Бас әріппен жазылатын сөздер, қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

0
285
2 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер
Сілтеме: Балтабаева Ж. Қ, Солтанғазина М. Қ, Лекерова Ф. С. «Алматыкітап баспасы» 2 – сынып 2013 жыл
Жалпы мақсаттар: Жер-су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру; өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
Оқыту нәтижесі: Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйренеді. Кейбір заттардың аттары бас әріппен жазылмайтынын ажырата алу.
Негізгі идеялар: Тақырып туралы түсінік
Оқыту тәсілдері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, БҮҮ, талдау, «Сұрақты ұстап ал!»әдісі
Кейінгі тапсырмалар: 5 – жаттығу

1). Ұйымдастыру
Көңіл – күйлерін анықтау
2). Өткенді пысықтау
– Біз қай сөз табын оқыдық?
– Зат есім дегеніміз не?
– Зат есімдердің сұрақтары қандай?
3). Топқа бөлу(қала атаулары бойынша топқа бөлу)
4). Қызығушылығын ояту
Тақырыпты анықтау
5). Жаңа сабақ
Бас әріппен жазылатын сөздер

Адам аттары
Тегі
Өзен, көл атаулары
Қала, ауыл аттары
Жануарлар аттары
Жер тау атаулары
Мемлекет атаулары
Теңіз, мұхит атаулары
Оқулықпен жұмыс

1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
Менің фамилиям -…. Атым -…. Әкемнің аты -…. Шешемнің аты -…. Мен өз отбасымды мақтан етемін.
Отбасыңда тағы кімдер бар? Толықтырып жаз.
Топпен жұмыс
3 – топқа тақтадан адам, қала, өзен, көл атаулары жазылған суреттер көрсетіледі.
1 – топ: Адам аттарын;
2 – топ: Қала аттарын;
3 – топ: Өзен – көл атауларын теріп жазу ұсынылады.
1 – ТОП:
2 – жаттығу. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
– Дұрыс!- деп Тұраш айтты.
– Бұрыс!- деп Бораш айтты.
– Жалған!- деп Жарас айтты,
– Рас!- деп Рәш айтты.
Қайсысы жалған айтты?
Қайсысы рас айтты?
Қ. Мырза Әли
2 – ТОП:
3 – жаттығу. Өзің жақсы көретін үй жануарлары мен хайуанаттары туралы қысқаша әңгіме жаз. Оларға ат қой.
Мұғалімнің аты-жөні: Шатекова Индира
Бас әріппен жазылатын сөздер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/