ҮІ. Оқушы білімін алғашқы бекіту.
. №2 есепті шығар (Оқушыға есепті оқытамын, талдаймыз)
— Бұл есепті 2 тәсілмен шығаруға болады, осы тәсілдерді қарастырып, түсіндіріп көріңдер. (тақтаға ілемін)
1 – тәсіл
1) 14 • 2 = 28 (км)
2) 12 • 2 = 24 (км)
3) 28 + 24 = 52 (км)

2 – тәсіл
1) 14 + 12 = 26 (км/сағ)
2) 26 • 2 = 52 (км)
2 ә) өздік ретінде ұсыну
Сергіту сәті.
— №3 тапсырма

І топ. 1 №3 (а) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.
100 • 2 = 200 (км)
Жауабы: ауылдардың арақашықтығы 200 километр

ІІ топ №3 (ә) 60 • 2 = 120 (км) – 1 — автокөлік
(200 – 120 ): 2 = 40 (км/сағ)
Жауабы: V²= 40 км/сағ

ІІІ топ №3 (б) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.
200: 100 = 2 (сағ)
Жауабы: 2 сағаттан кейін
— Осы есептер бір – біріне кері есеп бола ма?
— / кері есептер /
— Тағы да бір кері есеп құрастыруға бола ма? / /
— Сонымен бір — біріне қарама — қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруда жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

ҮІІ. Логикалық тапсырмалар
ҮІІ. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары.
№ 4 ауызша. Уақыт қаншаға артты?
??
12: 15 ———→13: 05 ————→16: 25
———(50 мин) ——(3 сағ 20 мин)

. №5 әр топтан бір оқушыдан шығып берілген өрнекті тиімді тәсілмен есептейді.
450 • (2 • 7 ) = (450 • 2 ) • 7 = 900 • 7 = 6 300
720 • ( 9 • 2 ) = ( 720 • 9 ) • 2 = 12 960
17 • 2 • 8 • 125 = ( 17 • 2 ) • (8 • 125 ) = 34 • 1000 = 34 000
№ 6 тапсырма ( Сызбамен жұмыс )
— Кесіндінің қайсысы радиус болып табылады?
— Қайсысы диаметр?
Радиустар 1) ОС, ОМ, ОХ, ОА 2) ОС, ОВ, ОД
Диаметр 1) ХС2) ВД

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
— Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?
— Сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер?
ІХ.. Бағалау
Х. Үйге тапсырма.№7№8

Дереккөз: http://bilimsite.kz/