Берекелі алтын күз, тақпақтар күз туралы

0
24

Ертеңгілік
Тақырыбы: Берекелі алтын күз
Мақсаты: Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі «Алтын күз»мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше«Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.«Ақжелкен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!(Балалар «Листопад» биіне билеп залға кіреді, қолдарында жапырақтар)

Ермағанбет:
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.

Ақтілек:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйынды.

Гүлдариға:
Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның

Мөлдір:
Миновало лето,
Осень наступила.
На полях и в рощах,
Пусто и уныло.
Птички улетели,
Стали дни короче,
Солнышка не видно,
Темны, темны ночи.

Алихан:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Фариза:
Ходит осень
В нашем парке,
Дарит осень
Всем подарки:
Бусы красные – Рябине,
Фартук розовый – Осине,
Зонтик желтый – Тополям,
Фрукты осень
Дарит нам.

Ғазиза:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секілді.

«Ақшұқыр мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі
«Кәусар» шағын орталығы
Өткізген тәрбиеші: Калиева Мария Жанабаевна

Берекелі алтын күз. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!