Астана-егемен Қазақстан астанасы слайд,презентация — Аралас
Астана-егемен Қазақстан астанасы слайд,презентация
І. Кіріспе
Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.
Астаның 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қол жеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі.
Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі,зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.
Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы
тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.
.
ІІ. Негізгі бөлім:
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы.
Қала — 1832 жылы құрылды.
1961 жылға дейін – Акмола қаласы (г. Акмолинс).
1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы.
1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы.
1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін — Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан.
Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады.
Географиялық мәліметтер:
Қала алаңы: 72,2 мың г.,соның ішінде: Алматы ауданы -21,4 мың г., Сарыарқа ауданы -19,6 мың г., Есіл ауданы -31,2 мың. г.
Ауа-райы: тез-құбылмалы, ыстық жаз және аязды ұзақ қыс.
Географиялық мәліметтер: 51 градус 10 минут солтүстік ендік, 71 градус 30 минут шығыс бойлық.
Жергілікті уақыты: Астана қаласы 5-сағаттық белдеуде орналасқан. Жергілікті уақыт нольдік меридианға қатысты GMT+06.00 деп есептеледі.