Банктің мәні және оның қызмет ету аясы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін, Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.

Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың орғаны деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым және т.б. ретінде қарайды. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезендік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.

Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:

  • банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
  • оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
  • банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
  • банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.

Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені емес, керісінше, белгілі бір қызметі бар институтты білдіреді.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу