Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар

0
Күні: Мектеп: №26 жалпы орта мектеп Пәні: Қазақ тілі Мұғалімнің аты-жөні: М.Қалманова Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жаруанрлар мен өсімдіктер. Сабақтың тақырыбы: Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар СЫНЫП: 8А, Ә Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Осы сабаққа қол жеткізген оқу мақсаттары 8.2.1.1 — тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру; 8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдай аладыОқушылардың көпшілігі орындай алады: тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана аладыКейбір оқушылар орындай алады: жазба жұмыстары мен айтылым тапсырмаларында тақырып бойынша ақпаратты қолдана алады Бағалау критерийі Оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыпты талдай алады. Алған ақпарратты топ ортасында еркін талқылайды. Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады. Ойлау дағдылары Білу, түсіну, қолдану, талдау Құндылықтарды игерту: «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:-Тіл мен мәдениет;-Өмір бойы білім алу;-Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;-Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау.Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. Пәнаралық байланыс География Тілдік құзіреттілік Негізгі сөздер мен тіркестер: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымдар, 1992 жылғы ақпан, «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы» келісім. Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:біздің ойымызша, біз келтірген дәйектемелер бойынша, нәтижеге бағытталған Алдыңғы оқу Биоалуантүрлілік туралы ойларын ортаға салады, диалогке түсе алады. Сабақтың жоспары Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқылым мәтіні бойынша әр топқа сұрақтар таратылады.

  • Мәтінде аты аталған ұйымдар қандай қызмеит атұарады?
  • Бас әріппен жазылған сөздер қандай сөздер?
  • Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
  • Көтерілген мәселені болжайды
  • Оқушылар жұмыстарын өзара бағалайды. Әр топ ұстанымдарын дәлелдейді. Оқулық Ортасы Тілдік мәлімет беріледі.Тұрлаулы мүшелер. БастауышБастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Оны сендер қайдан көрдіңдер, қайдан алдыңдар?

    Оқылымнан кейінгі тапсырма.Топтық тапсырма1-тапсырма. «Ғибратты сөздер» берілген дәйексөзді негізге ала отырып, «Еркін жазу» әдісімен төменгі сынып оқушыларына табиғатты аялау туралы үндеухат жазады.2-тапсырма. «Сканерлеу» әдісімен жағдаяттық тапсырманы орындайды. Өзіңді қоршаған ортаны қорғауға байланысты бір ұйымның басшысы ретінде есімхат (визитка) дайнды. Есімхатты атыңды жазбай, тек ұйымның атауын, лауазымыңды т.б. көрсетіп, қалауыңша безендір. Жүргізуші барлық есімхатты жинап алып, топқа көрсетеді, ал топтағылар есімхаттың кімдікі екенін анықтауы керек.Дескрипторлар:

  • Көтерілген мәселе бойынша үндеухат жазады;
  • Көтерілген мәселе бойынша ұжымның басшысы ретінде есімхат дайындайды.
  • Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.
  • Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.

    «Еркін жазу»

    «Сканерлеу» әдісі

    Соңы Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен сабақты бағалаймын.Үй тапсырма беру. Берілген мәліметті кез келген жастағы оқырман түсіне алатындай етіп қайтадан жазады. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен табиғатты қорғауға қатысы бар сөздерді анықтайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» Қосымша ақпарат Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланыс РефлексияСабақ / оқу мақсаттарышынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуалқандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: 2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: 2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім?