Азық-түлік қауіпсіздігі | туралы қазақша
БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің деректері бойынша ғаламды азық-түлік дағдарысына және соның соңынан жеткен экономикалық құлдырауға, миллиард адамнан асқан ашығушылар санының өсуіне келтіреді. Әлемдегі ашығушылардың екіден үші жеті мемлекетте өмір сүреді, ол — Бангладеш, Қытай, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Үндістан, Индонезия және Пәкістан. Ашығушылар санының тез арада төмендеуі үшін ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ресми көмекті ұлғайту қажет, ол 1980 жылғы 19%-тен қазіргі күнгі 6%-ке дейін төмендеген. Әрбір ел үшін азық-түлік қауіпсіздігі тұрақты дамудың маңызды бөлігін құрайды, ол табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты болса, адамдардың өмір сүруінің сапасына да қатысты.
Қазақстанның мемлекеттік құжаттарында азық-түлік қауіпсіздігі деп экономиканың: сыртқы және ішкі жағдайларға байланыссыз, тиісті ресурстармен қамсыздандырылған, яғни ел жұртшылығының қажеттіліктері тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерімен қанағаттандырылатын жай-күйін түсіну керек.
Азық-түлік қауіпсіздігінің басты міндеттері: азық-түлік өнімдерімен жеткілікті түрде өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу; азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлеуетті кемшілігінің кішігірім дэрежесінде қажетті мөлшерде азық-түлік импорты үшін қаражаттың болуы. Егер ел халқы отандық өндірістегі экологиялық таза және пайдалы азық-түлік өнімдерімен 60-80% қамтамасыз етілмейтін болса, еңбек ететін халықтың негізгі жиыны бұл өнімдерге баға жағынан қол жеткізе алмаса, азық-түліктің стратегиялық қорлары жұтаңдаған немесе мүлдем жоқ болса, елдің азық-түлік қауіпсіздігі болмайды. Бұл мақсаттарға жету үшін табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру саясаты мен іс жүзіндегі іс-қимылдардың тіршілік ету ортасының сақталуы мен жақсаруын қамтамасыз етуі маңызды.
Ауыл шаруашылығы — халықты азық-түлік өнімдерімен, ал қайта өңдеуші кәсіпорындар қажетті шикізат пен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді. Табиғат-климат жағдайларына байланысты республика аумағында алты ауылшаруашылық аймағы бөлінген.
- Далалы аймақ дамыған қарқынды егін шаруашылығымен, ет-сүт беретін мал шаруашылығымен, шошқа және құс шаруашылығымен сипатталады. Бұл аймақтың үлесіне ауылшаруашылық жер-сулардың 10,2%-і, республика егіндіктерінің 41,9%-і тиесілі.
- Құрғақ далалы аймақ дамыған дәнді дақылдар өндірісімен, ет-сүт беретін мал шаруашылығымен және қой шаруашылығымен ерекшеленеді. Мұнда ауылшаруашылық жер-сулардың 19,9%-і, республика егіндіктерінің 40,1%-і орналасқан.
- Жартылай шөлді аймақ дамыған ет-май және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен, аз деңгейде — ет-сүт беретін мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен сипатталады. Ауылшаруашылық жер-сулардың 17,9%-і және республика егіндіктерінің 4,5%-і орналасқан.
- Шөлді аймац — қаракүл шаруашылығының негізгі аймағы және ауылшаруашылық жер-суларының көлемі бойынша ең үлкені. Мұнда ауылшаруашылық жер-сулардың 40,1%-і, Қазақстан егіндіктерінің 1,2%-і орналасқан.
- Тянь-Шань аймағы дамыған қарқынды суармалы және богарлы (суармалы егін аудандарда суарылмайтын қыр жерлерге егілген егіс) егін шаруашылығымен, биязы жүнді қой шаруашылығымен, ет-сүт беретін мал шаруашылығымен сипатталады. Бұл ауылшаруашылық аймағында Қазақстанның барлық суармалы жерлерінің 80%-і шоғырланған.
- Алтай таулары мен тау бөктерлерінің аймағы. Ауылшаруашылық жер-суларының көлемі бойынша және егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемдері бойынша республикадағы аумағы үлкен емес.
Қазіргі заман адамының тамақтануы — ол айтарлықтай дәрежеде азық-түлік өнімдерінің өндірісінде бар мүмкіндіктер мен ғылыми ұсыныстар арасындағы келісім. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) есептеулері бойынша, ішетін суды қоса алғанда, жылына адам 959,7 кг азық-түлік тұтынуға тиіс. Дамыған елдерде азық-түлік калорияларын тұтынудың орта тәуліктік деңгейі -3350 ккал-ға, ал дамушы елдерде 2520 ккал-ға тең. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету механизмдеріндегі аса маңызды мәселелердің бірі — азық-түлік шикізаты және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі, сонымен қатар олардық қажетті ассортиментін қамтамасыз ету.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің тағы да бір маңызды жағы -азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі. Қазақстанда адам басына шаққандағы нақты көрсетілген орта қаржылай табыс өмір сүрудің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етеді. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі — бұл бір адамға қажетті ең аз қаржылай табыс, ол құнының мөлшері бойынша тіршілік етуді қамсыздандыру үшін қажетті болып саналатын тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығын қамтитын, ең аз тұтыну кәрзеңкесіне тең. Бүл тізбе көбінесе «тұтынушы кәрзеңкесі» деп аталады. Тұтынушы кәрзеңкесі азық-түлік кәрзеңкесінен және азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардан тұрады. Түтынушы кэрзеңкесінің бірінші және ең маңызды құрамдас бөлшегі азық-түлік кәрзеңкесі болып табылады. Азық-түлік кәрзеңкесінің көлемі мен құрамы калориялар мөлшерімен көрсетілетін белгілі бір тамақтану деңгейі ескеріле отырып жасалады. Қазіргі кезде азық-түлік кәрзеңкесінде адам басына күніне 2172 ккал деңгейінде калориялар тұтынуды қамтамасыз ететін өнімдердің атаулары бар, ол ДДҰ талаптарына сай келеді. Үйде тамақтану үшін негізгі азық-түліктерді сатып алуға жұмсалатын қаржы қаражаты шығындары халықтың барлық тұтынушылық шығындарының 50-55%-ін құрайды. Экономикалық дамыған еуропалық елдерде бұл көрсеткіш 20-25%-тен аспайды.
#Азықтүлік #қауіпсіздігі
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз