Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне — Бақылау агенттігімен бірге екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі — бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру, еліміздегі банктердің және басқа да қаржы-кредит институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық агенттігімен бірге банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

  • пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
  • банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;
  • банк қызметтерін тексеру;
  • банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
  • бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;
  • банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.

Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады (кредит беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді.

Бір деңгейлі жоспарлы — орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал, екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу