Білім беру саласы: Әлеметтік орта .Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Күзгі құбылыстар

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Білім беру саласы: Әлеметтік орта .Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Күзгі құбылыстар

Автор: Акишева Гульбаршин Айткалиевна

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

Ұйымдастырылған оқу қызметі . Күзгі құбылыстар. Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.




Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».Бөлімі: Экология негіздеріТақырыбы: «Күзгі құбылыстар»Мақсаты: Балаларды жылдың күз мезгілімен, таб иғаттағы күзгі ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез – құлық ережелерін түсіндіріп үйрету. Зейінділікке, қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: күз мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.Әдістәсілдері: бақылау, көрсету, түсіндіру, сұрақжауап, әңгімелесу, еңбек ісәрекеті. МотивациялыққозғаушылықБалалар шаттық шеңберін құрып, бірбірімен қол ұстасып:Сәлем», — дейміз, — алтын Күн,Сәлем», — дейміз, — Жер-ана.Сәлем», — дейміз баршаңа, — деп, бірбіріне тілектерін айтады. Ұйымдастырушылықізденістік1.Балалар ақындарының күз мезгілі туралы өлең оқылады.2.Әңгіме жүргізу.Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру.Сұрақтар:Балалар, өлеңде қандай сөздерді кездестірдіңдер?Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.3.Суретпен жұмыс.Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер, қандай күйде болады?Құстар қай жаққа ұшып барады?4.Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.Кіпкішкентай ағаштарБіпбиік боп өседі.5.Ойын: «Көкөніс пен жемістер»Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.6.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.Балалар қайталап айтады. Балалар педагогтің көмегімен жауап береді.Алтын күз, күз мезгілі және т.б. сөздерді айтуы мүмкін.Балалар тақтадағы күз мезгілінң суретіне қарап, педагогтің көмегімен әңгімелейді.Балалар бірбірінің жауаптарын толықтырады. Балалар сұрақтарға педагогтің көмегімен жауап беруге тырысады.Жапырақтар сарғаяды.Гүлдер солады.Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына қарай қимылқозғалыс жасайды.Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды. Балар тапсырманы педагогтің көмегімен орындайды.РефлекциялықтүзетушілікСабақ соңында серуенге шыққанда күз мезгіліндегі ағаштарды бақылатып, күзгі еңбек туралы әңгімелейді.Балалар қайталап айтады.

Күтілетін нәтиже:Нені біледі: күз мезгілінің ерекшелігінкүннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінін. Қандай түсініктерді игереді: балалар күн суытқанда жылы киіну қажет екендігін саналарына сіңіреді және күзгі табиғат құбылыстары туралы білімдіМеңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғат аясында жүргізетін бақылау жұмыстары мен еңбек ісәрекеті арқылы табиғатқа деген қамқорлық дағдыларын .







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.