Автобус балабақшадағы ашық сабақтар

0

Тәрбиеші:  Раушан Кумаровна Достаева, Кентүбек ауылы, «Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Топ: 2-сәбилер тобы
Сабақ:  Жапсыру.
Тақырыбы:  Автобус.
Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, адамгершілікке ,әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: cұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: плакаттар, көлік түрлеріне суреттері, гараж. 
Сергіту сәті:          Арайлап таң атты,
                                Алтын сәуле таратты.
                                Жарқырайды қаламыз,
                                 Жайнай түссін даламыз,
                                 Қайырлы таң балалар.
Балалар:  — Сәлеметсіз бе , апай. 
Мотивациялық кезең:  -Балалар тыңдан даршы, бір дауыс шығады.  Есікті  ашып қарап, ой қараңдар , бізге қонақ келіпті .    Тәрбиеші:   «- Бұл кім »  
                                Балалар:  «- Бұл қуыршақ.»
Қуыршақтың тапсырмасын тәрбиеші балаларға оқып береді: «Бип-бип,  жолдан былай кет.» 
Екінші тапсырмасы: «Күні бойы көше бойлап, зырлайды, жолаушыға қызмет етіп тынбайды. » Жауабы: Автобус. 
Іздену кезеңі: Түрлі-түсті қағаздармен жапсырылған автобустын  суретін көрсетіп, қандай бөліктерден тұратын ы туралы айтып кету. Таза ұқыпты жапсыруға үйрету, қайшы  және желіммен абай болу керектігін айтып кету. 
Ойын: «Тапқыр»
Мақсаты:   Жылдамдылыққа, шапшандыққа, көлік түрлерін ажырата білу. 
Шарты: Әр жерде жатқан заттардын ішінен көлік түрлерін тауып гаражға әкеліп қою. 
Қорытынды кезеңі: Автобус, машина, ұшақ туралы тақпақтар оқу, өздеріне  керегін жаттап алу. 
Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып кету. Балаларды мадақтау, сабақта орындаған жұмыстарын бағалау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!