Шымкентте ауа райы қандай болады: 22, 23, 24 қаңтар

0
154
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

41 0 0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан территориясы арқылы атмософералық фронттардың бірінен соң бірінің ығысуынан қар, оңтүстік өңірлерде жабысқақ қар, солтүстікте кей жерде бұрқасын, екпінді күшті жел болады.

«Алдағы үш тәулікте республикада синоптикалық процестер айтарлықтай өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыстан тропосфералық ағындардың ығысуы сақталып, бұрынғыша ауа температурасын климаттық нормадан жоғары болады», — деп хабарлады Қазгидромет.

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан облысында тұман, бұрқасын соғады, шығыстан күші 15-20 м/с жел болады.

Үш қалада ауа райы қандай болады

Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы —6 градус болса, күндіз —7 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде —4 градус, күндіз —4 градус болады. Шымкентте түнде —3 градус, ал күндіз ауа температурасы +1 градус болады.

23 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 7 градус аяз, ал күндіз 5 градус аяз болады. Алматыда түнде —5 градус, күндіз —4 градус. Шымкентте түнде —8 градус болса, күндіз +2 градусқа дейін көтеріледі.

24 қаңтарда Астанада түнде —7 градус, күндіз –1 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 5 градус нөлден төмен болса, күндіз +5 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде —5 градус, күндіз +4 градусты көрсетеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/