Биоалуантүрлілік, қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

0
Сабақтың бөлімі: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.
Сабақтың тақырыбы: Биоалуантүрлілік.
Оқу мақсаты: 8. 1. 5. 1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде мәтіннен қажетті ақпаратты табады
 Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, ой тұжырымдайды
Тілдік құзіреттілік: Пәндік лексика мен терминология: сұрақтар, пікір, көтерілген мәселе, үндестік.
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша…
Менің байқауымша…
Көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын…:
Мен бұл тақырыпта былай ой тұжырымдаймын.
Ресурстар: Оқулық, интербелсенді тақта, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер
Пәнаралық байланыс: Биология, жаратылыстану, тарих

Сабақтың басы
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлу
Қызыл кітапқа енген жануарлар
1 — топ: «Киік» 1 — топ: «Қызғалдақ» 3 — топ: «Аққу»

«Стоп кадр» әдісі
1. Оқушылар біз топқа (қандай жануар, өсімдік, құс) неліктен бұлай бөліндік деп ойлайсыңдар?
2. Бұл суреттердің тақырыбымызға қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
3. Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз не жайлы болмақ?

Өзара пікір алысу.
«Суреттер сөйлейді айдары». Тақтадан Қызыл кітаптың, сол кітапқа енген жануарлар мен құстардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздерінің бұрыннан білетін мәліметтерімен бөліседі.
1. Қызыл кітап туралы не білеміз?
2. Бұл кітапқа жануарларды, жәндіктерді, құстарды, өсімдіктерді не үшін енгізеді деп ойлайсыңдар?

Мектеп: Шаған ЖОББМ
Аты — жөні: Ханов Ш. У.
Биоалуантүрлілік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/