«Жылы түстермен сәндік натюрморт салу.»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Жылы түстермен сәндік натюрморт салу.»

Автор: Тіленші Анарәлі Рахманәліұлы

Бағыты: Сурет Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

«Жылы түстермен сәндік натюрморт салу.»




Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Пән; Кескіндеме негізі.
Қатысқандар саны: 12. Қатыспағандар саны:
Шебер-сыныптың тақырыбы:  «Жылы түстермен сәндік натюрморт салу

Білімділік: Композицияның негізгі тәсілдерінің ескерілуімен сәндік натюрмортты дәйекті және кезеңімен орындауды үйретуДамытушылық: Бейнелеу шығармашылық белсенділігін, пішінді сонымен бірге өңін бір стильде біріктірілген сәндік элементтермен толықтыру икемдігін дамытуТәрбиелік: қоршаған ортаны танып білуге мүмкіндік жасайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін эстетикалық сезімді, жігерлік, шығармашылық қабілеттерін, қиялды тәрбиелеуКөрнекілігі: суреттерСабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық жұмыс.

Шебер-сыныптың мақсаты;Күтілетін нәтиже

Шебер-сыныптың міндеті;

Сәндік натюрмортты салудың негізгі кезеңдерімен таныстыру. Теңестірілген, бейнелік композицияны тәжірибелік орындау. Бейнелеуде бірегей сәндік және пластикалық стильді анықтау.

Қажетті материалдар;

Оқытушыға:1) суретшілер картиналарының репродукциялары;3) натюрморттың заттары;4) «Сәндік натюрморттағы «Түстер мен сызбалар үйлесімінің әуендестігі»»Тыңдаушыларға: гуашь,акварель бояуы, № 2, 4, 6 қылқаламдары,А3 (немесе А4) көлемінде қағаздар – 3-4 дана,Суға арналған ыдыс, бояутақта, Т, ТМ, М – жай қарындаштары,өшіргіш,және т.б.
Психологиялықахуал.Шебер-сыныптың жүргізілуі. 1. Сәлемдесу, аудиторияда шығармашылық ахуал жасау, суретшінің жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылғанын және сабақ құралдарын тексеру;2. Аудиториядағы тыңдаушыларға шеберлік сабағыныңтақырыбын жариялау;3. Тыңдаушылардың материалды жақсы игеруіне алдын-ала дайындық;а) сәндік кескіндеме туралы әңгімелеу;б) композицияның негізгі көркемдік тәсілдерімен танысу.5. Натуралық материал негізінде сәндік натюрмортты салу:а) Түпкі ой. Құралдарды таңдау. Стиль мен пластиканы іздеу.Композицияның нобайын қара түсті гуашпен орындау.б) Композиция құрылымы. Стильдеу пішінін ескере отырып суретті толықорындау.в) Түстермен жұмыс. Түрлі түстердің гармониясы, үйлесімі.г) Түстердің тепе-теңдігі. Тұтастық үйлесімі.6. Қорытындылау.(топтасып қарау, жұмыстарды өзді-өзі тексеру, өткізілген шебер-сынып туралы ой-пікірлерін ортаға салу. Ашық аспан болсын!Әр күніміз біздіңСәттілікке толсын!Кескіндеме пәніненБілмегенді білейікҮйренейік, күлейік!
Өткен сабақтардан алған білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар
Жаңа тақырыпты ашу Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау
Жаңа сабақ Екі кескіндемелік натюрмортты салыстырыңдар. Екеуі де натурадан салынған. Біреуі шынайы, екіншісі сәндік.Сәндік натюрморт ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басындапайда болды. Басты ерекшеліктері: түс, пішін, фактура.Сәндік кескіндеме сәндікті, сұлулықты білдіреді.Декор — сән әдемілеу, сәндеу дегенді білдіреді.Сәндік:— көркем пішіннің эмоциялық айқындығын арттыратын ерекше қасиеті.— әдемілікті көрсету формасы.Стильдеу – нысандардың өзіндік ерекшелігін бірқатар шартты тәсілдердің көмегімен сәндеп көркемдеу. Нысанның пішінін, түсін, бөлшектерін күрделендіруге немесе жеңілдетуге, сонымен бірге оның көлемін дәл беруден бас тартуға болады. Бірақ, суретті жеңілдету дегеніміз оны жұтаңдандыру емес, тек қана оның елеусіз кішігірім бөлшегін жіберіп, айқын қасиеттерін айрықша көрсете білу.Стильдеуде сызбаларға, сұлбаға оның қозғалысына және таңбалардың өзара әрекеттесуіне маңызды роль беріледі. Стильдеу принциптері – жазықтықта сызықты көріністі жинақтау, яғни түс пен тонның жинақталуы.Пішін түрінің шарттылығы: сызудағыдай фронталды бейнелеуСызықтар – бейнелеудегі көркемділікті айқындау амалдарының бірі.Олар сәндік суреттер салуда, кескіндемеде, эскиздерде, нобайлысуреттерде қолданылады. Сызықтардың бірқалыптығы, оның иіндері,иілімдері, динамикалық бағыттары, тональдығы, түстердің бір-бірімен үйлесу гармониясы, құрылымдық байланысы және басқа сызықтармен арақатынасы бізге музыкадай, әуезділік белгісіндей көрінеді. Тарихтың ең алғашқы кезеңдерінде кейбір халықтарда түрлі сызықтармен бейнелеу пайда болған. Уақыт өте келе пішінге түс қосылады. Кескіндеу сызықтарымен жұмыс жасаудың техникасы көп, және әр суретшінің өз салу техникасы болған.Қарама-қарсы сәулелер жиегі– көркемдеу амалы, заттың пішінінбейнелейтін сызық, заттың кескіні.Пластика – пішін айқындығы, түрлі тәсілдермен кескіндеу шеберлігі, жұмыс барысындағы еркіндік, жеңілдік.Натуралық форманы әсірелеу мен өсіру.Абстракция – геометриялық пішінге дейін өзгертілген натураданауытқушылық.Натуралық пішінді өсіре көрсету және әсірелеуСәуле мен көлеңке арасындағы анықшекаралық силуэттік таңба.Үндестік аралықтарыныңградациялары.(жарықтан-көлеңкеге ауысудың жартылай көлеңке арқылы өтуі)Толықтырушылар – түскен көлеңкенің формалары, шағылу,ақ дақтар. Түстердің кеңістіктік қасиеттері – қаншалықты жақын болса,соншалықты жылы,жарық,кереғар.Қаншалықты алыс болса,соншалықты суық, солғын.Композициялық ортакомпозицияның негізгі басқарушы элементі.Теңестіру – композицияның элементтерін орналастыру, ол кезде әр зат өз орнында, оның орнықты орналасқанына күмән жоқ және оны сол кеңістіктен қозғамау керек.Композицияның сәнділігін күшейтетін тәсілдер:— оверлеппинг – жартылай үйлесу немесе бір форманы келесігеорналастыру— кеңістікті бөліктерге бөлу— ою-өрнектік сәнділікке жету мақсатында әшекейлік мотивтерді қолдану— кескінді ұсақ бөлшектерге бөлу— модульді енгізуМодульді композицияда қолдану. Натюрмортқа зер сала қарайық. Барлық заттардың пішінін талдап,геометриялық фигуралармен салыстырамыз. Қағаз кеңістігінденатюрморт заттарының дұрыс орналасуын анықтаймыз(тігінен немесе көлденең) Түспен жұмыс. Түстердің үйлесімі.Үндестік аралық градациясы күңгірт көлеңке арқылы жарықтан көлеңкеге өту. Түскен көлеңкенің формалары, шағылу толықтырушы сәндік элементтері.
Практикалық жұмыс Жұмыстың тәжірибелік бөліміне көшеміз.Натюрморт қарапайым пішіндегі тұрмыстық заттардан тұрады. Бұл Гүлсауыт және жемістер. Олардың пішініне зер сала қарап, талдаймыз. Натуралық қойылымға қарап сәндік натюрморткомпозициясының кішігірім эскизін саламыз. Жоғарыда айтылғандай заттың пішінін, түсін, орнын өзгерте аламыз. Композициялық ізденіс жүргіземіз. Бұл кезде бізге шығармашылық қабілетіміз, ойымыз көмектесе алады. Ойымызда қағаз бетіндегі тепе-теңдік пен бүтіндік болуы керек. Жұмысымыздан негізді бөліп алып, баса назар аударып, пластикасын өсіру. Мысалы: биік тігінен тұрған құмыра, арттағы сәндік перденің айқындығы, гүлшоғының өзіндік сұлулығы.Түспен жұмыс істеуге көшеміз. Жұмысымыз неғұрлым жанды болып шығу керек. Түстер құрылымының көрермендерге эмоционалдық әсер етуін қадағалаймыз. Түстер гармониясы туралы білгендерімізді еске ала отырып, жұмысымызда сәнділік элементтерінің барлығын қолданамыз.
Үйге тапсырма Кескіндеме сабағының теориялық және бояу түстерін ажыратунегіздерімен, көлеңке теориясы, перспектива, композиция, кескіндеме технологиясы мен техникасын меңгеру. Шынайы кескіндеменің эстетикалық мәнін ашу және суретті салып келу,аяқтау.
Бағалау,қорытындылау. — топпен бірге жұмыстарды қарау;— ең жақсы жұмыстарды атап, нашарларында жіберілген қателіктеріне назар аударамыз;— жұмыстарды өзіндік талдау және шеберлік сабағының өткізілуі туралы өз пікірлерімізді айту.

Қолданылған әдебиеттер.1. Алексеев С.С. Цветоведение. Искусство, 1976.2. Власов В.Г. Стили в искусстве. СПб., 1996.3. Голованова М. Главное – не изображать, а выражать. Художественнаяшкола. Москва, №5 (20), 2007.4. Калинина Н.С. Образ в декоративном натюрморте. Юный художник, 11-12, 1995.5. Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильныхизделий, Москва, Легкая промышленность, 1981.6. Логвиненко Г.М. Декоративная композиция, Москва, ВЛАДОС, 2005.7. Матюшин М.В. Закономерности изменяемости цветовых сочетаний. М.,1932.8. Миронова Л.Н. Язык пространства и цвета. Техническая эстетика. 1988,







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.