бақылау жұмысы, 8 сынып физика пәнінен
Бақылау жұмысы №3.
Мақсаты:
Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0, 7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша?
Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0, 5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең?
Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар.
Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін
ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі?
ІІ нұсқа.
Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны?
Мұхитта толқын ұзындығы 300 м — ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар.
Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар.
Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге болады?
ІІІ нұсқа.
Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама — қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны?
Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер.
Математикалық маятниктің ұзындығы 0, 9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең?
Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады?
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: қайталау.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/