Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ Бауыржан Момышұлы 2 сынып
Автор: Елтай Нағима Әлсеитқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-20
Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сыныпқа оқыту мамандығының студенттері үшін қажетті және осы материалға қарап отырып басқада сабақ жоспарын құруға мысал ретінде пайдалануына болады.
Сабақтың тақырыбы: «Бауыржан Момышұлы батыр тұлға»Сабақтын мақсаты: Б.Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру;Тәрбиелілі: Жас ұрпақты елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу;Дамытушылығы: оқушылардың, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;Көрнекілік: плакаттар, нақыл сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, видеоролик.Сабақтың барысы:І – жүргізуші: — Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Сіздерді халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолына, отаншыл әрекетіне арналған тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.Оқушы: Ұмытылмас сол күндер жалындаған, Ұзақ түндер көз ілмей ұйқы ұрлаған,Ажалменен сан мәрте арпалысып,Жүрек бомба келген кез жарылмаған. ІІ – жүргізуші: Майдандағы наркескеннің бірісің, Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің.Халқыңменен біргесің сен, жан ата, Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің!Ән: «Бауыржан ата» орындайтын Айсәуле.Слайд: «Бауыржан ата өмірбаяны»1— оқушы: 1910 жылы 24 желтоқсанда Мыңбұлақтың басында, асқаралы таудың бөктерінде желмен ырғала сыбдырлап ән салған қарағайлы, қызғалдақты өлкенің баурайында қазақ халқының бірегей батыр ұлы дүниеге келген екен.2 — оқушы: Атасы Имаш «Өмірге ұл келді!» деп сүйіншілеп, жан – жаққа кісі шаптырыпты. Туған туыстары да қуаныпты. Шілдехана жасапты, ол тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атасы ел қарияларынан алақан жайып бата сұраған екен. Сонда қариялар «Төл немерең ғой, бата беру жолы өзіңдікі» депті.3 – оқушы: «Имаш ата батасы»Алатаудың қыраны мол еді, — Қырағы болсын құлыным!Қойнауы суға толы еді, — Бұлағы болсын құлыным!Бұл жер батырлар төрі еді, — Сыңары болсын құлыным! Әумин! – деген екен.4 – оқушы: Тәрбиелеп баптаған түлегіңді.Туған елім тілеймін тілегіңдіСаған қарай садағын кім кезесе Қалқан етіп тосамын жүрегімді, — деп Асан қайғы бабамыз аңсаған, Қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалының Мыңбұлақ аймағында дүниеге келген батыр сын сағатта Отанды жаудан қорғау үшін сапқа тұрды. Бұл 1941 жыл еді.5 – оқушы:Ел аузында аңыз болған есіміАтқан оқтай айтқан сөзі кесіміЕрге лайық мінегі оның найзағайАқ боз атпен қол басы боп көсілді.Қалт еткенде естеліктер қалдырыпҚоршау бұзған жауды естен тандырып,Ер Бауыржан ата есімі рух берген Жүректерде жігер отын жандырыпҚызу қанды командир ол намыстыЖауға қарсы жан аямай алыстыҰмытпаймыз қаҺарманы халықтың Батыр ата Бауыржандай арысты.Видеоролик: «Бауыржан ата дауысы»6 – оқушы: Бауыржан ата 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасап 2 рет ауыр жарақаттанған.7 – оқушы: Б.Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ. Сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген.Ән: «Жауынгерлер жыры» хор8 – оқушы: Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғары әскери академияны бітіріп сонда ұстаздық еткен кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.І жүргізуші: Б. Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп: солардың бірегейін айтсақ «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» «Майдандас достарым».ІІ – жүргізуші: Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады. Оның «Біздің отбасы», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.І – жүргізуші: Б.Момышұлы қаламынан шыққан мақал – мәтел сөздерге назар салсақ:
Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады
Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды,
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын
Жұрт үшін аянба жігіттігіңе сын
Тәртіпке бас иген құл болмайды
Елсіз ер болмайды
Ерсіз ел болмайды
Тізе бүгіп тірі жүргеннен
Тіке тұрып өлген артық
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше
Шындықтың уын ішіп өлген артық
Ердің туы намыс
Опасызда отан жоқ
Ана үшін аянба – ант ұрады
Бала үшін аянба – бетің күйеді
Сен жаудан қашсаң өмір сенен қашады.
Би: «Шекарашылар»ІІ – жүргізіші:Б. Момышұлы жайында өлең дастандар да естелік мақалалар да, кітаптар да көп. Олар: Александр Бектің «Арпалыс», Әзілхан Нұршайықовтң «Ақиқат пен аңыз» келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», ұлы Бақытжан Момышұлының «Жанымның жарық жұлдызы» 9 – оқушы: Жаралғандай намыстанЖайсаң батыр БауыржанЕстігенде есімінЖау есінен жаңылғанБұзып жарып қоршаудыЖолсыз жерден жол салды Достар түгіл ерлігін Қасы да естіп тамсанды.10 – оқушы:Атыңды аңыз ән қылып,Жырлайды алыс жақыныңҰмытпайды мәңгілікХалық нағыз батырынІІ – жүргізуші: — Сен білесің бе Бауыржан атамыздың игерген өнерлері де көп. Атап өтсек:
Құралайды көзге атқан мерген
Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен
Ат құлағында ойнайтын шабандозшылығымен, атбегілігімен аты шыққан
Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді тәрбиелеуде өте озық тәжірибеде қолданған.
Кітабы әлемге таралған жазушы
Көпшілікке белгісіздеу өнері суретшілік
Бильярд ойынының шебері
Сөзге шешен әрі тапқыр
Мұғалім: Иә, балалар бүгінгі тәрбие сабағымызда Б.Момышұлын жан – жақты таныдық. Рас, Б. Момышұлы атамыз – жау жүрек батыр да қолбасшыда, қаламгерде. Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы таныды. Ол қаһарман қайсар тұлға және от тілді, орақ ауызды әрі батыр, әрі ақын тұлғалардың жалғасы. Осындай батыр ағалардың жасаған ерлігіне біз мәңгі бас иеміз, рухына тағзым етеміз, бүгінгі бақытты бейбіт күнімізге тәубе дейміз.Хор: «Қазақстан ұландары»