Ноғаев энергетика министрі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев президенттің кеңесшісі болып кеткен Қанат Бозымбаевтың орнына келді  

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын», – деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін энергетика министрлігінің бұрынғы басшысы Қанат Бозымбаев «денсаулығына байланысты» қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрлан Ноғаевтың өмірбаяны

Еңбек жолын Ақтөбе облысының Қандыағаш стансасында электр шебері болып бастаған.

1996-2006 жылдары – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан Қазақстан энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызынан бүгінге дейін – Атырау облысының әкімі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз