Реферат: Экономика | Жұмыссыздық

0
135

Жұмыссыздық-бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.

Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санцды.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) анықтамасына сәйкес жұмыссыздар бұл жұмысы жоқ, жұмысқа кірісуге дайын және соңғы 4 апта ішінде жұмыс іздеген немесе жұмысқа тұрған, бірақ әлі кіріспеген адамдар.

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңында жұмыссыздарға-халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін бекітілген жастағы тұлғалар жатады және де олар есепті кезеңде міндетті түрде 3 негізгі критериге сай келу керек:

1.Жұмысы жоқ(табыс әкелетін ісі болмаса)

2.Жұмысты белсенді түрде іздеген (мемлекеттік және коммерциялық жұмыспен қамту орталықтарына барған, баспасөздегі хабарландыруларды пайдаланған немесе оларды баспасөзге берген, тікелей кәсіпорын әкімшілігіне немесе жұмыс берушіге барған, жеке байланыстарын пайдаланған немесе өз ісін ұйымдастыруға талпынғандар )

3. Белгілі бір уақыт кезеңінде жұмысқа кірісуге дайын.

3.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Жұмыссыздықтың мәні және жұмыссыз статусын анықтау.

Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ішінара бақылау 2001 жылдан юасталды. Бақылау ішінара талдау әдісі негізінде республиканың барлық аймақтарында жүргізілді және оның нәтижелері халықтың барлық санына таратады. Бақылау кезеңі әр тоқсанның ортасындағы ай болады, яғни ақпан,мамыр,тамыз,қараша айлары.

Мысалы,АҚШ-та жұмыссыз болып мына адамдар танылады:
1.бір зерттеу аптасы ішінде жұмыссыз болған
2.оның алдынғы 4 апта ішінде жұмыс іздеген
3.зерттеу аптасы ішінде жұмысқа жарамды болған
4.уақытша жұмыстан босатылған немесе жаңа жұмысқа орналасқан және 30 күн ішінде жұмысқа кірісуге дайын

Жапонияда жұмыссыз болып зерттеу аптасы ішінде бірде бір сағат жұмыс істемеген адам саналады.

Ұлыбританияда зерттеу аптасы ішінде жұмысы болмаған, осы апта ішінде жұмыс іздеген немесе денсаулық жағдайларына байланысты іздей алмағандар және жұмысқа орналасу келіссөз нәтижелерін күтудегі тұлғалар.

Әртүрлі елдерде жұмыссыз статусын анықтау бірдей және халықаралық ұйымдар анықтамасына сәйкес келеді. Бірақ жұмыссдар санын есептеудің 2 тәсілі бар.

Бірінші тәсіл зерттеу аптасы ішінде жұмыссыз статусына сай келетін тұлғаларды анықтау(АҚШ,Жапония)

Ұлыбританияда зерттеу аптасы ішінде жұмыссыз статусын тексеру тәсілі қымбат болып саналады. Сондықтан жұмыссыздар саны жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту органына берген өтініштерді санау арқылы есептелінеді. Екі тәсіл бойынша сандық айырма көп емес. Бірақ сапалық айырмашылықтар елеулі болып отыр.

4.

Ұлыбританияда жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш бергендердің 630 мың адамы жұмыссыздар емес, себебі олар жұмыс іздемеген және жұмысқа кірісуге дайын емес. Олардың 310 мың адамы
жұмыс істегісі келмейтінін және 210 мың адамы әртүрлі себептерге байланысты жұмысқа кірісе алмайтындарын айтты. Жәрдемақыға өтініш бергендердің 210 мың адамы жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істемеген адамдар, оның 60 мың адамы таппайтынына сенген болатын. Осы тұлғалардың басқа жәрдемақы алғысы келгендердің 160 мың адамының зерттеу аптасы ішінде ақы төленетін жұмысы болған, сондықтан олар жұмыссыз болып саналмайды. Бұл адамдардың толық емес жұмыс аптасына аз төленетін жұмысы бар болған. Сонымен қатар ХЕҰ-ның анықтамасына сәйкес 750 мың адам жұмыссыз болған, олар жәрдемақыға өтініш бермеген және жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген болатын. Оның 520 мың адамы әйелдер,ол олардың 70%-ның отбасы бар және олар жұмысты толық емес жұмыс уақыты бар жұмыс іздеген болатын.

Сөйтіп жұмыссдар санын есептеудің ағылшын тәсілі оңай болғанмен, жұмыссыздардың сапалық құрамы жағынан дәл емес және өзін жұмыссыз деп санайтын тұлғалардың іс-әрекетін бақылаудың қосымша шараларын талап етеді.

Кім жұмыссыздар категориясына кірмейді?

Көптеген дамыған елдердің жұмыспен қамту органдары мен статистикасы бойынша бос жұмыс орындары жоқ және болакшақта болуы мүмкін емес тоқырмалы аудандарында тұратын тұлғалар жұмыссыз деп саналмайды. Оларды “көңілі қалған” жұмыскерлер деп атайды және олар экономикалық белсенді халық қатарына кірмейді.

Кейбір елдер статистикасында олар жұмыссыз болып саналады, Ал кейбір елдерде бөлек топ болып ерекшеленеді.

Жұмыссыздардың негізгі массиві ол-кәсіпорындардан шығарылған және жұмыс стажы бар жұмыскерлер. Бұл категорияға негізінен экономикадағы және өндірістегі құрылымдық өзгерістер, кәсіпорындардың жабылуы, өндірістік модернизациясы, жаңа өнім шығару салдарынан жұмыстан босатылған қызметкерлер кіреді. Олардың арасында өз мамандығы бойынша басқа да кәсіпорындарда жұмыс істеуге дайын, қайта даярлануды және біліктілігін көтеруге дайын әртүрлі біліктілігі және мамандығы бойынша адамдар.

5.

1.2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ.

Пайда болу себептеріне қарай фрикциондық, құрылымдық және циклдық жұмыссыздық түрлері бар.

Жұмыссыздық ең көп тараған түрі фрикциондық жұмыссыздық. Экономикалық өсу кезінде де бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына ауыстыратын, бір қаладан екіншіге көшетін, мектепті бітіргеннен кейін немесе контракт бойынша жұмыстан босаған адамдар болады. Жұмыс орны бос және жұмыссыздар саны жұмыс орындарына сәйкес келтіру процесін міндетті түрде уақытты талап етеді. Осы кезде жаңа жұмыс іздеу кезеңі фрикциондық жұмыссыздықты тудырады.

Жұмыссыздық түрлерінің арасында маусымдық жұмыссыздықта белгілі. Өндірістің кейбір түрлері (әсіресе ауыл шаруашылығы ) маусымдық сипатта болады. Жылдың белгілі бір кезеңіндегі жұмыс күшіне сұраныс және басқа кезеңдерде сұраныс біршама аз болады. Маусымдық жұмыссыздықтың елеулі азайтылуы мүмкін емес, өндірістік процесстердің сипаты жұмыспен қамтуда үлкен икемділікті қажет етеді.

Құрылымдық жұмыссыздық сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық сәйкес келмеуі және өндіріс технологиясы сұранысының құрылымындағы базалық ауысулар негізінде пайда болады. Осының нәтижесінде жұмыс күші өзінің кәсіби-біліктілік сипаттамалары бойынша экономиканың жаңа талаптарына сәйкес келмейді және экономикада пайдаланылмайды. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс күші ұсынысы құрылымының өзгерген жұмыс орындары құрылымына өзгерген жұмыс орындары құрылымына сәйкес келмеуімен сипатталады. Бұл жұмыссыздықтың пайда болуына жұмыс күшіне, белгілі бір өнімдерге сұраныстың нақты өзгерістері де әсерін тигізеді. Жаңа технологиялардың дамуы жұмыс күші сапасына сұраныстың өзгеруіне тура әсер етеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір салалардың жұмыспен қамтылуы өседі,ал кейбір салаларда керісінше кемиді. Құрылымдық жұмыссыздықты жоққа шығару немесе алдын-алу мүмкін емес. Ол тиімді экономикаға объективті түрде тән. Құрылымдыұ жұмыссыздықты жақсы және терең зерттеуқажет, себебі оның жағымсыз әлеуметтік салдарын азайту үшін жалпы қоғамдық және арнайы сипаттағы ескерту шараларын қабылдау үшін қажет.
Дамыған елдерде жұмыстан босатудың 40% құрылымдық факторлармен, кәсіпорындар қызметі профилінің өзгеруімен байланысты.

6.

Кей кезде технологиялық жұмыссыздықты да бөлек қарастырады. Бұл жұмыссыздық түрі технологилық жаңалықтармен туындалады да, жұмыс орындарының қысқаруына, яғни еңбекке сұраныс құрылымының жұмыссыздыққа ұқсас болып келеді және экономикалық өсу болмаған немесе оның темптері жеткіліксіз болған кезде пайда болады.

Циклдық жұмыссыздық. Циклдық жұмыссыздық әдетте өндірістің баяулауымен, төмендеуімен сипатталады. Ол экономикалық цикл фазаларымен туындаған жұмыссыздық. Дағдарыс немесе экономикалық бәсеңдеу фазасы кезенде товарларға сұраныс қысқарады және жиынтық шығындар төмендейді, азаяды. Бұның бәрі кәсіпорындар жабылуына немесе ішінара қызметкерлерді жұмыстан босатуға әкеледі.
Көріну бойынша ішінара жұмыспен қамту және жасырын жұмыссыздықты ерекшелейді. Жұмыссыздықтың осындай түрлері әсіресе біздің елдің экономикасына, еңбек нарығына тән.

Жасырын жұмыссыздық өндірістің төмендеуі немесе ондағы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде артық керек емес, бірақ формальды түрде жұмыспен қамтылған болып саналатын жұмыскерлер санын көрсетеді. Және де олар кейбір жағдайларда (кәсіпорынның қаржылық немесе норматиттік-құқықтық жағдайының өзгеруі немесе жұмыскерлердің өзінің талабы бойынша) босатылып, ашық еңбек нарығын толтырады немесе тиімді жұмыспен қамтылғандар категориясына кіреді.

Жасырын жұмыссыздықты толық емес жұмыссыздық пен ішінара жұмыспен қамтумен штастырмай, ерекшелеу керек. Ішінара жұмыспен қамту жұмыскер үшін қолайлы және де болашақта кеңес түседі. Ішінара жұмыспен қамту жасырын жұмыссыздық формасы болып табылмайды. Ол жұмыспен қамтуды ұйымдастыру формаларының жақсы дамып келе жатқан түрі. Жасырын жұмыссыздықтың нысандары келесідей:

1.Толық жалақы алатын, кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыскерлердің артық саны. Жұмыспен қамтудың осы нысаны кәсіпорынның қаржылық жағдайына ауыр болады және өнімнің өзіндік құны мен бағасының өсуіне әкеледі, ал ол ақырында инфляциялық спиральдың әрі қарай айналуына әкеледі.

2.Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істейтін, сәйкес жалақы алатын және толық жұмыс күні тәртібіне ауысуға ынталы, бірақ экономикалық конъюктураға байланысты осындай мүмкіндігі жоқ адамдар. Жұмыспен қамтудың бұл нысаны келешекте дамуы өте мүмкін, себебі ол белгілі бір деңгейде әйелдер мен егде адамдар үшін тартымды.

7.

3.Жалақының сақталуымен немесе ішінара сақталуымен жүретін әкімшілік демалысқа шығару. Бұл нысанды уақытша деп санау керек, себебі бұл жұмыскерді мүлдем қызықтырмайды, табыстың күрт төмендеуіне және ақырында “өз талабы бойынша ” жұмыстан босауға әкеледі.

4.Жалақының минималды көлемін сақтай отырып ұзақ мерзімді демалысқа шығару. Мұндай компромистік шешім де тұраққсыз сипатта болады, себебі жұмыскердің де, жұмыс берушінің де ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келмейді.

5.Шикізат, материалдар болмауы және өндіріс режимінің басқа да бұзушылықтарына байланысты толық күндік және смена аралық бос тұрулардың өсуі.

Қазіргі кезде жұмыссыздық қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік және тоқырау жұмыссыздық болып бөлінеді. Соңғысы қоғамға елеулі экономикалық ,моральдық және әлеуметтік шығын әкеледі.

Тоқырау жұмыссыздық – 18 айдан көп созылатын жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі негізгі технологиялық еңбек тәсілдері мен процестерінің қайталаудың жоқтығына байланысты жұмыссыздарды толық кәсіби деградацияға әкеледі. Кәсіби деградация әлеуметтік деградацияға әкеліп, адамның ішкі дүниесінің өзгеруіне, оның үйі жоқтар, ішкіштер қатарына қосылуынаәкеледі. Мұндай адамдардың реабилитациясы және толық кәсіби қызметіне қайта келуі қиынға соғады.

Жұмыссыздық түрлерін айтқан кезде институцианалдық жұмыссыздықты бөлек шығарады. Ол құқықтық нормалар, еңбек рыногының жағдайы, сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлармен туындалатын жұмыссыздық. Институцианалдық жұмыссыздықтың мысалы ретінде еңбек ұсынысын төмендететін және жұмыссыздықтың масштабының ұлғаюына әкелетін аса көп әлеуметтік төлемдер жүйесінің бар болуы мысал бола алады. Іс тәжірбие көрсететіндей жұмыссыздық жәрдемақы көлемі көп болған сайын, жаңа жұмыс орнын іздеу және жұмыссыздық ұзақтығы созылады. Институцианалдық жұмыссыздық еңбекақының кепілдендірілген минимумын енгізуге де байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ жетілмеген салық жүйесі деп себеп болады. Табысқа салынатын салықтың жоғары ставкалары, табысты әлеуметтік төлемдеріне (жәрдемақыларға) жақындатып, еңбек ұсынысын шектейді, сөйтіп жұмыссыздық мерзімдері ұзаққа созылады.
8.

1.3.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ӨЛШЕУ МӘСЕЛЕСІ.

Жұмыссыздық әрбір түрі бойынша бөлек есептелмейді, ол жалпы құбылыс ретінде, жұмыссыздық деңгейі көрсеткішімен есептелінеді.

Жұмыссыздық деңгейі-бір кездегі еңбек рыногы жағдайы және белгілі бір кезеңдегі онда болатын өзгерістер жөнінде жалпы көрініс беретін негізгі көрсеткіш. Ол кезеңнің басындағы (немесе аяғындағы) жұмыссыз статусына ие болған адамдар санының экономикалық белсенді халық санына қатынасымен аяқталады.

Экономикалық белсенді халық категориясына: жалдамалы еңбек тұлғалары-жұмыскерлер мен қызметкерлер; өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер; еңбекақы төленбейтін отбасы мүшелері; маусымдық және кездейсоқ жұмыскерлер; объективті себептерге байланысты (ауру, кезекті демалыс және т.б.)уақытша жұмыс істемейтіндер; толық емес жұмыс уақыты режимінде оқу мен жұмысты бірге атқаратындар; өндірісте кәсіби даярлаудан өтіп, стипендия немесе жалақы алатын тұлғалар.

Егер ағымдағы статистикада экономикалық белсенді халық саны көрсеткіші жоқ болса, онда ол халық шаруашылығында немесе аймақта жұмыспен қамтылғандардың тізімдік санының сомасы жақындалып есептелуі мүмкін.

Жұмыссыздық масштабтарын азайту немесе оны жоқ қылу-жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жетуді білдіреді. Жұмыссыздықтың мүлдем жоқ болуы мүмкін емес және де шаруашылық өмірде керек емес болып саналады. Экономикадағы жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық түрлері оған тән элементтер болып саналады. Осыдан жұмыссыздықтың табиғи нормасының көлемі анықталады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлері сомасына тең болады. Жұмыссыздықтың осындай мәніне жететін болсақ, еңбек рыногы жағдайы байланысқан,теңестірілген болып есептеледі.
Еңбек рыногы байланысқан болады, егер ондағы жұмыс орындары жұмыссыздар санына шамамен сәйкес келетін болса.
Жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен басқа, жұмыссыздық ұзақтығы да бар.Жұмыссыздық ұзақтығы – бұл уақыт кесіндісі, оның ішінде жұмыссыз жұмыс іздейді.

9.

1.4. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ИНФЛЯЦИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ.
ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ.

Қазіргі кезде жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыстар бірқатар теориялық көз қарастар мен концепцияларға қарастырылады. Олардың негізінде ағылшын экономисті А.У.Филлипс еңбектері жатыр. Ол номиналды жалақының орташа жылдық өсу темптері мен жұмыссыздық деңгейінің жүзжылдық кезеңі үшін (1861-1957 жылдар) мәліметтерді зерттей отырып, осы көрсеткіш арасында тәуелділікті анықтады.

Кейінен П.Самуэльсон мен Р.Солоу жалақы динамикасы көрсеткішін баға динамикасы көрсеткішіне ауыстырды. Графикалық көріністе бұл байланыс “Филлипс қисығы” деген атқа ие болды.

Осы эмприкалық мәліметтердің зерттелуі негізінде келесі шығады: жиынтық сұраныстың өсімі жоғарылаған сайын, соған байланысты инфляция мен нақты өнімнің өсімі жоғарылайды,ал жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Және де керісінше,инфляция мен нақты өнімнің өсімі азайған сайын, жұмыссыздық деңгейі жоғарылайды.

10.

1.5. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАРДАПТАРЫ.

1.5.1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ.
ОУКЕН ЗАҢЫ.

Жұмыссыздықтың экономикалық зардаптары әртүрлі және бірдей болмайды, олардың құрылымының өзі де біршама күрделі. Жұмыссыздықтың экономикалық зардаптарын зерттеген кезде 3 деңгейде бөліп қарастыру керек : ұлттық кәсіпорын және адам деңгейінде.

Жұмыссыздықтың зардаптарын ұлттық деңгейде зерттеген кезде мынаны көруге болады: жұмыссыздық жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісінің көлемін азйтады. Бұл екі тығыз байланысты көрсеткіштер “Оукен заңында” өз көрінісін тапты. А.Оукеннің есептеулері бойынша , егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен 1% артатын болса, онда ЖІӨ-нің көлемі 2.5% азаяды. Экономикалық теорияда жұмыссыздықтың деңгейі қалыпты болады, егер еңбекке сұраныс пен ұсыныс белгілі бір деңгейде теңестірілген болса, яғни ваканттық жұмыс орындары саны жұмыс іздеуші адамдар санына сәйкес келсе (бұл постулат сапалық сәйкессіздігін мүмкін етеді). Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы әртүрлі жағдайлармен анықталады.

Оған мемлекеттің жүргізетін инвестициялық саясаты, жұмыспен қамту органдары қызметінің тәртібі мен жүйесі, елдегі өмір сапасы, халықтың ақшалай және мүліктік қорларының көлемі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, олардың төлену ұзақтығы, кадрларды қайта даярлау бойынша оқу орындары, олардың халыққа қызмет етуі, адамдардың өздерінің жаңа білімдер мен еңбекке дағдыларды алуға даярлығы мен қабілеттілігі және т.б. жатады. Маңызды рольді елдегі демографиялық жағдай да ойнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің біршама детерминирлігі оның уақыт кезеңдерінде және әртүрлі елдердегі дифференциациясы мен ауытқуларына әкеледі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та 3-4%, ал 90-шы жылдардың аяғында 6.4%, Германияда 60-жылдардың басынан және 90-жылдардың аяғына дейін 0.5-тен 4%-ке дейін өсті, Жапонияда 1.6-дан 2.1%-ке өсті.

Жұмыссыздық ЖІӨ-нің көлемдерін азайта отырып мемлекетке түсетін салықтар көлемін қысқартады. Бұл заңды тұлғалар құрайтын салық салу

11.

базасының төмендеуі мен жеке тұлғалардың салықтық аударуларының азаюынан болады.

Жұмыссыздық өскен сайын мемлекеттің оған шығатын шығындары да өседі. Оны толтыру көздері болып жұмыс берушілер мен жұмыс істейтін адамдар жалақыларынан міндетті аударымдар, мемлекеттік, жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу және заңды, жеке тұлғалардың ерікті жарналары болып табылады. Жұмыссыздық салдарынан ЖІӨ-ді бөлудің басқа қатысушыларының үлесі азаяды. Жұмыссыздық өсуі экономикадағы жалпы нашар ахуал мен Үкіметтің экономикалық бағыттағы қажеттіліктерін көрсетеді.

Бірақ жұмыссыздықтың экономикалық дестабилизация факторы ретіндегі ролі мұнымен шектелмейді. Ол “баяу мина” ретінде болуы мүмкін. Оған бүгінгі күнгі әртүрлі жағдайларға байланысты кейбір салалардағы жұмыссыздықтың аса елеулі, қарқын болуы. Бұл ғылым және ғылымға қызмет көрсету, қорғаныс кешенініңкәсіпорындары, ақпараттық-есептеу қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіптің жоғары технологиялық кәсіпорындары. Осы салалардағы жұмыссыздық жұмыскерлерінің жаппай дисквалификациясына, қайта квалификациясына, ал кей жағдайларда олардың эмиграциясына әкеледі. Бірақ жандану және экономикалық өсу фазасы келген уақытта бұл жұмыскерлерге сұраныс күрт өседі. Дер кезінде бұл сұранысты қанағаттандыру мүмкін болайды, ал бұл елдің экономикалық дамуының баяулауына және одан да терең дестабилизацияға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайлар капитал инвестициясы мен жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін қысқартады және жұмысыздық мәселесін одан әрі шиеленістіреді. Ақырында жиынтық сұраныстың әрі қарай қысқаруы болады, ал ол іскерлік белсенділіктің төмендеу механизмін іске келтіреді.

Жеке адам үшін жұмыссыздық тұрақты алатын табысты жоғалтуды білдіреді. Табыстардың төмен деңгейде болуы және адамның басқа ақшалай қорлары, жинақтары болмаған жағдайда, тұрақты табыс көзінен айрылу ауыр жағдай. Бұл қазіргі кездегі Қазақстан үшін тән. Жұмысыздық салдары болып жақсы жұмыс орындары үшін адамдар арасындағы бәсекені де жатқызуға да болады. Оның еңбек рыногындағы жоғары деңгейі халықтың белгілі бір топтар аз тартымды және өздері үшін қызықсыз жұмыс орындауға жәжбүр ьболады. Осы жағдайда еңбек қызметі олар үшін “мәжбүрлі” сипатқа ие болады, ал мұндай еңбек жоғары эффективті және жұмыстың белгілі бір сапасын қамтамасыз ете алмайды. Мұндай жағдайларда тұрақты еңбек коллективтерін қалыптастыру мүмкін емес. Еңбектің мәжбүрлі сипаты болған кезде қоғамда толық жұмысбастылық жайында сөз болуы мүмкін емес. Еңбекті ұйымдастырудың демократиялық , адамдық принциптерге орентациясы толық жұмыспен қамту адамға тек қана жұмыс орнын беру
12.

емес, оның даярлығына қабілеттіліктеріне, қалауларына байланысты жұмыс орнында жұмыс істеуін білдіреді.

Жұмыссыздыққа байланысты белгілі бір шығындарын барлық жұмыс істеушілер артады. Бұл жерде жұмыспен қамту қорына жалақыдан аударымдар жатады.

Жеке адам үшін жұмыссыздықтың салдарын бағалай отырып, бұрынғы ССРО халқы ұзақ уақыт бұл құбылыспен таныс еместігін ұмытпау қажет. Еңбек өндірістің тапшылы факторы болды, ал еңбек етушілер жұмыс беруші алдында белгілі бір артықшылықтарға ие болған. Олар әрекет еркіндігіне ие болып, жұмыс берушіге өздеріне қолайлы еңбек жағдайлары, еңбек мөлшерлеу, еңбекақы және т.б. мәселелер бойынша өз шарттарын қоя алатын.

Жұмыссыздық жұмыс сапасының жоғарылауының факторыболады деген тұжырым бар. Бұл көз-қарас негізсіз деп санау керек. Себебі егер адамның ертеңгі күні оны жұмыстан шығару қаупі болса және ол жақын арада жұмысқа орналаса алмаса, ол қажетті еңбек сапасы мен тиімділікті қамтамасыз ете алмайды. Мұндай жағдайларды жоғары сапалы жұмыстың маңызды шарты болып, яғни өнімнің бәсекелестік қабілетін, өндірістік коллективтің тұрақтылығын қамтамасыз ету де мүмкін емес. Осындай кәсіпорындарындағы жұмыскерлердің барлық ойы “тұрақты” жұмыс орнын іздеуге бағытталған. Жұмыссыздық адамның инициативасын өлтіреді, оның ертеңгі күнге, өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігін тудырады, оның еңбек және азаматтық потенциалын төмендетеді.

Жұмыссыздықтың экономикалық зардаптары мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Ол кәсіпкерлерге жұмыс күші бағасын төмендетуді мүмкін етеді. Жұмыс берушілер, әсіресе, шағын кәсіпорындарда заңмен салыстырғанды ұзағырақ жұмыс аптасы, кезекті демалыстың өзі қалаған уақытын бекітеді, ауру бойынша парақтарын жүкті және босануға байланысты демалыстарды төлемейді, жұмысқа әйелдерді алмайды, ешқандай объективті себептерсіз еңбек шартын бұза алады және т.б.

Жұмыссыздықты күрделі экономикалық құбылыс ретінде біржақты бағалау мүмкін емес және болмайды да. Оның тек негативті ғана емес, сонымен қатар позитивті мәні де бар. Жұмыссыздық экономиканың қалыпты және тоқтаусыз жұмыс істеуінің маңызды шарты. Ол жұмыс күші резервін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Ал ол шаруашылық қызметтің жаңа объектілерін іске қосуға байланысты еңбекке сұранысты тудыратын нарықтық экономика дамуының маңызды факторы болады. Кадрларды тек экономикалық белсенді халықтың табиғи өсімі арқылы ғана қалыптастыру
13.

мүмкін емес. Осындай болатын болса, жаңа кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды тек жаз айларында ғана, жастар оқуларын бітіріп өз еңбек өмірін бастаған кезде ғана ашуға мәжбүр болатын еді. Жұмыс істеп тұрған өндіріс кадрлар ағымы, табиғи шығыстарға байланысты үнемі қосымша жұмыс күшіне сұраныс жасайды. Қазіргі нарықтық механизм жағдайында ол сұранысты тек жұмыс күшін резервтеу арқылы ғана қанағаттандыру мүмкін болып тұр. Жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің көбі қайта даярлауды, біліктілігін жоғарлатуды және т.б. қажет етеді.

Жұмыссыздық өндіріске қажетті кадрлар қайта бөлінуін және қазіргі кезде тұтынушыларға қажет қызмет түрлеріне шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бірақ мұндай кадрлар ағымы жеке адам үшін ауыр болады. Бұл жерде мемлекеттің ролі аса маңызды болып тұр, ол жалпы өндіріс пенхалық үшін позитивті процестердің жағымсыз жағын жұмсарту немесе теңестіру қажет.

Жұмыссыздық, оның өсуі жұмыскерлерге аса тиімді “сигнал” береді. Ол оның кәсібі, арнайы білімі, еңбек дағдалары – ескіргенін, ал біліктілік деңгейі бүгінгі күн талаптарына сәйкес келмейтіні жөнінде мәлімет береді. Осының бәрі белгілі бір түрде жұмыскерлерді өз кәсіби шеберлігін үнемі, жүйелі түрде көтеруін, жақсартуын ынталандырады.

1.5.2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАРДАПТАРЫ.

Жұмыссыздық Қазақстан және т.б. ТМД елдерінің азаматтарының үйренген өмір салтының компонентін – халықтың толық жұмыспен қамтылуы, жұмысқа орналасу кепілдігін (ылғи да ерікті және сәйкес еңбекақы болмаса да) жойды.

Жұмыссыздыққа көз-қарасты бағалаған кезде көптеген адамдар үшін еңбек тек қана табыс көзі ғана емес, сонымен қатар ол оның ар, азаматтық позициясы мәселелерін де қамтиды. Сондықтан да бүгінгі күні еңбек ету мүмкіндігінен айырылу – бұл нағыз әлеуметтік трагедия болып тұр. Жұмыссыздық отбасылардың табысын азайтып, халықтың дифференциациясын күшейтіп тұр. Ал бұл көптеген жылдар бойы миллиондаған адамдар санасына кіргізілген бірдей бөлініс сияқты теңдік түсініктеріне қайшы келіп тұр. Бөлудің мұндай сипаты өндіріс тиімділігін баяулататындығын, яғни мемлекет және адам үшін жағымсыз екенін халықтың басым бөлігі түсіну және қабылдау үшін бірталай уақыт керек екені түсінікті. Бірақ қазіргі кездегі табыстар дифференциациясы экономикалық тұрғыдан тиімді емес.

14.

Осы жағдайлардың бәрі адам іс-әрекетінің адамгершілік бастауларын басады. Адам тез ашуланшақ, басқа біреудің өміріне қызықсыз, зұлым бола бастайды. Ол өзіне ренжіген, өз-өзіне, отбасына, қоғамға керексіз деп санайды. Жұмыссыздық еш нәрсемен айналыспауға және де адамның деградациясына әкелуі мүмкін: ішімшілік, нашақорлық, моральсіз іс-әрекеттер жасау, қылмыс жасау. Халықтың бөлінуі басталады, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық климат нашарлайды.Тұрақты табыс көзі жоқ адамдар санынан қылмыс жасаған адамдар саны жүйелі түрде өсуде. Жағдайдың криминогендігі жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен де шиеленісуде.

Халық үшін жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары елеулі.Қазіргі кездегі жұмыссыздықты кей кезде “әйел тұлғалы” деп атайды. Әйелдерге жұмысқа орналасу ерлерге қарағанда ауыр. Соның салдарынан көптеген әйелдер экономикалық белсенді халық қатарынан шығып қалып отыр. Ал бұл жыныстар арасындағы экономикалық теңдігінің қажеттілігін, әйелдердің жұмыспен қамтылуының дамуының тенденциялары қарсаңында аса ауыр жағдай болады.

Жұмыссыздық отбасы байланыстарының, отбасы жағдайының нашарлауына, ата-аналық міндеттердің атқарылуына, отбасылардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Әлеуметтік стресс жағдайында адам денсаулығы нашарлайды, ол әртүрлі ауруларға тез шалдығады. Ал ақшалай қаржылардың аздығы емделу мүмкіндігін азайтады. Яғни осы топтағы халықтың инерттілігі басқа топтарға қарағанда жоғары. Жұмыссыздар арасында суицидтік, өмірден түнілушілік байқалады. Және олар басқалармен салыстырғанда өз өмірін қияды.

Жұмыссыздық, оның көлемі жеткілікті деңгейденасатын болса, әлеуметтік шиеленісуге және кей жағдайларда жарылысқа да әкелуі мүмкін. Шетел әдебиеттерінде мұндай шекті мөлшер жұмыссыздықтың 10-12% болып табылады.Бірақ кейде жұмыссыздықтың көп емес өсуінің өзінде-ақ жағдай қауіпті болуы мүмкін. Егер ірі қалада жұмыссыздар жүз мың адамнан көп, ал экономикалық белсенді халық бірнеше миллион адам және де ірі кәсіпорын жабылуы жария етілсе, бұның бәрі елеулі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтың шарты бола алады, егер оның қаупі елдің экономикалық өмірінде немесе қызмет түрінде маңызды роль ойнайтын, көп адамдар мүдделерін көздейтін, жақсы ұйымдастырылған және саны жағынан бірқатар болатын кәсіби топтарға тиетін болса. Олар мысалы: шахтерлер, энергетиктер, дәрігерлер, мұғалімдер. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық факторы болады, егер
15.

ұзақ уақыт жұмыс таба алмайтын “көңілі қалған” адамдар саны артатын болса. Өз мамандығының керексіздігінен жұмысын жоғалтқан адамдар төмен біліктілікті жұмысқа кірісуге дайын, бірақ ол жұмыс орындары ақыр аяғында жабылады. Бұл жағдайда жаңа жұмыс табу ол адамға одан әрі қиынға түседі. Жұмыс іздеу ұзаққа созылуы мүмкі; ол жұмыс табу үмітін жоғалтады.Нақты ол жұмыссыз бола отырып, заң бойынша ол жұмыссыз статусын жоғалтады. Осындай адамдар саны экономикалық құлдырау кезінде күрт өседі және өсу кезінде азаяды.

Жұмыссыздықтың пайда болуы адамдар санасында экономикалық реформалармен тығыз байланысты, яғни одан шығатыны халықтың оларға жағымсыз көз-қарасының өсуі. Бұл реформалардың әлеуметтік базасын қысқартады, елдегі экономикалық өсуді баяулатады ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!