Білім беру реформасының жүзеге асуы туралы қазақша
Білім беру жүйесін реформалау мемлекеттің бұл саладағы саясатын ұлттық, мәдени ерекшеліктерін және оқу орындарының өз бетіншілік екендігін кеңейтуді есепке алумен жүргізіліп келеді. Бұл жерде білім беру жүйесін басқаруды демократияландыру процесі маңызды орын алады, ол оку орындарының ішкі мәселелерін шешуде, окушылардың, студенттердің, оқытушылар мен ұстаздардың әлеуметтік қорғануын күшейтуте оқу орындарының автономиясын кеңейтуте мүмкіндік 6ерді. Бүкіл оқу жүйесін реформалаудың негізіне — мектепке дейінгіден жоғарғы оқу орынына дейінгі — оқу мен тәрбиені демократияландыру қағидаттары, көп укладтық пен білім жүйесінің икемділігі принциптері басшылыққа алынған еді. Сонымен бірге оның негізіне — бұл өте маңызды жағымды фактор — аймақтық, ұлттық өзін-өзі басқару, гуманизациялау және идеологиясыздандыру қағидаттары негізге алынған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі қағидаттарына — барлық азаматтарының білім алуға тең құқылықты болуы, мемлекеттік стандарттың шеңберінде ақысыз-пұлеыз білім беру, білім беру мекемелерінің меншіктің, қызмет бағытының түрлері бойынша, тэрбие мен оқытудың формаларына орай әртүрлі болуы; оның сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үрдісінің үздіксіздігі, білім берудің қарқынды дамуы, мемлекеттік оқу орындарындағы білім берудің зайырлық сипатта болуы, білім беру саласының саяси және идеологиялық ықпалдан тәуелсіз болуы алынған еді.
Қазіргі кезде, біздің республиканың экономикалық және әлеуметтік дамудың кең көлемді (масштабына) міндеттерін ұсынып, мемлекет жастарға нық сенім артады, әсіресе, ең алдымын еліміздің болашақ интеллектуальды әлеуеті ретінде студенттік жастарға зор сенім білдіреді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбектерінде жастардың жоғарғы оқу орындарында білім алуына үлкен маңыз береді. Ол студенттерді өздерінің саны жағынан да және рөлі жағынан да жастардың ең маңызды топтарының бірі деп санайды, шынында да студенттер республиканың интеллектуальдык әлеуетін ұдайы өндіретін негізгі қайнар көзі болып табылады. Қоғамдық прогресс кеп жағдайда студенттердің алған білімінің сапасына, әлеуметтік ұстанымына, моральдык бейнесіне тәуелді болады.
Қазіргі кездегі студент әрдайым өзінің болашағына бағыт-бағдар ұстауға тиіс, белгілі бір қызмет саласына қолданылатын өзінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыруы қажет. Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарының алдында студенттердің автоматтандырылған өндіріске бейімделу проблемасы тұр, жоғарғы оқу орнының бітірушісі тек білікті тұтынушы гана болып қоймай, сонымен бірге, жаңа, барынша күрделі автоматтандырылған жүйені жасай алатын болуы керек. Жоғарғы мектеп студенттерде жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі білімін жетілдіру қажетіне сенімін қалыптастыруы керек, кәсіби біліктілік ауыспалыққа қабілетін орнықтыруы қажет.
Осыған орай мына бір жағдайды айтуға тура келеді. Оқытудың сапасының жоғары болуы студенттің өз бетінше білім алуға деген белсенділігіне, кәсіби пайымдай алу дағдыларын калыптастыру қабілетіне байланысты болатын құбылыс. Студенттік жылдарда өзін-өзі тәрбиелеу ерекше маңызды фактор. Өзін-өзі тәрбиелеу урдісі сол уакытта ойдағыдай жүзеге асатын болады, егерде жоғарғы білікті маманның қалыптасу негізі дұрыс қаланған жағдайда ғана іске асады.
Қазіргі танда, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына байланысты, оның әлеуетін қауымдастыкқа кіруіне орай, өмірлік қызметтің барлық саласында басқарудың демократиялық кағидаттарын енгізумен байланысты біздің республикамызда білім берудің рөлі артуда. Сондықтан да білім беру жүйесінің проблемаларына тұрақты түрде көңіл аудару керек, оны дер кезінде және дұрыс шешуін таба білу біздің еліміздің әлеуметтік-экономикаяық одан әрі гүлденуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Әлемде жүріп жаткан жаһандану және ықпалдану үрдісі қоғамдық өмірдің әртүрлі саласын қамтып, көптеген өзгерістер экелуде. Демократиялық қоғамда өзгерістердің сапасы мен салдарларына жауапкершілікті барлық азаматтар саналы түрде түсініп, сол үшін өздерін жауапты санайды. Бұның дамудың жалпы стратегиясын көбіне көл анықтайтын қоғамдык өмірдің маңызды саласы болып саналатын — білім беруге қатысы бар.
Қазіргі әлемде білім сапасы, шындап келгенде, ұлттык дамудың алғы шарты және тұрақты дамуды құраушы. Өмірдің саяси, экономикалық, мәдени салаларының жаһандануы халықаралық жағымды тәжірибені терең талдаудың негізінде және біздің ақиқаттың өзіндік ерекшелігін ескерудің негізінде ұқсастықты қалыптастырудағы кәсіби жауапкершілік туралы мәселені алдымызға тартты. Сонымен қатар, бұл қайсыбір жағдайға талдау жасап, өзгертпекші болғандар үшін әртурлі жүріп жатқан кұбылыстарды терең білу және түсіну әрі еліміздегі білім берудегі өзгерістер жасаушылар үшін алғы шарт болып табылады. Ал бұның білім беру саясаты мен білім беруді әлем дамуының басқару саласына қатысы бар. Жалпы барысын түсіну үшін, бұл про-цесте өз елінің орны мен рөлін айқындау үшін кез келген дүниежүзілік деңгейде тең диалог жүргізуде білікті болу қажет. Осыған орай кәсібилік, нағыз азаматтык ұстаныммен нығайтылған, осы диалог деңгейіне шығудың міндетті шарты болып табылады.
#Білім #беру #реформасының #жүзеге #асуы
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз