«Білім экономикасының» теориялық негіздемесі | туралы қазақша

0

Нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елде зайырлы (ізгілендірілген), демократиялық, құкықтық, әлеуметтік қоғам құрудамыз. Мұндағы «әлеуметтік қоғам» дегенді адамға қажеттінің бәрін істеуге, қарым-қабілетін барынша дамытуға жағдай жасау деп түсіну керек. Бұл -Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жаңа қағидат. Егеменді еліміздің бұл Ата заңындағы тағы бір айтарлықтай ерекшелік — мемлекеттік ортақ идеологиясыз, көппартиялық қоғам құру. Бұл қағидалардың өтпелі кезеңімізде накты іске асырылуы — «қандай тұлға қалыптастыруымыз керек?» деген түпкі максатымызға келіп тірелетіні белгілі. Осындай мақсат-мұратқа лайық тарихи-қоғамдық формациялық талдаудың нәтижесінде, біздің қазіргі даму жағдайымызға сай «кәсіпкер тұлға» тәрбиелеу қажет сияқты. Бұл тың мәселе қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті-лік тұжырымдамасымен қоса-қабат үйлесімді жүзеге асырылмақ.

Осындай жаңа қоғамдық сананы түсіну, нарыктық экономикалық ойлауға бет бұру, психологиялық мінез-құлқымызды жаңарту, іс-әрекетімізді өзгерту, кәсіпкерлік қарекетімізді жасампаздандыру — бәріміздің парызымыз.

Әр мезгілдің өз мінезі болады деп түсінгеніміз ләзім. Ендеше, мінезімізді де өзгертуіміз тиіс. Танысыңызбен сәлемдескенде де, «Өз бизнесіңіз бар ма? Фирмаңыздың жұмысы жақсы жүріп жатыр ма? Табысыңыз дұрыс па?» деп амандасуға дағдыланғанда жөн.

Нарықтық қоғамның негізгі қағидасы — керекті игілікті біреу қолыңа даяр етіп әкеп бермейтіндігін, оны өз қабілетіңмен, өз күш-жігеріңмен өзің жасауың қажет екендігін саналы түрде жаңаша түсіну. Енді бай болу, кедей болу — өз қолында. «Бай болу — ұят емес, құрмет» (Дән Сяопин) деп түсінген ләзім.

Қазіргі жаңаша сана — кәсіпкерлік істі ойлай білу, адам өзінің ойы мен іс-әрекетін қайтадан басқаша құру. Әтпелі кезенде біздерге ең қиыны осы болып отыр: үйді, машинаны қайта өзгерту оңай, адамды қайта құру — өте қиын, ұзақ процесс. Мұндай жаңаша ойлаудың діңгегі — жаңаша нарықтық қоғамдық формация, меншіктің түрі, кәсіпкерлік еңбек қарекеті, тұлға тәрбиесі. Нарықтық жағдайдағы кәсіпкерлік қарекеттің ерекшеліктерін ескеру қажет; біреуге масыл болмай, өз күніңді өзің көру; өзіңнің ықылас-қабілетіңе сай кәсібің болу; жекеменшік кәсіпорын ұйымдастыру; жекеменшік мүлкінді тиімді пайдалана білу, одан табыс табу; өз кәсібіңнің қаржылық көзін ойластыра білу; іскерлік қабілетіңді қайрау, тынбай творчестволық ізденіс жолына түсу…

Кәсіпкер — әлеуметтіх-экономикалық мәнге ие тұлға. Негізінен әр кәсіпкер адамгершіліктің тұрлаулы қасиеттеріне (еңбеккорлық, адалдық, тапқырлық, іскерлік, азаматтық, намысқойлық т.с.с.) тұрақтануы шарт.

Нарық адамдардың өздігінен тузелуін керек етеді. Өзін-өзі тануды, өзін-өзі билеуді, өзгеге өнеге көрсетуді, бәсекелестікте озуды қажетсінеді.

Нарықтық экономика ұлттың қадір-касиетін (менталитетін) қайта құруды, жастардың психологиялық қарым-кабілеттерін жаңартуды талап ететіндігін білгеніміз жөн. Нарык әркімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын байқаттырады, яғни өзің үшін, өз ыкыласыңмен, өз құлшынысыңмен жұмыс істеуге дағдыландырады. Демек, нарық талабына сай ойлаудың, қабілеттің, қарекеттің жаңаша қайта құрылуы тиіс.

Нарыктың педагогикалық мағынасы — жаңа білім мен кәсіпкер тұлғаны, ғылымды, экономиканы, өркениетті дамытудың бірден-бір кепілі деп түсіне білу. Ендеше, кез келген білім алу үшін емес, өз өміріңе керекті, тұрмысыңды түзетуге қажетті кәсіпкерлік білім алуға әрекеттену керек. Әрине, бүгінгі білімді — ертеңгі капитал деп түсіну жөн.

ХХІ-ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жөнінен стратегиялык ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады. Әлемдік зкономиканың заңдарын ешкімде өзгерте алмайды. Сондықтан белгілі бір білімі мен кәсіби білігі жоқ адамдар тиісінше жұмыс таба алмайды. Бұл бұлжымас факт. Жоғары білім — мол табыс табудың, лайықты тұрмысқа жетудің ең дұрыс жолы деп бар байлықтың қайнар көзі білімде екендігін Президент Н.Назарбаев ҚазҰУ-дың студенттер сарайында сөйлеген сөзінде ашық айтып, терең ұғындырғаны мәлім. Н.Назарбаев ҚазҰУ-де оқыған лекциясында, білімнің қазір табыс табудың көзіне, тауар құнын көтерудің факторына айналып отырғанын тағы да баса айтты. Адам факторын алға оздыруда да білімнің рөлі артып келеді. «Білім ақпараттық қоғамда кұнның негізгі көзіне айналып барады. Білім инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде» деп атап көрсетті Н.Назарбаев өзінің Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне оқыған лекциясында (2006ж.). Демек, жаһандық экономиканың жаңа сапаға — «білім экономикасына» көшуі байқалады,

Егемендігімізге лайық жеке тұлға тәрбиелеу мемлекетіміз бен мектебіміздің басты мақсаты болуы керек. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, нарықтық қоғамға лайықты кәсіпкер тұлға қажет сияқты. Мұны дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғаны белгілі.

Қазақ халқының өмірі ежелден-ақ, мыңдаған жылдар бойы нарықтық қатынастарға байланысты болып келген. Бүкіл әлемге әйгілі «Ұлы Жібек жолы» бұған жеткілікті жақсы дәлел.

Демек, жастарға нарықтық білім мен тәрбие беру өте өзекті мәселеге айналып отыр деп түсінуіміз керек. Ол үшін ең алдымен, нарықтық процестердің ғылыми-педагогикалык мән-мағынасы мен кәсіпкерліктің экономикалық-ұйымдастыру негіздерін түсіну қажет.

Қоғамдық-экономикалық формация тұрғысынан қазіргі нарықтық қоғамның базисі — жекеменшік. Ал оған қатысты тәрбиеленетін жеке тұлға — кәсіпкер тұлға болуы тиіс.

Өркениетті елдердегідей барлық адамдар ұлтына, тіліне, дініне, мамандығына қарамастан белгілі бір өзінің кәсіпкерлік ісімен ұдайы айналысатындай, кәсіпқой болуы тиіс. Сондықтан, ел Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «…нарықка байланысты әр адам қай салада болсын сол алған мамандығының шыңына шығуы керек. Адамның қадірлі болатыны, табысты болатыны оның өз мамандығының шыңына шығуына байланысты. Сол себепті де елдің бәрі жақсы шаштаразға, жаксы тігіншіге. жақсы дәрігерге, жақсы мұғалімге барғысы келеді». «Бар дүние байлық -шеберлердің колында» деген халық даналығы да бекер айтылмаса керек.

Ендеше, нарықгың әдеуметтік-философиялық мәнін: өз күніңді өзің көр, өкімет сені асырамайды; өз игілігіңді өзің жаса, өзің сүйетін жұмысты өзің тауып ал, нендей кәсіппен айналысу өз ықтиярыңда; бай болу, кедей болу әркімнің өз қалауы деп түсінуіміз тиіс. Мұндай қиын мәселелерді шешу үшін жастарға жаңаша нарықтык сана, творчестволық экономикалық ойлау, тиімді кәсіпкерлік қарекет керек.

#Білім #экономикасының #теориялық #негіздемесі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз