Ашық тәрбие сағаты «Бала құқығы-асыл қазына» 3-сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық тәрбие сағаты «Бала құқығы-асыл қазына» 3-сынып

Автор: Құдайбергенова Эльмира Әбдіманапқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

Бала құқығы жайында оқушылармен бірлесе өткізілген ашық тәрбие сағаты. Өзім секілді бастауыш сынып мұғалімдеріне керек дүние деп білемін.




Тақырыбы: «Бала құқығы –асыл қазына»Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, бала құқығы  туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға,  тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.Сабақтың барысы: І. Кіріспе.Біз қандай планетада өмір сүреміз?Жер планетасы Біз қандай мемлекетте тұрамыз?Қазақстан Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?Қазақтар Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қала?Астана .Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүредіСен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Конвенция дегеніміз ол- бала құқығы туралы келісім шартҚұқық деген -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.Ол 98бапты біріктіріп,9бөлімнен тұрады.2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.«Сандар сөйлейді.1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.10-желтоқсан — Адам құқығы күні.10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.2002 жылы 8-тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»заң қабылданды«Біз неге құқылымыз?»  Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар. Ата-аналарымен бірге өмір сүруге әркімнің өмір сүруге құқығы бар Тегін ауруханада емделуге Балабақшаға келуге Тегін білім алуға Демалуға Еркін ойнауға Еркін өз ойын толық жеткізуге Өз тілінде сөйлеуге-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар.Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру. ЖұмбақОқушы болсаң жақсы, жылдам зерек, ӘйгерімОндайлар отаныма өте керек.Тәуке хан жазған екен заң жинағын,Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.(Жеті жарғы)Мерекең құтты болсын ұстаздарым, ИбрагимОқушы, келім – кетті бар достарым.Тәуелсіздік заңының қабылданған,Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.(1991 жыл)Еліме білім керек, ғылым керек, МағжанЖазған жөн стратегиялық мақсат қылып.Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,Жазған екен болашаққа көзін тігіп.(Қазақстан – 2030)Жақсы ел шығарып заң игілікті, ШапағатДепутат заң шығарып билік қыпты.Парламент палатасы нешеу екен,Таба алсаң бұл жауапты игі екен.(екі) Отан дейміз от жаққан жерімізді ҚарақатОтан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман-тоғай елімізді.Мадияр: Шалдықпадым талмадымАрманды алға жалғадымКонституция қорғанымАтасы ол бар заңныңБақдәулет: Ғұрпымыз бар ел сенгенДәстүрлері – ең ізгіӘділдікпен өлшенгенЗаңымыз бар негізгіГүлбану: Бас иетін бар адамӘрбір сөзі салмақтыҚорғар бәле – жаладанАта Заң бұл ардақтыРахат: Алтын заңым қорғайдыБар адамның теңдігінӘділетті қолдайдыАрқа тұтып, ел бүгін ІІ.Ата Заңым-асыл қазынам.Халықтың ақ тілегі ДиасІзгіліктің бастауыАта заң бұл киеліЕліміздің бас заңыТүзелегн өн бойындаӘділдіктің ақ жолынНұр боп жансын жолындаСамға біліп алда оны!14-бап.Заң алдында жұрттың бәрі тең. Қ.Аружан Бұл заңда жеңіс даңқымызСалтанат құрған салтымызСүйініш, қамқор қорғаушыСүйеді заңын халқымыз13-бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.Әділ заң еңбек желісін АидаБағалар ерлер жеңісінАдамның еркін айқындапҚызмет етер ел үшін.2-бап.Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Б.АружанШықты тарап ой данаданБері қарады жұлдыз бетіӨзі қалап сайлап алғанЕлімнің бар ПрезидентіОл- Нұрсұлтан НазарбаевТу ,Елтаңба,Әнұран және Астан жайында оқушылардың ізденісі75-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. ИбрагимШыр етіп жерге түскендеЖұтқаным ауа таза лепЖер-Ана сенің қойныңдаӨмір сүремін керемет5-бап.Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ! ҚарақатШындығымның шырайыБақытымның күн, айыҚамқор болып бөбеккеҚолын созған ұдайыКөрініс.Асық ойнаған балалар.12-бап.Біреудің атына кір келтіруге тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.Ғұрпымыз бар ел сенген ДиасДәстүрлері ең ізгіӘділдікпен өлшенгенЗаңымыз ел сенгенҚорғар бәле –жаладанАта заң бұл ардақты!Көрініс.19-бап.Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар. ӘйгерімАна тілің арың бұлҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте!27-бап.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. МағжанТәртіпті егер болсаң сен,Жақсы көрер ұстазыңАта-анаңмен мектебіңӨнеге болар ұстамың.29-бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. ГүлбануАта заңым шаттығымды қорғайдыПәктігімді қолдайдыАр атынан айтқан соңДенсаулықты ойлайды.30-бап. Азаматтардың тегін, орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар. АидаКітапты алып қолыңаБіліммен енді достастыңЖаз бойы күнде ойнағанАлаңмен бүгін қоштастыңЕңбек ет еркін жүр дегенАсыр сап ойнап күл дегенАта заңым меніңҚорғаған аспан күнімдіҚорғаған бостандығымдыАта заңым менің!Көрініс.Құқығым бар24-бап.Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар. Рахат Еңбексіз адам гүлдемесБілімсіз адам түк емесЕңбек пен білім ұштассаТынығарсың бір белес.Бақдәулет 21-бапӘйгерім 20-бапШапағат.4-бапМадияр. 10-бапІІІ. «Бәріміз бірге!» ойыны 1. Біздің мемлекет – ҚР.2. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.3. Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.4. Елорда – Астана.5. ҚР кім басқарады? – Президент. 6.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам). 7.Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991ж8. Астана қаласының бұрыңғы атауы?-Целиноград,Ақмола9.Еліміздің төл мерекелерін ата-Тәуелсіздік күні,Конституция күні10.Президент күнін ата.-1-желтоқсан11.Адамға не қымбат?-өмір12.Әр адамның жеке басын куәландыратын қандай құжат?- төл құжат13.Соттар үкім шығарғанда неге бағынады?-заңға14.Конституция күнін ата.-30тамыз.

«Тәртіп орнат» Сәйкестендіру1. Құқық ——————————————А – Еліміздің негізгі заңы.2. Конституция ———————————Б – Мемлекет басшысы5. Құқық бұзушылық ————————-Д – Заңдар жүйесі6. Президент ————————————Е – Заң шығарушы орган7. Парламент ————————————Ж – Заң жүйесін бұзу8. Егемендік ————————————— Г – ТәуелсіздікІVқушы міндеттерімен таныс болайық.ГүлбануОқушылар басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу олардың өмірімен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешеуге міндетті.МағжанМектеп сыныпта сабырлықты, тыныштықты сақтауға міндетті.ӘйгерімМектеп жарлығына сәйкес жағдайда мектеп қызметкерлері мен кезекші оқушылардың айтқанын орындау мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер қауіпсіздік техникасын және тазалықты сақтауға міндетті.ИбрагимТемекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы сабырлы киімін таза ұстау өз-өзіне қарауға міндетті.V. Ұлылырдан қалған асыл сөзЖер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.(385-хадис Мұхаммед Пайғамбар)Қазақ халқы ең-бейбіт халықтардың бірі (Ш. Уәлиханов)Заң мемлекеттердің тоғыз қабат тор көзді сауыты(Шерхан Мыртаза)Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа жетеміз.(Нұрсұлтан Назарбаев)Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығы)Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,он үштен ары сырласыңдай сыйла.Балам бол басқа бол бәріңе заң біреу-ақ. (Жүсіп Баласағұн)VI.Қорытынды Б.Момышұлы айтқандай, «Азамат жолы-ар жолы» ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болып өсе берейік. Қ-азақҰ-лтыҚ-айырымдылықтыЫ-ымырашылдықтыҚ-олдайды. Әнұранмен аяқтауИманов атындағы жалпы орта мектебі

Тақырыбы: «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АСЫЛ ҚАЗЫНА»Сыныбы: 4Жетекшісі: Құдайбергенова.Э

20014-2015оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.