Баян Есентаева қызының елді шулатқан жаңа жылдық көйлегіне қатысты пікір білдірді » ZHARAR
Танымал продюсер Баян Есентаева қызының ел аузына іліккен қысқа көйлегіне қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды nur.kz.
«Қызымды барлық нәрсені, оның ішінде көйлектің ұзын-қысқалығын таңдау еркіндігін бере отырып тәрбиеледім. Бәлкім, сол үшін ең жақсы ана емес те шығармын. Наиль теңдесі жоқ көйлегің үшін рахмет, менің қызым жаңа жылдық кештің «ханшайымы» болды», — деп жазды ол.
Естеріңізге салсақ, Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасына отандық танымал дизайнердің бағалы көйлегін киіп барған еді. Оны желі қолданушылары тым қысқа деп сөгіп, Айсәулені жерден алып, жерге салған болатын.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com