Дәулет Шабанбай Лондон Олимпиадасының медалін алады.

0

Қазақстандық балуан Дәулет Шабанбайдың Олимпиада ойындарындағы қарсыласы грузиялық Давит Модманашвили допинг қабылдағаны үшін ХОК тарапынан жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz  ХОК ресми сайтына сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Модманашвилимен жартылай финалда белдескен болатын. 

«Давит Модманашвили 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының ережесін бұзды. Оның қанынан тиым салынған препараттар табылды.

Ол өзі қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрестен алған медалін қайтарып беруге тиіс», — де жазды ХОК ресми хабарламасында. 

Давит күміс медалін ресейлік Билял Маховқа табыстап, оның қола жүлдесі қазақстандық балуанға берілуі тиіс.



prosports.kz