Балабақша сабақ жоспары: Шана

0

Балабақша сабақ жоспары: Шана казакша Балабақша сабақ жоспары: Шана на казахском языке

Мақсаты: Қыс қызығы туралы тусінік беру
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бейнелі қыс мезгілінің суреті
Балалар бірінің қолынан ұстасып залға кіреді(музыка ойнап тұрады)
Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін коп апайлар қонаққа келіпті. Ендеше сол апайлармен амандасып алайық
Балалар:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс
Тәрбиеші:Қыстын неше баласы бар?
Балалар:Үш: Желтоқсан, Қаңтар, Акпан
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар. Бүгін желтоқсанның 7 күні. Бізге қыстын шуақты күні шуағын төгіп жылуын беріп тұр. Ендеше біз бір-біріміздін алақанымыз арқылы жылы лебізімізди білдірейік.
Балалар(щеңбер жасап тұрады)
Біздің топта ұл –қыздар,
Тату –тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жаксылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:Енді балалар бәріміз орнымызға отырып, сабағымызды бастаймыз(жұмбақ жасыру)
Балалар(жауабы)Қыс
Тәрбиеші:Өте жақсы ,ал біздің бүгінгі тақырып »Шана»
Маған қазір бір-бірден келіп қыста қандай ойындар ойнайсындар,соны алдарындагы суреттен тауып алып, тактаға ілесіңдер (балалар суреттерді тауып,тақтаға жабыстырады)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді сендер қыс туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Балалар:
Айнар:
Аққу мамық ұлпа қар
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетінді
Ширатады етінді.
Дархан
Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жаткан қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен
Қыс басынан сай жаққа
Нұрғиса:
Шана шаңгы тебетін,
Сырғанақта ойнайтын
Аққала соғып далада
Қыс мезгілі тамаша
Алина:
«Қыстын көзі қырауда»
Нұрболсын:
Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тонады
Темірлан:
Отқа түссе жанбайды(қар)
Суга салса батпайды(мұз)
Тәрбиеші: Жақсы балалар, айтыңдаршы, мына суреттегі не?
Балалар: Шана
Тәрбиеші:Алина, шана қандай?
Балалар: Әдемі
Тәрбиеші: Карина, шана не істейді?
Балалар: Зырлайды
Тәрбиеші: Енді толык сөйлемін айтамыз.
Балалар: Әдемі шана зырлады
Тәрбиеші:Жақсы балалар, енді қазір екі топка бөлінеміз.
1топ: Кубикті бір-біріне лақтырыңдар, кімге қандай сурет түседі, сол суретті суреттеп айтамыз.
2топ: Қысты көз алдарыңа елестетіп, қыстың суретін салындар.
(1 топ пен 2 топ кезектесіп жұмыс істейді).
Тәрбиеші: Ал, балалар, енді кішкене серігіп, демалып алындар:
Ұзын кұлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқи-ытқи секірді.
Енді, балалар, қыстын адамға жақсы жағын, жаман жағын айтамыз.
Балалар: Жақсы жағы: Қар жауады, аққала соғамыз, шана сырғанаймыз, таза ауа жұтамыз.
Жаман жағы: Боран болады, аяз болады, суық болады.
Тәрбиеші: Енді, қане, боран қандай дыбыс шығарады?
Балалар (Қолдарын жоғары көтеріп уілдеген дыбыс шығарады)
Тәрбиеші:Ал аяз болганда, қатты тонғанда не істейсіңдер?
Балалар (Қолдарын уқалап,аяқтарын тыпырлатады).
Тәрбиеші: Жаксы, балалар, сендер қыс туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Сабаққа өте жаксы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет.
Ғажайып сәт: Енді балалар, сендер көздерінің алдында қар жауғанын елестетіндер.
Балалар: (көздерін жұмып қолдарын созады)Тәрбиеші:3-ке дейін санаймыз, 3 дегенде көздеріңді ашасындар. 1,2,3 (үстеріне қар жаудырту)
Балалар:Алақай! Кар!…..


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!