Бақытты балалық шақ балабақшадағы ертеңгіліктер
Павлодар облысы Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
«Бақытты балалық шақ»
Сәбилер тобыныңи ертеңгілігі
жүргізуші Армысыздар! Құрметті қонақтар!
Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!
Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп,
Бүлдіршіндер сіздерді тамсандырар.
Жүр-ші; Көктемде тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
— Торғай, қарға, тауық.
Жүр-ші; Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
— Жұмыртқа шығарады.
Жүр-ші; Ендеше, «Алтын жұмыртқа» ертегісін еске түсірейікші .
Жүр-ші; Балалар ертегі не туралы екен?
-Алтын жұмыртқа туралы.
Жүр-ші; Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
— Ата, әже, тышқан, тауық
Жүр-ші; Ал енді осы ертегіні сахналап көрсетейікші.
Сахналау Алтын жұмыртқа
Жүр-ші :Балалар ал жұмыртқадан не шығады ?
Балалардың жауаптары Балапан
Жүр-ші; Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
(«Шөжелер» әніне қимыл би жасайды)
Жүр-ші; Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
— Пішіні сопақша
Жүр-ші; Түсі қандай?
— Түсі ақ.
Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.
Жүр-ші; Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
Тауық Қыт – қыт — қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!
Жүр-ші; Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
Тауық Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
— Ия, көмектесеміз.
Жүр-ші; «Жұмыртқаны жина» ойыны. Балалар сынып қалған жұмыртқаның бөліктерін тауып құрастырады.
Тауық Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
Жүр-ші :Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.
Жүр-ші :Ауылда ата мен әжелерінде қошақандар бар ма ? Балалар біз қошақан туралы өлең білеміз ғой.Қане бәріміз тұрып айтайықшы.
Ән « Қошақаным қайда екен ?»
Жүр-ші :Біздің балалар жыл бойы жаттаған тақпақтарын айтып берсін.Тамашаланыздар.
Мирас ,Науан,Самир т.б
Бір кезде күн мен бұлт кіреді.
Күн:
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін күн туралы әнін орындап берейік .
Жүр-ші :Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Күн мен бұлт қоштасып кетеді .
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман-есен жүрейік
Келер оқу жылына!
Жүр-ші : Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, өнер дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!