Ашық сабақ «Отбасының жылуы» 6 сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық сабақ «Отбасының жылуы» 6 сынып

Автор: Сулейменова Нұршат Исмайлқызы

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-23


Материал туралы қысқаша түсінік

6 сынып өзін өзі тану пәніне «Отбасының жылуы» сабақ жоспары




Тексерілді_______________Пән: Өзінөзі тануКүні_______________ Мұғалімі_________________________Сыныбы: 6 «Е»ТақырыбыОтбасының жылуыҚұндылығыСүйіспеншелікҚасиеттері:Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға отбасылық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікқұндылығының мәнін ашу
Міндеттері:Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу. Ресурстар:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.5 Т – ережесі:Тәртіп.Талап.Тыныштық. Тазалық. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік Балаларды 5Т – ережесі бойынша топқа бөлу
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу.Тыныштық сәті. Тыныштық сәті: музыка ырғағымен «Нұрға бөлену»Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады
2. Үй тапсырмасын тексеру. №17, «Ата — анам ізгі адамдар» мәтінін оқып келу.Сұрақтар:Ата – ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндірді?Ата – ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер.Автор қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыңдар?Атаана мен Отан алдыңдағы парызды қалай түсінесіңдер?Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді?Үй тапсырмасын түйіндеу мақсатында «пазл» әдісі Оқушылардың үй тапсырмасына дайындалып келгенін пысықтау үшін сұрақ – жауап қойылады. Бір – бірімен пікір алмасады, өз ойларын жеткізеді.

Конверт таратылады. Суреттерді құрастырып өз ойларын айтады. (пазл құрастыру)

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?«Үйінде бақытты адам – әлемде бақытты адам» Л. ТолстойАнаның көңілі ………,Баланың көңілі ……….Баланың бас ұстазы — ……….Ата-ананың ………Балалы болғанда………;Әкесіне қарап……..,Шешесіне қарап қызын ………Әкесіне тартып .. ……..,Шешесіне қарап …. ………Атаананың …….,Ұрпақтың өмірлік …….Ақ шашты ана:«Жастығым — ….» дейді.Ақылды бала:«Ай-күнім —….» дейді.Ана алдында — ….,Ата алдында — …….Ананың сүті—…..,Баланың тілі — …….Ананың ойы…..,Баланың ойы ……… Мақал – мәтелдер сұрау.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып мақалдың мағынасын ашу, талқылау

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)Асығыс үкім.Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: – Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім… Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»Сұрақтар:Осы әңгімедегі әкенің әрекеті дұрыс болды ма?Себебін түсіндір.Баланың осындай әрекетке баруына не себеп болды?Өздерің өзгелерге жаңашырлық танытасыңдар ма?Жақындарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетесіңдер?Әңгімеден не түсіндіңіздер?
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Әр топқа мақал – мәтелдер таратылады. Мағынасын түсіндіреді
Топпен ән айту.Қайрат НұртасОй ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс,Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге   [Қайырмасы:]    Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,    Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.    Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,    Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.  Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,    Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.    Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,    Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.   Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.Жастайымнан еркелетіп өсірген,Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!   
7. Үй тапсырмасы.1. №18 – сабақ. Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау.2. Келесі сабақ. №18, «Менің анам» мәтінін оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.