Балабақшадағы ашық сабақтар, Шөл далаға саяхат

0
Шөл далаға саяхат.

Мақсаты: Балаларға жазы ыстық, құрғақ болып келетін шөл дала туралы түсінік беру, шөл далада өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы алған білімдерін бекіту. Жүру және жүгіру түрлері, секіруге арналған жаттығулар арқылы белсенді қимыл — қозғалыстарын дамыту. Табиғатты сүюге және тәрбиелеу.
Алдын — ала жүргізген жұмыс:
Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары, құстары туралы түсінік берілді.
Қажетті құралдар:
Шөл дала өсімдіктері: қазжуа, жантақ, таспашөп, ағашы — сексеуіл;
Жануарлар: қосаяқ, кесіртке, тасбақа, түйе;
Құстары: бұлдырық, дуадақ суреттері
Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Балалар, мен сендермен саяхатқа шыққалы тұрмын. Қайда деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
Ендеше мен жұмбақ жасырайын:
Күні ыстық қапырық,
Толқындай қозғалған.
Айнала сап — сары құм басқан
Бұл дала қай дала? (шөл дала)
— Балалар, сендер шөл далаға барғыларың келе ме? Мен сендерді әлемдегі ең үлкен – Сахара шөліне апарғым келіп тұр. Немен баруға болады?
Мен ұшақпен ұшуды жөн көріп тұрмын. Алдымен «жол сөмкесін» дайындап алайық. (балалар үстел үстіне рюкзакқа керекті заттарын салды. Стол үстінде: кепка, су, ойыншықтар, кітаптар, нан)
— Ал, балалар, жолға дайынбыз ба? Не алдыңдар? Ендеше ұшақты дайындайық. (1 бала екі қолын жайып тұрады. Стюардесса жолаушылардың дайындығын тексереді)
Белгі бергенде әуенмен «жыланша» жүгіреді.(Залға сары полотно жайылған)
— Міне, ұшақ шөл далаға кеп қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері жерге түсейік. Міне, Сахараға да келдік. Қандай, шексіз, кең дала! Балалар, шөл далада қандай өлі табиғат патшалық етеді деп ойлайсыңдар? (құм)
— Иә, балалар, әлемдегі ең ыстық құм да, ең ыстық күн де осында.
Қайда, шексіз, кең дала! Қайда қарасаң да құм!
Қандай шөл түрлерін білесіңдер? (құмда шөл, сазды шөл, тасты шөл)
Сиқырлы жел соқты. (сап түзеп, жай жүгіру)
Мына жерде өсімдіктер өсіп тұр екен. (атау. қайсысы артық табу. қайсысы шөл далада өседі?
Тәрбиеші: Қаз жуа, жантақ, таспашөп, қоға мен қамыс
Балалар: Қоға мен қамыс артық, себебі су жағасында өседі.
Тәрбиеші: Бұл өсімдіктер несімен ерекшеленеді?
Балалар: Жапырақтары жіңішке, кейірінде мүлдем жоқ, қылқан тәрізді боп келеді.
Тәрбиеші: Неге? Не үшін?
Балалар: Өз бойында суды ұзақ сақтау үшін, ылғалды аз буландырады.
Өсімдіктер сусымалы құмды тоқтатады.
— Мына жерде ағаштар да бар екен. (атау) шөл қайсысы өседі?
— Қарағай, ақ қайың, шырша, сексеуіл.
— Сексеуіл шөл далада өседі.
— Сексеуіл ағаш па, бұта ма? (ағаш)
— Учаскедегі ағаштардан қандай айырмашылығы бар? (бұталары жоқ, дін қисық, әрі тығыз)
— Сексеуіл суды қайдан алады? (тамырының ұзындығы 20 — 30 метрге дейін жетеді, себебі, суды тереңнен алады.)
— Жақсы, сексеуілді отын ретінде пайдаланады.
Бұл әлемде отқа ең жақсы жанатын ағаш.
Ары қарай шөл даланы аралайық. Құм да жүру қандай қиын екен? Балалар сап түзей, тізені жоғары көтере жүреді!
— Балалар, мына жерде құстар да бар екен. Атау. не артық?
— Бұлдырық шөлдемей ме?
— Су ішу үшін алысқа ұшып барады.
— Дуадақ ше? Немен қоректенеді?
— Жем талғамайды. Өсімдіктермен, кесірткелермен, кемірушілермен қоректенеді. Ол шөлге төзімді. Жыл құсы. Республикамызға ақпанда ұшып келеді, қазанда ұшып кетеді.
— Құстар туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ары қарай жүрейік. Құм қандай ыстық. Аяқтың ұшымен және өкшемен жүрейік.
— Мына жерде түйе де жүр екен. Балалар жайғасып отырайық. Шөлдеген боларсыңдар. Азықтарыңды алайық. (Балалар тамақтанады.)
— Түйе шөл далада не істеп жүр?
— Өте мықты, шөлге төзімді, адамдардың шөл далада жүруіне көмектеседі.
— Құм өте ыстық, түйенің аяғы күймей ме? Неге?
— Түйенің табаны мүйізденген, қалың теріден тұрады. Ол ыстықта күюден, өткір заттармен жарақаттанудан қорғайды. Мына жерде түйе жатыр. Оның тізесі күймей ме?
— Тізесінде қалың тері қорғайды
— Шөл дала ыстық, біз ақ киім кисек те ыстық. Түйелерге ыстық емес пе? Олардың денесін не қорғайды?
— Ұзын қалың жүндері қорғайды
— Өркеш неге керек?
— Өркешке майдан қор жинайды. Ол бірте — бірте суға айналады.
— Түйенің сусыз жүруіне тағы не көмектеседі.
— Түйенің мұрын каналы ұзын болады, судың буы мұрынында тұрып қалады да, сыртқа шықпайды. Ұл сусыз көп жүруіне көмектеседі.
— Балалар, мына жерде шөл хайуанаттары да жүр екен. Атайық. Артығын табу.
— Қосаяқ, кесіртке, таутеке, тасбақа. Таутеке артық, себебі, ол таулы жерде жүреді.
— Тасбақаның қандай түрлерін білесіңдер? Үстіндегі не?
— Тасбақа денесі сауытпен қапталған. Оның 2 түрі бар: дала тасбақасы, батпақ тасбақасы. Шөлдалада тасбақалар көп болады. Дала тасбақасы өсімдіктер жейді, қыста 7 — 8 ай ұйықтайды. Ал, батпақ табақасы өзен жағасында кездеседі. Балықтармен, өсімдіктермен қоректенеді. Бұл қыста аз ұйықтайды. Тасбақаны шөл даланың қожайыны деп атайды.
— Ал кесіртке қайда тұрады?
— Сусыз шөл далада ескі інді кеңейтіп алып, сонда мекендейді. Зиянды жәндіктермен қоректенеді. Алып кесірткені – кесел деп атайды, не, шөл айдаһары деп те атайды. Оның терісі бағалы. Әдемі, төзімді аяқ киімдер, әсемдік бұйымдар жасайды.
— Қосаяқ қайда тұрады?
— Ін қазып алып, мекендейді.
— Қосаяққа қарап, қалай ауа райын болжауға болады?
— Кейде топырақты әр жерге үйіп қояды – онда жауын — шашын мол, егін бітік болады.
— Кейде құмды жолда білезік сияқты етіп үйсе қыс суық болады
— Балалар мына жерге тастар тастапты, қосаяқ сияқты секіріп өтейік.
— Міне балалар шөл далада да құстар, жануарлар, өсімдіктер болады екен. Олар бейімделген ортасында өмір сүреді. Ол – табиғат заңы. Қазір мына мини шөл — далаға келіңдер. (әр балада пластик бөтелкеде құм, түтікше, таяқша)
Тәжірибе№1
Мынау төбелер қалай пайда болады? Түтікшемен құмды үрлейік, төбелер пайда болды ма? Қалай пайда болды?(желдің көмегімен) Жел үлкен төбелер жасайды оны бархандар не шағыл деп атайды. Нағыз шағылды шөл даладан көруге болады.
Тәжірибе №2
— Шөл далада тас жол не темір жол салуға бола ма?
— Таяқшаны құм үстіне қойып, түтікшемен үрлейік. Не болды? Таяқшаны құм басып қалды. Неге? Себебі құм қозғалады көшеді, сондықтан шөл — далада темір жол, тас жол салынбайды.
Балалар сендерге шөл дала ұнады ма? Шөл дала туралы көп біледі екенсіңдер. Енді ұшаққа отырып елімізге қайтайық. (әуенмен жыланша жүгіріп топқа бару).

Гүлмира Иманбаева
Ақтөбе қаласының №27 «Айгөлек» МДҰ тәрбиешісі

Дереккөз: http://bilimsite.kz/