Ашық сабақ технология, киім және оған қойылатын талаптар

0

Тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар
Мақсаты: а) білімділік: оқушыларды киімге, маталарға, бұйымдарға қойылатын талаптармен таныстыру, киімді күтіп, тазалауды айтып, түсіндіру;
ә) дамытушылық: Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.
б) тәрбиелілік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
Сабақ түрі: түсіндірме
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі: СТО әдістері
Көрнекілігі: плакат, слайд, киімдер
Пәнаралық байланыс: химия,
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
-«Кім жылдам?» ойыны
Ұяшықтарға сұрақтар жасыру
10 10 10
20 20 20
30 30 30
1. Машинада дұрыс отыру тәсілі (арқаны тік ұстап машина мен адам арасы 30см болу керек) 10
2. Машина инесінің қызметі қандай? (негізгі қызметі тігіс тігу) 10 3. Тігін машиналарының неше түрі бар? (қол жетекті, аяқ жетекті, электр жетекті) 10
4. Машина тігістерінің түрлері? (жапсырмалы, бастырмалы және шет тігіс) 20
5. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? (1755ж неміс Карл Вейзентель, 1834ж американдық Уолтер Хант) 30
6. Электрлі машина жұмысын аяқтау үшін қандай операциялар орындалады? (инесін төмен түсіру, табанын төмен түсіру, тоқ көзінен ажырату) 20
7. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды? (астыңғы және үстіңгі жіптерін сабақтау, машина жанын артық заттардан тазарту, машинаны тоқ көзіне қосу) 30
8. Жалпы тігін машиналарының аттарын ата. (чайка, джаноме, сингер, зингер т. б) 30
9. Машинаның жақсы жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі…(иненің дұрыс орнатылуы) 20
Осы сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу

3. Жаңа сабақ
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің қажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз