Балабақша сабақ жоспары: Жайлауға саяхат

0

Тәрбиеші: Нуредилова Н. К.
Білім саласы: «Әлеуметтік орта». «Денсаулық». «Шығармашылық». «Таным».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»
Мақсаты: Балаларға жайлау туралы түсінік беру, әңгімелесу арқылы тілін, көркемдік талғамын арттыру, балаларды үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрете отырып, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Киіз үй керегесі, сандық, домбыра, көрпелер, жайлаудағы үй жануарларының үлгісі, мнемотехника кестесі, ат — арба, көрпешек тастармен, карточкалар, такси атрибуты, руль.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық — қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Арайлап бүгін таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар тәрбиешіден қайталап жасайды.
Ұйымдастырушылық — ізденістік Т: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар.
— Күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
— Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.
Ал, қазір балалар мнемотехника арқылы тақпақ жаттап көрейікші.

Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті!

— Балалар, бүгін біздің көңіл — күйіміз жақсы солай ма? Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, біздің сабаққа қонақтар келді және бүгін біз жайлауға саяхатқа барамыз.
Қазір күз мезгілі болғандықтан, басымызға бас киіміміз бен мойын орағышты киіп алайық.
Жайлауға біз көлікпен барамыз. Мынау қандай көлік?
(Балалар автобусқа мінеді, әуен қосылады).
— Аялдамаға жетіп қалдық. Ал енді әрі қарай жаяу жүреміз.
(Тепе — теңдікті сақтап, балшықтан өту).
— Балалар, қараңдаршы мынау балшық қой. Балалар балшық жаңбыр жауғаннан пайда болады. Жәймеңдеп тепе — теңдікті сақтап, тастарды басып өтейік.
— Балалар қараңдаршы анау жерде бір киіз үй көрініп тұрған сияқты. Жақындап көрейік.
Киіз үйдің ішінде ата мен әже отырады.
— Балалар, ата мен әжемен амандасайық. Ұлдар атамен қол алысайық.
Әже: Амансыңдар ма, балалар!
Т: Аманбыз. Біз бүгін жайлауға саяхатқа шықтық. Жайлаудағы үй жануарларын көруге келдік.
Ата: Жақсы балалар. Мен қазір сендерге өзімнің үй жануарларымды көрсетемін. Олар жайлауда жүр. Алдымен оларды шақырайық.
Сиырды шақырады (аухау — аухау)
Мынау сиыр. Ол төрт түліктің бірі. Кәне дыбысын тыңдап көрейікші. (Сиыр мөңірейді).
(Әже сиырдың пайдасын айтып береді).
Ә: Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран ірімшік, құрт, ет аламыз.
А: Қазір қойды шақырайық (пұшайт, пұшайт).
Қойдың дыбысы (Мә — мә — мә)
Ә: Қойдың жүні мен еті пайдалы.
А: Түйені шақырады (қос — қос)
Әже түйенің пайдасын айтып береді.
А: Ешкіні шақырады (шөре, шөре)
Әже ешкінің пайдасын айтып береді.
А: Жылқыны шақырады (құрау, құрау).
Әже жылқының пайдасы туралы айтып береді.

Әже: Балалар, сендер осы төрт түлік туралы тақпақ білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.
Т: Әрине, біледі.
Айсұлу:
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным,
Шопан ата түлегі,
Қошақаным қайдасың.
Әмір:
Қара көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп.
Жел — желк етіп желесің,
Енеңе еріп келесің!
Арсен:
Құлын, құлын, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болайықшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Назерке:
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.

Ә: жарайсыңдар балалар. Тақпақтарын бізге өте ұнады.
Т: Рахмет, ата, әже. Біз балабақшаға қайтамыз. Күз мезгілі ғой, тоңып қаламыз.
Ә: Жақсы, міне сендерге кәмпит таратамын. Сау болыңдар.
А: Балалар, балабақшаға тез жету үшін, мен сендерді ат арбамен жеткізіп салайын.
Балалар ат арбаға мініп, «Төрт түлік» әнін айтады.
Атаға рахметін айтып, қоштасу.

— Күз мезгілі.
— Күзде жапырақтар сарғайып түседі. Жемістер мен көкөністер піседі. Адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұшып, жаңбыр жиі жауады.
Иә.
— Автобус.
Балалар балшықтан тастарды басып, тепе — теңдікті сақтап өтеді.
— Саламатсыз ба.
Ұлдар атамен қол алысады.
Балалар төлдерді шақыруды қайталайды.
Балалар тақпақ айтып береді.
Кәмпит алып әжемен қоштасады.
Рефлексиялық — түзетілушілік Қорытындылау.
Міне балалар біз балабақшаға да келдік.
Бүгінгі күн қызық болды ма?
Қандай үй жануарларымен таныстық.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларын білу, төлдерін ажырату
Игереді: Төлдердің дыбыстау ерекшеліктері
Меңгереді: үлкендермен сәлемдесу, үй жануарларының пайдасы…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!