Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселелері | туралы қазақша

0
117

Қазақстан халқының құрамы этникалық және әлеуметтік тұрғыдан алғанда күрделі екендігін ескерсек, біздегі орын алып отырған ахуал балалар мен жасөспірімдерден бастап жастар мен ересектерге дейінгі аралықтағы әрбір азаматтың бойында азаматтық сана-сезім, отансүйгіштік, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті сапаларын тәрбиелеу ісіне жалпы иемлекеттің, оның ішінде әсіресе білім беру жүйесінің анағұрлым белсенді әрі тиімді қызмет аткаруын талап етеді. Сондықтан мақалада көтеріліп отырған мәселе саяси саладағы күн тәртібінен түспейтін тәжірибелік сипаттағы бірегейлігімен және аса өзектілігімен ерекшеленеді.

Бүкіл әлемдік ауқымдағы үрдіске айналған ғаламдану, халықаралық лаңкестіктің өршуі, биылғы тамыз айында Гүржістандағы орын алған жан-жалдан кейінгі әлемдік саясаттағы өзгерістер, жаңа экономикалық қатынастар әсерінен туындаған терең элеуметтік жіктелу, ұлтгық сана-сезім деңгейінің өсуі, тұлғаның діни сипаттағы өзіндік айқындалуы сияқты жэне т.б. мәселелердің қоғамдағы өзектілігі арта түсуі отаншылдыққа баулу ісінде мемлекеттің, отбасының, діни ұйымдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының, БАҚ, білім беру мекемелерінің жаңаша түрдегі ынтымақтастығын қажетсініп отыр. Бұл — жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін, оның ішінде ұлтаралық қатынас мәдениетіне және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатындағы мемлекеттік саяси идеология болуы тиіс деген сөз. Сонда ғана Қазақстаннның әрбір азаматы жеке тұлға ретінде Отанын қадір тұтатын болады, демократиялық ұстанымдағы азаматтық қоғамда өз еркіндігін сезініп, туған жерінің көркейіп-дамуы үшін белсенді еңбек етеді.

Ал мәселенің теориялық астарына келсек, қазақстандық азаматтылық пен отаншылдықтың дүниетанымдық және рухани-адамгершілік негіздерін тұжырымдамалық негіздеу мен нығайту ісі әрдайым өзекті болып қала бермек, өйткені, бұл тұжырымдық тұғырнама қоғамдық келісім, жалпы ұлттық деңгейдегі дүниетанымдық және мәдени құндылықтардың жасампаз ыкпалдасуы, ұлтаралық және дінаралық татулық тәрізді бағыттармен астасып жатыр. Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, білім беру ошақтарындағы оқу және тәрбие ісінде отаншылдыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға баса назар аудару керек. Бұл түрлі мәдени-рухани, спорттық іс-шараларды ұйымдастырып өткізумен катар, арнайы мақсаттағы үйірмелер мен клубтардың (тапқырлар, шешендер, пікірсайысшылар, сарапшылар т.с.а клубтары) қызметін жандандыру, тарихи-өлкетану, әскери-патриоттық рухтағы шаралар, әдеби-мәдени кештер, ұлттық және діни мерекелерге орайластырып өтетін іс-шаралар кешенін дамыту керек.

Бұл көтерілген мәселелер осы ғылыми конференцияның өтуіне арқау болған ҚР ҰҒА академигі, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ құрметті ректоры Т.С. Садықовтың «Студенттердің ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу» атты еңбегінде жан-жақты зерттелген. Еңбекте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу адамдардың танымдық қажетгіліктерін жандандыратындығы, танымдық қызығушылықтың негізін салатындығы, ал бұл өз кезегінде барша ұлттық емес және ұлтаралық құндылықтарға деген салауатты кызығушылықты ынталандыратындығы көрсетілген. Сәйкесінше, тәрбие тұжырымдамалық сипат алуы тиіс, шынайы ұлттық құндылықтарды қорғап, олардың жалпыадамзаттық тұстарын айқындап, халықты біріктіретін, ұйыстыратын касиеттеріне ерекше мән береді. Мұндай тәрбие түрін балабақшадан, отбасынан, оку орындарынан, яғни, қаралайым және бұқаралық сана деңгейінен бастау қажет. Осыған байланысты зерттеушілер бұл салада мемлекеттік саясат кажет деген тұжырым жасайды.

Мемлекеттік білім беру жүйесіндегі оқу және тәрбиенің мазмұнын қазақстандық жалпыұлттық және азаматтық құндылықтармен барынша суарып, жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті дамыту үшін кешенді іс-қимыл бағдарламасымен қатар, нақты жүзеге асыру механизмдерін ойластыру қажет. Бұл мақсатқа жетуде әсіресе гуманитарлық пәндерді оқыту барысында кең мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Әрбір өтілетін жаңа тақырыптың, әрбір оқылатын дәрістің өн бойынан қазақстандық патриотизмнің, толеранттылықтың, альтруизмнің нұры шашылып тұруы шарт.

#Қазақстандық #патриотизмге #тәрбиелеу #мәселелері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз