Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 4
І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ
0.1. Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік … … … … … … .6
0.2. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықытық мәртебесі … … … … ..11
0.3. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері және азаматтық хал актелірі…14
ІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ ТАНУ
2.1. Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың жалпы ұғымы … … … … … … … .1 7
2.2. Коммерциялық заңды тұлға … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 25
2.3. Коммерциялық емес заңды тұлғалар … … … … … … … … … … … … … … … … 55
2.4. Заңды тұлғалардың құрылуы, қайта құрылуы және токтатылуы … … … … .59
III-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС — АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ
3.1. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық құқық субъектілінің ерекшеліктері … … … … … … … … … … … … … … … … .69
3.2. Мемлекеттің азаматтық айналымға қатысу нысандары … … … … … …73
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … .80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … … …83
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде жеке адамдар мен заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды түлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеліп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі — жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Экономиканың құлдырауына жол бермейтін, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді дамуына жағдай жасап, мемлекет экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға байланысты; халықтың денсаулығын сақтау мен мәдениетінің өркендеуіне ықылас көрсететін ұйымдарды ашуға дүние жүзінде ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі кезде азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тұтыну кооперативі, партия, қор атты сөздер жиі қолданыс табуда. Ал, осы сөздердің мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсатына жету үшін алдыма мынандай мақсаттарды қойдым: Азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлға ұғымын ашу, оның әрекет қабілеттілігін және құқық қабілеттілігінің мәнін ұғыну, заңды тұлғаны құру, тіркеу, қайта тіркеу тәртібін саралау және заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысандарын анықтау. Заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысанын ашу үшін мен заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырамын.
Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің деректеріне сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік — 24 603, жеке — 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен — 1253, 4375 — (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Азаматтқ құқықтың субъектісі жеке адам және мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — азаматтық құқықтаң субъектілеріжеке тұлға мен заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.
Кез келген мемлекеттің келешегі өзінің ұлттық тілін сақтап қалудан басталады. Шоқтығы биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.
Дипломдық жұмысты орындаудығы мақсатым:
Жеке тұлғалардың түсінігін беру;
Жеке тұлғаның құқықтық және әрекет қабілеттілігін ашу;
заңды тұлғалардың түсінігін беру;
заңды тұлғалардың түрлерін көрсете отырып, олардың құқықтық мәртебесін көрсету;
заңды тұлғалардың құрылу және тоқтатылу негіздерін көрсету болып табылады.
І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ
4.1. Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсы бір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлде біреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттіңде әлде біреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымына сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық кабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғанын екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъекті. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіп-орындар, коғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердін иелері болып табылады.[3.87]
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін зангерлер бұларды жеке тұлғалар және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, баска мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Занды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, баска мемлекет-тердін азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз :
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің І995-жылғы 1-маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және баска мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады.» Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтың құқық кабілеттілігі оған мемлекетінің занымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айкындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабы I І-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады. [41.3]
1. Құқық субьектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот .алдында жұрттың бәрі тең тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі занда бәріне бірдей және бірынғайлы құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық кабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шенберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (Мысалы: тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігініц теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтык құқық қабілеттілігінің тендік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы І-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.» Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың кылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларда:
1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн: біздің заң бойынша құқықты жою кашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз кандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады. [34.1]
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, зандық жауапкершіліктің мұндай шарасы онын жана автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды. [2.4]
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Аза — маттык кодекстін 14-бабында бүл мәселе былайша түжырым-далган: «Азаматтын Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, сонын ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; респуб — лика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумаңғына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі не — месе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнер табыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады».[23.11]
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі онын туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы. түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірак, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық сатдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт. аза — маттын денсаулығы және психикалық жағдайы онын құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардын әрекет кабілеттілігі дегеніміз, aзаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. [29.65]
Азаматтардын әрекет қабілеттілігі азаматтын құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтын құқық қабілеттілігі онын дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі кажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін калыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уакыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жаска толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтык кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі аза — маттың әрекет кабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінін өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. 18 жаска толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тін. І7-бабы, І-тармағы). Осы жаска толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы катысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.[11.5]
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінін әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтканда, занда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топка бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жаска дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет кабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар занда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге болуге болады:
өздерінің занды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
ата-анасынын (асырап алушының, қамкоршысының) рұксат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кэмелетке тол маганлар занды өкілдерінік келісімінсіз мынапарды істеуге:
1. өзінін. жалакысына, стипендиясы мен баска кірістеріне билік етуге;
2. интеллекті алдык меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4. банкке салым салуға және өзінің салымына онын ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жаска дейінгі кәмелетке толмағандар баскалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе корғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны зандарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы. І-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, зан — ды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәме — летке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жаска дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды етеуге оның жеткілікті мүлкі не — месе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады. [31.2]
14 жаска дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мамілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен корғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен катар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жас өспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатыпалуды жаткызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардын әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен корғаншылары жауап береді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарга салыну салдарынан өзінін отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнет ақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық жүйке ауруынан жазылып. арақты койып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот аркылы онын әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудін күшін жояды. Сот шешімінін негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.
4.1. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықытық мәртебесі
1. Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау кабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? — деген сұрақ туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Бұнын мәні мынада: қорғаншы озінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет енш ідей оты — рып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бакылауына алатындығында, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан қорғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесініц кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінін құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірак, сонда да әрекет кабілеттілігі толыкдеп танылатындарға да, камкоршы адам та-ғаііындалады. Мүндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамнын қамқоршысын корғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойыншы ғана тағайындауы мүмкін.[53.2]
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады («Неке және отбасы туралы» Занның 113-бабы).
2. Жергілікті аткарушы органдар қорғаншы және камкор — шы органдар болып табылады.
Аудандық жене қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы орган — дар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын баска да адамдардын басым құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір корғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындаған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардын тілегі ескеріле отырып тағайындалады. [50.12]
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, онын қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, онын жұбайының келісімі талап етіледі.
«Неке жене отбасы туралы» Заңның 108-бабында керсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар:
* сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;
* сот бойынша ата-ана құқыктарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
* кезінде заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
* егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;
* денсаулығынын жай-күйіне байланысты баланы тәрбие-леу женіндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Корғаншылык және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамнын тұрғылықты жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мүмкін.
Занда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық жене қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін аткарылады.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алы — нушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы жене баска да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы жене қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
Жас өспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған корғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішімдікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылық қамкорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді. Оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамнын мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде онын мүлкін басқарудан тусетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік ету кұкығы бар кірістерін қоспағанда, тек кана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорганшы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін белуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың калай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді. [9.14]
Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді коспағанда, қорғаншының (қамкоршының), олардың жұбайлары мен жакын туыстарының қам — қоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардын жа — кын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ («Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы).
Қорғаншы немесе қамкоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінін қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы максатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заң — мен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін. [1.42]
4.2. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері және азаматтық хал актелірі
Азаматтын құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа әкесінің
атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат кояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді
өздері келісіп шешеді. Некесіз туған балаға әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі.
Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлттык дәстүрді ескере отырып, балаға әкесінің не атасының атына жаздыруға мүмкіндік берілді. Баланың әкесінің аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, айталық қазақтар құжаттарда әкесінің атын көрсетпеуіне болады. Әрине, оның өзі ата-аналарының келісімі арқылы жүзеге асады. Аза — мат тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясы және әкесінің атын заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған «Қазақ ұлтының адамдарының фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешудің тәртібі туралы» Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері ездерінің ықтияры бойынша қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы мен әкесінің аттарының түбірін сақтай отырып өзгертуіне болатындығы айтылған. Әкесінің атынан кейін «ұлы» немесе «қызы» деп жынысына қарай жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы мен әкесінің атынын жазылуындағы өзгерістер азаматтың құқық субъектісін өзгерте алмайтындығы ескертілген Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары мен міндеттерін тоқтатса да, өзгерте алмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің каулысымен 1996 жылы 26-кыркүйекте кабылдаған Ережесімен айқындалады. [36.103]
Азаматтын жеке дербестігі есімімен қатар онын тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және баска да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар онын тұрғылықты жері азаматгық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал, өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай мерзімнен кешіктірілмей шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан, бораннан және т.б. кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жарпялауды үш жыл күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты ай күтіп, сосын өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер туралы арнайы ереже бар. Аталған тұлғалардын басқа мемлекеттің аумағында тұтқында болуы тәрізді мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық кодекстің 31-бабы 2-тармағында соғыс кимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшіні немесе өзге адамды соғыс кимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялау мүмкіндігі айтылған.
Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есеп-теледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тап — ты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошар — сыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін. Мысалы, азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып сол болған күн танылады.
Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім ту — ралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.
Осы айтылғандарға қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттын, шешімі күшіие енген соң азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына онын өлгені туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мұрагерлік ашылады. некесі бұзылып, асыраушысыз калған адамға зейнетақы төленеді. [55.96]
Азаматты өлді дел жариялау өлгені туралы нақты факті негізінде емес, жорамалға сәйкес жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 32-бабы өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды қарастырады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда, сот тиісті шешімінің күшін жояды.
Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып калған мүлкін кайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін кайтаруға онын тек мұрагері ғана емес, мұрагердін мүлік сыйлаған адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның занды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.
Өлді деп жарияланган азаматтың мүлкі ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті кайтаруға, ал оларда мүлік жоқ болған жағдайда, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған азаматтын тірі екендігін білгені дәлелденсе мүліктің құнын өтеуге міндетті.
Мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған адамның мүлікті иеліктен шығару кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құнын етеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады.
Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өтіп, сатылып кететін болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің құны төленетін күнгі нарықтық бағасы ескеріле отырып оны сатудан түскен сома кайтарылады.
Туу, кайтыс болу, неке кию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгер-ту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс.
Азаматтық хал актілерін тіркеуді Азаматтық хал актілеріи жазатын бөлімдер, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқару органдары жүргізеді. Жеткілікті негіздер болған жағдайда жеке мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда Азаматтық хал актілері жазбаларында өзгерістер, толыктырулар мен түзетулер енгізуді Азаматтық хал актілерін жаза — тын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардын арасында дау туған жағдайда Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі. [37.32]
Азаматгақ хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша Азаматгық хал актілерін жазатын орынға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Азаматгық хал актілерін Қазақстан Республикасының Азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Респуб — ликасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі.
Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
«Неке және отбасы туралы» заңның 169-бабына сәйкес Аза — маттық хал актілері жазбасының: 1) сот шешімінің негізінде; 2) мүдделі адамдардың арызы бойынша; 3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан Азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.
ІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ ТАНУ
2.1. Заңды тұлғалардың жалпы ұғымы
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілірінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген[2,56б]. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларда берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз [ 2, 25б.].
ҚР АК-тің 33-бабы субъектісі ретінде заңды тұлғаның келесі белгілерін бекітеді:
ұйымдық бірлік;
оқшау мүлік;
дербес мүліктік жауаптылық;
азаматтық айналымға өз атынан түсуі.
Азаматтық кодекс заңды тұлға ретінде коммерциялық не коммерциялық емес ұйымды бекітеді, Ұйым ретінде белгілі бір ережелерге бағынышты азаматтар ұжымы, тобы танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрамның бір ерікті білдірумен азаматтық айналымда біртұтас күйде қатысуын айтамыз. Бұрын қолданыста болған заң актілері бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның құрылуына жол бермейтін. Қазіргі Азаматтық кодекс бір қатысушысы ғана бар заңды тұлғаның қызмет етуіне мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрініс табады.
Оқшау мүлік-заңды тұлғаның негізгі белгісі және ол мүлікке заттық құқықтың болуымен айқындалады: меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы. Заңды тұлғаның мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. [47.21]
Дербес мүліктік жауаптылық оқшау мүлікпен негізделіп, заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі мүлікке жауап беретіндігінен байқалады. Аталған мүлікпен жауап беру үшін заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылар мүлкінен оқшауланған.
Жалпы тәртіпте сәйкес дербес мүліктік жауаптылық заңды тұлғаның борышы бойынша құрылтайшылардың жауаптылығын қарастырмайды. Сол сияқты заңды тұлға оның құрылтайшылары және қатысушыларының
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ, заң актілерімен және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшылар мен қатысушылардың жауаптылығы көзделуі мүмкін.
Заңды тұлғаның нақты осы белгісі АК-тің 44-бабында көрсетілген. Жалпы тәртіп бойынша заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, сонымен бірге мекеме, қазыналық кәсіпорын жоғарыда аталған бапқа сәйкес міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшаларымен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы, қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша ҚР-ның Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықты болады.
Азаматтық айналымға өз атынан түсуі заңды тұлғаның сотта талапкер және жауапкер болуға, өз атынан шарттар, бір жақты мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. АК-тің 33-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның өз атауы жазылғын мөрі болуы тиіс.
Жоғарыда аталып өткен белгіге сәйкес заңды тұлғалар азаматтық айналымға, мүліктік қатынастарға өз атынан қатысады. Яки, кез келген заңды тұлғаның заңға сай өз атауы болуы керек. Заңды тұлға атауы мен тұрған жері оны басқа ұйымдар тобынан жеке дараландырады.
Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардын бірыңғай мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Қазақстан Республикасында фирмалық атауды тіркеудің жеке процедурасы қарастырылмаған, сондықтан заңды тұлға әділет органдарында тіркеуген өткен сәтте, оның фирмалық атауы да қоса тіркеледі.
Жалпы заңды тұлғаның фирмалық атауында, оның ұйымдық-құқықтық нысаны (серіктестік, акционерлік қоғам, тағы басқалар), меншік нысаны (жеке, мемлекеттік), қызмет бағыты (сауда-саттық, ғылыми-зерттеулік және тағы басқалар) көрсетіледі. Заңды тұлғаның барлық атауларына заң белгілі бір талаптар қояды. Фирмалық атауда заң талаптарына немесе қоғамдық өнеге нормаларына қайшы сөздер (мысалы, қазақ немесе орыс тіліне аударғанда балағаттаушы естілетін шет тіліндегі сөздер); жеке адамдардың есімдері қаттысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді [2, 27 б.].
Азаматтық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөгде тұлғалардың фирмалық атауды пайдалануына тек фирмалық атаудың құқық иесінің
рұқсаты бойынша ақы төлеу арқылы жол беріледі. Бұл ретте кешенді кәсіпкерлік лицензия (фрачайзинг) шарты қолданылады. Осы шарт негізінде кешенді лицензияр кешенді лицензятқа сыйақыға фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін беруге міндеттенеді (АК-тің 896-бабының 1-тармағы) [3, 42б.]. Фирмалық атауды бөтен адамдардың пайдалануы заңсыз болған жағдайда, фирмалық атаудың құқық иесі атауды
пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын өтеуді талап етуге құқылы болып келеді.
Заңды тұлғалар атауларына заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарында арналған тақырыпта толығырақ тоқталып … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz